Қала әкімшілігінің алдына қойылған міндеттердің бастыларының қатарына тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту, кәріздік жүйені жаңғырту және жол сапасын жақсарту болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан қаласында 41528 абонент ішінде ауыз сумен 41100 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек және Мырғалымсай су жинау резервуарларына 72 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде.
2023 жылы 4 нысанның құрылысын (Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы ж/е Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар, Яссы Шауғар – 10 178 абонент) аяқтау жоспарланды. Жоба құны 5 323,8 млн.теңге.Нәтижесінде, жыл қорытындысымен қалалықтарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделуде.
Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе 12297 абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі — 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 км құрайды. Түркістан қаласында — 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12 297 ішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы іске қосылған. Сарқынды су тазалау абоненті сарқынды су желісіне қосылған – 32,2 % құрайды. Оның ғимараты тәулігіне 4,5 — 5 мың куб кәріз суын тазартуда.
Сарқынды су тазалау ғимаратында биотазалау ғимаратын толық жұмыс атқару үшін тәулігіне кемінде 10 мың куб кәріз суы келуі қажет. 10 мың куб су тазалау ғимаратына кәріз суының келмеу себебі қала аумағы кварталішілік абоненттік желімен қамтамасыз етілмеген. Жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар. Осыған орай, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 14 жобаны іске асыру көзделген.
Қазіргі таңда, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Ал 5 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95%, ал 2023 жылдың соңына дейін 36,3% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.
2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырымға жетіп 37,4 % құраған болатын.
2023 жылдың (2024 жылға өтпелі жобалар)қорытындысымен 845 шақырым құрайтын жолдың 399,2 (47,2%) асфальт жол, 445,8 (52,8%) шақырым құрайтын жолдары бар.
2024 жылдың қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп, қаладағы асфальт жолдарды 499,5 шақырымға жеткізу жоспарлануда.Аталған межеге жеткізу мақсатында, қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда, 2 көпір салынуда және сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 115,6 шқ құрайтын 129 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 700-ден астам көше түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілген. Осылайша қаланың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады. Биыл 230 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.
Қала аумағында жалпы 458 аялдама қажеттілік бар болса, бүгінгі таңға 276 аялдама жаңартылып орнатылған, қосымша қажетті 182 аялдама кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Облыс орталығында қазіргі кезде 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оның 16-сы «Жолаушы» ЖШС-і, 6 бағыты – «ТехПрофАвто» ЖШС-і. 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобуспен қызмет көрсетеді. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда.Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 757 көшесі түңгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіліп, қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады.
2024 жылы 230 көшеге жарықтан-дыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.
Ал абаттандыру саласы бойынша қалада 2024 жылы жалпы 49 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 23 нысан ойын алаңшалары, 4 саябақ пен сквер және 22 нысан негізгі көшелерді көгалдандыру жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде.
Облыс орталығындағы күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда аумағы 626 га құрайды. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшыларымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 200-ден аса техникалар жұмыс атқарады.