ТҮРКІСТАН – АБАТ ҚАЛА

Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын орталыққа айналып келеді. Қаланы жайлы қала, туристер үшін тартымды етіп дамыту, тұрғындардың, жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалып жатыр.Жалпы қаланы түркі әлемінің халықаралық туризм және зиярат ету орталығына айналдыру жоспарланып отыр. Ерекше мәртебе беру үшін заң талқылаудан өтіп, Парламентке ұсынылмақ.Бұл заң қолданысқа енгенде  Түркістан қаласының әкімдігіне туристік саланы дамыту бойынша құзырет беруге, қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға, сәулет келбетін қалыптастыруға, сәулет-қала құрылысы тәртібінің сақталуына және тарихи-мәдени мұра нысандарын есепке алу, сақтау және зерделеу жөнінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Рухани орталғымыз Түркістанда  туризм әлеуетін арттыру бағытында тиянақты тірліктер атқарылды. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде жұмыстар әлі де жалғасуда. Елдегі соңғы өзгерістер ендігі тірліктер мен жоспарларды белгілеп, жаңару, даму мен өркендеу бағытын айқындады. Мемлекет Басшысының бастамасымен Түркістан ендігі кезекте Рухани Астана мәртебесінде өз дамуын жалғастыруда.

«Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті, – деген болатын  Президент Қ.Тоқаев.

 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУДА

Қалада инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Шаһарды 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарлануда. Жалпы бүгінгі таңға 17 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылды. Қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етіледі.

Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін электр қондырғылары мен желілерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ табиғи газбен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 40 мыңға жуық абонент немесе қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Өткен жылы басталған Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуды 99,0%-дан 99,5% жеткізеді.

Бүгінгі таңда қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары аясында 39667 абонент немесе қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда.

Өткен жылы басталған Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді 2136 пәтерді газбен қамтамсыз ету құрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

 

ЖОЛ САЛАСЫ

2024 жылдың қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп, қаладағы асфальт жолдарды 499,5 шақырымға жеткізу жоспарлануда.Аталған межеге жеткізу мақсатында, қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда, 2 көпір салынуда және сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 115,6 шқ құрайтын 129 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 700-ден астам көше түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілген. Осылайша қаланың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады. Биыл 230 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.

Қала аумағында жалпы 458 аялдама қажеттілік бар болса, бүгінгі таңға 276 аялдама жаңартылып орнатылған, қосымша қажетті 182 аялдама кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Облыс орталығында қазіргі кезде 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оның 16-сы «Жолаушы» ЖШС-і, 6 бағыты – «ТехПрофАвто» ЖШС-і. 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобуспен қызмет көрсетеді. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда.

Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 757 көшесі түңгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіліп, қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады.

2024 жылы 230 көшеге жарықтан-дыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.

Ал абаттандыру саласы бойынша қалада 2024 жылы жалпы 49 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 23 нысан ойын алаңшалары, 4 саябақ пен сквер және 22 нысан негізгі көшелерді көгалдандыру жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде.

Облыс орталығындағы күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда аумағы 626 га құрайды. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшыларымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 200-ден аса техникалар жұмыс атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *