ОБЛЫСТА ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ ДЕН ҚОЯДЫ

Мемлекет басшысы айтқандай, ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделуге тиіс, бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Елімізде ғылымды дамытуға 2023-2025 жылдарға 3 млрд теңге бөлінсе, 2024-2026 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, үш есе көп қаржыландыру жүзеге аспақшы. Сонымен қатар, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған жобаларға бөлінетін қаражат сомасы бірнеше есе артқанын білеміз.

Осы орайда 30 жылдық тарихы бар Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – қоғамға пайдалы болу миссиясын өте жоғарғы орынға қойып, сол бағытта көп жұмыс істеп жатыр. Біз Түркістан облысы, Қазақстан және күллі Түркі әлемі үшін қандай пайдалы жобалар жасай аламыз деген сұраққа үнемі жауап іздейміз. Осы мақсатта, былтырғы жылы университетіміздің 30 жылдығына арналған үлкен 30 жоба іске асты, ол жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Әрине университеттің инфраструктурасы да біршама өзгерді. Осы жұмыстардың барлығы өзімен өзі жасалып жатқан жоқ, жоғарыда айтылып кеткен Университетіміздің даму стратегиясы аясында орындалуда. Жүзеге асырылған жобалардың ішінен біреуін ғана атап өтейін. Мәселен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (ТИКА) бірлесіп, «Анажұрттан – Атажұртқа денсаулық көпірі» атты ауқымды жоба жүзеге асырылды. Аталған жоба аясында университет емханасына Түркия Республикасынан 1 321 000 АҚШ доллары сомасына дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар түріндегі гуманитарлық көмек келді. Сонымен қатар, осы жоба аясында 2021 жылы университетте жалпы құны 160 мың АҚШ доллары шамасында екі жаңа зертхана (микробиология мен анатомия) іске қосылды және клиникамызға құны 90 мың АҚШ доллары болатын 290 бірлік заманауи медициналық құрал-жабдықтар әкелінді. Ал 2022 жылы Түркиядан педиатрия, генетика, оториноларингология, урология, кардиология, эндокринология, жұқпалы аурулар, травматология және ортопедия салалары бойынша танымал 30 медицина профессоры келіп, университеттің медицина факультеті мен клиникасында мастер-кластар мен семинарлар жүргізді, Түркістан облысы бойынша науқастарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, ота жасады. Сонымен қатар университет клиникасының 27 дәрігері мен оқытушысы Түркияның жетекші университеттерінің клиникаларында (Medipol, Gazi, Marmara, İstinye, Cerrahpaşa) біліктілігін арттырып келді. Биыл Түркістан облысының тұрғындарына ауқымды медициналық қызмет көрсету үшін Түркиядан жоғары санатты 45 дәрігер келеді деп жоспарланып отыр.

ХҚТУ-дің  88 гектарлық жерді алып жатқан керемет Ботаникалық бағы бар екені көпшілікке мәлім. Мұндай бақ отандық ЖОО ішінде тек қана Түркістандағы ХҰТУ-де ғана бар. Ботаника бағының базасында көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары, бірнеше коммерцияландыру жобасы жүзеге асырылды. Ал үшінші бағыт экологияны қолға алудағы басты мақсат – Түркістан өңірінде экологиялық жағынан шешілуі тиіс мәселелер жетерлік. Сол себептен университет шетте қалмай өз үлесін қосуы керек. Университетіміздегі Экология институты осы сала бойынша өңірде біршама жұмыстарды атқарып, маңызды экологиялық мәселелерді көтеріп жүрген ғалымдарымыздың инициативалары пайдалы болады деп сенеміз. Жаңа орталықты құру инновациялық білім беруді қалыптастыруға ықпал етумен қатар, қолға алынып жатқан медициналық, биотехнологиялық және экологиялық ғылым мен практика саласындағы әлемдік жетістіктерді ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Жобаны қаржыландыру мөлшеріне келетін болсақ, өкімет тарапынан үш жылға жалпы 4 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылған.

Даму стратегиясы білім беру, зерттеулер, адами ресурстар, қоғамдық қызметтер көрсету және ЖОО инфрақұрылымы сапасының халықаралық стандарттар мен регламенттерге сәйкес болуына бағытталған. Біздің күш- жігеріміз оқу-ғылыми инфрақұрылымды, биотехнологиялық және медициналық бағыттар бойынша кластерді, сондай-ақ кадрлар даярлаудың педагогикалық бағыттарын дамытуға бағытталатын болады.

Медициналық бағыттар бойынша: оқу-зертханалық базаны, генетика, микробиология, биохимия, биофизика, симуляциялық модульдер зертханаларын жақсарту, сондай-ақ Түркістан облысының клиникалық базасын кеңейту. Бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға мүмкіндік береді.

IT және электр энергетикасы бағыттары бойынша: Кентау қаласында зертханалық базаны одан әрі дамыту, тиісті жабдықтарды, компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, электр энергетикасы, телемеханика, автоматика, радиотехника, жалпы физика, гидротехника жөніндегі зертханаларды сатып алу. Біздің міндетіміз — Кентау қаласында индустриялық- инновациялық аймақ базасында IT кластер құру жоспарлануда.

Университеттің заманауи инфрақұрылымы жаңа жобаларды дамытуға бағытталған зертханалар мен аудиторияларды материалдық-техникалық жабдықтауды, ақпараттық-ресурстық орталықтарды, «openspace» (ашық) офистерін қамтиды. Дәл осындай жабдықталған сандық платформа және Е- университет, SMART кампус білім алушыларға, қызметкерлер мен оқытушыларға қойылған міндеттерді барынша кәсіби түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде Түркістанның барлық түркі халықтары үшін қастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт екенін атап өтті. «Бабаларымыз осы өңірде ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден діни білім алып, түркі-ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі. Біздің мақсатымыз – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол себепті, бүгінгі саммит «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» деп аталып отыр»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қожа Ахмет Ясауи есімін иеленген университеттің басты  мақсаты –Түркістанның әлеуетін, экономикасын, саяси-рухани жағдайын, мәдени-ағарту процесінің тарихи рөлін арттыруға және оны дамытуға үлес қосу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *