ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ДАМУ ҮСТІНДЕ

Биыл 3967 түркістандық қоныс тойын тойлайды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Өткен жылы 412,6 мың шаршы метр немесе 5 966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер – 228,4 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үйлер –184,2 мың шаршы метр болады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген тұрғын үй саны 294,0 мың шаршы метрді құрап, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті.

2024 жылға пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы 394,5 мың ш.м. жоспарланса 4 айда нақты 60,6 мың ш.м пайдалануға берілді. Осы тұста тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16645 азамат тіркеліп тұр.Сонымен қатар, 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1314 пәтерді сатып алуға қаржы қарастырылып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал құрылыс жұмыстары 55,0 млрд. теңгеге орындалып, өсім 2% құрады.Ағымдағы жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 59 үйін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің 56,4 мың шаршы метр құрылысы облигация есебінен, несиелік тұрғын үй басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден несиеге берілетін болады.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16197 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр.Оның ішінде әлсіз топ өкілдері-6135, көп балалы отбасы-4662, бюджеттік қызметкер-5198, тұл жетім-200 және жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар саны екеу болып отыр.

2022 жылдың қорытындысымен 3155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде ипотекамен – 2683 пәтер, көп балалы отбасына – 544 пәтер, әлсіз топ – 244 пәтер берілді. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерлерді сатып алуға 1,8 млрд.теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.

 

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 3 МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Жалпы, мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», — деген  болатын Мелекет басшысы халыққа арнаған өз Жолдауында.

Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан бұл жобаның мақсаты – ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын мейлінше  азайту. Жас ұрпақтың заманауи, барлық талапқа сай жайлы, жақсы мектепте білім алуы өркениет тұрғысынан ғана емес елдегі әлеуметтік салаларды дамытып, халыққа жағдай жасау көрсеткіші екені айқын.

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Басқа өңірлерге қарағанда қарқынды жүріп жатыр деуге болады.

Иә, облыс орталығының білім саласына келер болсақ, едәуір өзгерістер бар. Қала аумағында 76 мектеп бар болса, оның 34 мемлекеттік, 42 жекеменшік мектеп бар. Аталған мектептердің мәселесін шешу мақсатында 8 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жүзеге асыру аясында 3 мектептің құрылысы басталды.Сондай-ақ, 2023 жылы 10 жеке меншік мектептер іске қосылып, биыл 6 жеке меншік мектеп іске қосылды.

2024 жылы пайдалануға берілетін                жалпы есеппен      22 900 орындық 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы жылдың соңында желтоқсан  айында құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Оның ішінде облыс орталығы  Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп,                       1200 орындық – 1 мектеп биылғы жылы оқушыларға есігін айқара ашып, оқушыларға пайдалануға  беріледі

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 3047 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5525 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді. Екі Ұлы отан соғыс ардагерлеріне, 416 соғыс ардагеріне теңестірілген, 369 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 4583 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 9 айында 2172 адамға қызмет көрсетілді. Одан бөлек, аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аналарды қиын өмірлік жағдайлардан ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы жанұя «Қамқорлық» орталығы іске қосылып, 2260 қызметтер мен 1358 кеңестер ұсынылды. Бүгінде «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 98 азаматшалар білім алуда және 207 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 98 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 62 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты. Сонымен қатар, «ҚОЛДАУ» қайырымдылық жобасы арқылы 6 қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, 286 отбасыға және демеушілер тарапынан 53 отбасыға қолдау көрсетілді.

Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта 2023 жылдың қорытындысында біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағыты бойынша 7143 азамат жоспарланса, осы жылдың 9 ай қорытындысымен 6501 азамат белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 3679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 201 азамат уақытша ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сондай-ақ, 535 жас түлек «Жастар практикасымен», 102 жас — алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. 29 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері болды.

Қаладағы аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жыл қорытындысымен 4150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді, 2024 жылдың 4 айында 2981 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 2983 адамға қызмет көрсетсе, 2024 жылдың 4 айында 1320 адамға қызмет көрсетті.

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бекзат» тұрғын алқабынан орталықтың филиалы ашылып «Белсенді ұзақ өмір» бөлімшесі іске қосылып, 90 адамға қызмет көрсетілді.

Қаладағы еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша біраз жұмыстар атқарылып нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8513 азамат жоспарланса, 4 айдың қорытындысымен 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *