ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАНҰЯ» ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЫЛЫ ҰЯСЫНА АЙНАЛУДА

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастағанын, адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар бергенін негізге алды. Ел ағалары бір ауыз сөзбен елді басқарып отырғанын тілге тиек етіп, қартардың қоғамдағы рөлі айрықша екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі  2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы,  № 47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарын ашу тапсырылған болатын.

Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік меншігіндегі 21 жылы 13 желтоқсан күні №2224 Түркістан қаласы  әкімдігімен қаулы негізінде Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты 2022 жылы  «Белсенді ұзақ өмір» орталығы  ашылған болатын.           Ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Белсенді ұзақ өмір» орталығының мақсаты зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту. Орталық аға буын өкілдерін қоғамның мәдени өміріне тарта отырып, оларды қолдау, дене шынықтыру мен спортқа, қызықты сабақтарға және ерікті қызметке тарту мақсатында жұмыс жасайды. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Гүлжамал Даханованың айтуынша, жобаның мақсаты – қарт адамдардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік-медициналық көмек көрсету және оларды белсенді шығармашылық жұмыспен айналысып, оларды қоғамдық өмірге тарту. Мекеме негізі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші ол –  «Белсенді ұзақ өмір» орталығы болса, екіншісі «Тең қоғам» деп аталады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында ашлыған болатын. Үшінші бөлім – «Қамқорлық» деп аталады. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға, осал топтағыларға қызмет көрсететін орталық.

Қай кезеңде болмасын адамдарды өздері өмір сүріп жатқан қоғамның қалай дамып жатқаны және оны қалай өзгертуге болатындығы алаңдатады. Әр ұрпақ қоғамдық дамудың өзіндік нұсқасын алға тартты. Осы тұрғыда қоғам қаһарманы ретінде «әлеуметтік сала өкілі» көмекке келеді. Олар көмекке мұқтаж адамға демеу болып қана қоймай, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосатын қозғаушы күш. Біздің ел зайырлы, әлеуметтік мемлекет ре­тіндегі оның қымбат қазынасы «адам» екені белгілі. Сондықтан соңғы жылдары елімізде әлеуметтік салаға ай­рықша көңіл бөлінгенін байқаймыз. Осы тұрғыда, мемлекет көмегіне мұқтаж әрбір жанға қамқорлық шаралары қарастырылған.

Рухани шаһарда соңғы 5 жылда бірнеше әлеуметтік орталық пайдалануға берілген. Олардың қатарында, «Қамқорлық жанұя орталығы» бар. Аталған орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы, толық емес, аз қамтылған, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына қызмет көрсетеді. Жаңадан ашылған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, барып қайтқан болатынбыз. Орталықтың негізгі мақсаты – көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың ынтасын арттырып, қаржылық жағдайын түзету екен.

Бүгінде орталық төрт арнайы бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар кеңсе, қадам, нәтиже және қолдау. Мысалы «Кеңсе» бағыты – əлеуметтік қызметтің бір терезе қағидасы арқылы жүзеге асуы, нақтырақ айтқанда, əлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек беру, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу жəне өзге ерекше-ліктеріне қарамастан өз кəсібін ашуда-ғы құжаттар бойынша кедергілерді жо-юға негізделген. Ал «Қадам» – өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, аз қамтылған, ерекше бала тəрбиелеп отырған отбасыларға жəне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кешенді кеңес беру және қызығушылығын анықтау арқылы тегін қысқа мерзімді курстарда оқытуға бағытталған. Осы екі бағыт бойынша еңсесін тіктеп, өз жолын қалыптастырып үлгерген орталық түлектерін одан әрі бақылап, хабардар болып отыруға «Нәтиже» бағыты қарастырылған. «Қолдау» атауы айтып тұрғандай, өмірлік ұстанымдарды бі-ріктіре отырып, қоғамдағы осал топ өкілдері мен қайрымдылыққа мұқтаж жандарға көмек көрсетуге негізделген. Орталық басшысы Жібек Әшірханова-ның айтуынша, аз уақыт болса да орта-лық қызметі межелі көрсеткішті жақсы орындап, бірнеше анаға жол көрсетіп үлгерген.

«Біздің мекеме Түркістан қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар бөліміне» тікелей қарайды. Сондықтан орталық міндетті аналарға бейімделуді үйретіп қана қоймай, ары қарай табыс тауып, белгілі бір кәсіп иесі атануға жәрдемдесу болып табы-лады. Мәселен, осы уақытқа дейін 1270 ана орталыққа жүгінген, ал оның ішін-де 207-сі оқыту курстарын аяқтаса, 140 анаға белгілі кәсіптік бағдарды игерге-ні үшін арнайы сертификаттар табыс-талды. Жасыратыны жоқ, орталық ашылғанда бастапқы бір ай сұраныс аз болды. Бірақ қала ішінде біршама таны-лып, белгілі статус алғаннан соң сұра-ныс арта түсті. Бастапқыда аналар тек есіктен сығалап, бір шолып кетіп қала-тын еді. Ал қазір орталыққа кіріп, таны-сып, курстар жайлы ақпарат алып, қызығушылық танытатын болды. Қала ішінде дәл қазір аса қатты танымал бол-масақ та, болашақта орталықтан қанат-танған табысты аналардың көбейеті-ніне сенімдімін. Себебі біздің орталық-тың мақсаты әйелдердің қаржылық сау-атын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Әрине, орталықта арнайы психология-лық көмек көрсету бағыты да толық қамтылған. Алайда дәл қазіргі уақытта біз акцентті қаржылық сауаттылыққа қойып отырмыз. Оның себебін былай түсіндіріп көрейін. Түркістандық әйел-дердің көбісі тағдырлас. Мен оны орта-лыққа жүгінген әрбір екінші ананың мәселесімен танысып, негізін анықтау барысында аңғардым. Несін жасыра-мыз, бүгінде әлеуметтік мәселе тек мо-ральды бағытта емес, материалды тең-сіздік салдарынан туындауда. Біздің орталықтың ең ұтымды тұсы – қинал-ған әйелге моральды тұрғыда көмек бе-ріп, әрі қарай өмірден өз орнын тауып, толық қалыптасуы үшін кәсіп иесі атануға сеп бола алатыны» — дейді орталық басшысы.

Бүгінде орталық 11 бағыт бойынша оқыту курстарын өткізуде. Дәл қазіргі таңда 98 ана білім алып жатса, одан алдын 207 әйел жалпы оқу курстарынан толық өткен. Ал орталық басшысының айтуынша кәсіптік курстан өткен әйелдердің барлығы оқу біткен соң арнайы тест тапсырады екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *