ТҮРКІСТАН ОҚЫРМАНЫ КӨП ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың кітаппен дос болуы керегін үнемі еске салып келеді. Мәселен, Президент Түркіс­танда өткен Ұлттық құрылтайда «Жас ұрпақтың кітапқа құштар­лығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тап­сыра­мын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», деген болатын. Сондай-ақ Қа­зақ­стан Жазушылар одағы басқар­масының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдаған кезде де қазақ әдебиетінде қазіргі оқырман талабына сай, іздеп жүріп оқитын қызықты туындылар жазылуы керек екеніне айрықша назар аударды. Оқушылардың рухани дамуы үшін олардың театр, мұражайға, тарихи орындарға жиі барып тұруы да маңызды екенін де қадап айтты.Бұдан бөлек, бұған қоса Мемлекет басшысының Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы негізінде Оқу-ағарту министрлігі «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын қолға алғанын білеміз. Кейінгі кезде Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру мәселесі жиі көтеріліп жүр. Мұны әр бұқаралық ақпарат құралдары да әр тараптан қозғауда

Түркістан облыс оқырмандар санын көбейтуде көптеген іс шаралар ұйымдасытырп ынталандыруды жолға қоюда. Түркістан қалалық Орталықтындырылған кітапханасы  «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірқатар маңызды бастаманы жүзеге асыруымен де ерекшеленіп келеді. Мысалы, өңірде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасын жүзеге асырып отыр. Өткен жылы жоба аясында бірқатар ауданда, қалалық әкімдікте  жылжымалы кітап пункті ашылған болатын.

Түркістан қаласы бойынша 13 кітапхана, оның ішінде 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 11 қалалық кітапхана филиалдары жұмыс  істеп тұр.

Кітапханалар толығымен интернет желісіне қосылып, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Кітап қорында  – 350453 дана кітап бар, қаламызда ең бір іргелі рухани-мәдени ордаға айналып отырған Түркістан қалалық Орталық кітапханалар жүйесінің директоры Малдыбекова Гүлзада  Жұмағалиқызымен сұхбаттасқан едік.

­     – Гүлзада Жұмағалиқызы,  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі оқитын ұлтты қалыптастыру, халқымызыдң рухани деңгейін  көтеруді бірінші кезекке қойып отырғаны белгілі. Осы  ретте қандай жобаларды қолға алдыңыздар?

– Бізде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Т.Әбдіктің шығармалары таңдалған болатын, осы ретте жазушының  «Әке» шығармасын насихаттау мақсатында Түркістан қалалық орталықтандырылган кітапханалар жүйесінде оқырмандар конференциясы болып өтті. Конференцияға қаладағы Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі,  университет студенттері мен ұстаздары белсене қатысты. Әсіресе, университеттің Филология факультетінің студенттері мен ұстаздары аталған шығарманы жіліктеп-шағып , керемет талдап бергеніне өз басым қатты сүйсіндім. №9 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  «Төленнің рухани әлемі» атты әдеби аялдама ұйымдастырылды. Ал, N3 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен  «Бір ел – бір кітап»  акциясы аясында таңдалған жазушы-драматург  Төлен Әбдіктің «Оң қол»  шығармасы бойынша  «Парасат майданының қаламгері» атты оқырмандар арасында ойталқы  болып өтті.    «Жалпы, «Бір ел – бір кітап» акциясы республика көлемінде 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ауқымды жоба. Бұл жоба арқылы біз жылда бір жазушының шығармасын ел болып оқимыз, ел болып танысамыз, талдаймыз. Жоба жыл соңына дейін жалағасатын болады.

Бұдан бөлек, қаламгерлеріміз, ұлттық деңгейдегі тұлғаларымыздың мерейтойларына, белесті жылдарына орай тақырыптық кештер, оқырмандар конференциялары мен кездесулер ұйымдастырылып жүр. Атап айтсақ: М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» қалалық байқауы, «Жыр жауһары – Мағжан»  атты  поэтикалық марафон өткізіліп,   «Оқуға құштар отбасы» атты отбасылық байқауы болып өтті. Сонымен қатар, «Түркістанның таңдаулы туындысы ­- 2023» акциясы аясында таңдалынып алынған Мекемтас Мырзахметтің шығармаларын насихаттау мақсатында «Абайтанудың төрт құбыласын түгендеген – Мекемтас» атты виртуалды көрменің ұйымдастырылуы жұртшылықтың көңілінен шықты .

Кітапханалар жүйесінде   «Бір қала — бір кітап» акциясы  ұйымдастырылып отырады.  Бұл акция аясында  биылғы жылы жерлесіміз ақын, журналист, өлкетанушы ҚР Мәдениет қайраткері, Нұрмахан Назаровтың кітаптары таңдалынып алынған болатын.

Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аталмған акциясы аясында Нұрмахан Назаровтың «Түркістан – менің тағдырым»  атты кездесу кеші болып өтті. Жүйеге қарасты балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  №27  Ө. Жәнібеков атындағы ІТ мектеп – оқушыларының қатысуымен «Ақын әлемінің – асқақ үні»  атты марафон өтті.      Ал, N3  кітапхана филиалының ұйымдастыруымен оқырмандар арасында «Парасат иесі, қарымды  қаламгер» атты кітап  көрмесі  жасалып, оқырмандарымыз қаламгердің шығармаларымен танысты. Нұрмахан Назаровтың өлеңдерімен қатар мақалалары, өлкетану, тарих, тарихи тұлғалар туралы зерттеулері көп. Н.Төреқұлов туралы тұшымды зерттеулердің авторы ретінде ол кісіні  жас ұрпаққа, жалпы оқырманға таныту парызымыз. Осы секілді, жоспарлы да түрлі жоба, акция аясында кітаптарды насихаттап, оқырмандарды тарту, қызмет көрсету  басты назарда болады.

  • Жуырда әкімдіктен кітап пунктін ашқан екенсіздер…

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасына орай «Фараб»  әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратынан кітап пунктін аштық. Кітап пунктінің ашылуына қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, Түркістан қаласының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық мәслихат аппаратының басшысы  Жанболат Ибрагимов, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бақытжан Рахметов қатысты.

Бұл жобаның мақсаты ­ – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін қалыптастыру. Кітап пунктіне біздер биылғы даталы  күндер, қаламгерлеріміздің  айтулы белестеріне, мерейжасына  орай  т.б. жалпы  785 кітап апарып, көрме ұйымдастырдық.  Оның ішінде  «Қазыналы Оңтүстік» атты профессор Мекемтас Мырзахметовтің қатысуымен шыққан 300 томдық кітапты апардық. Бұл кітап осы Жобаның соңына дейін пунктте тұратын болады. «Қазыналы Оңтүстік» батырлар жыры, ертегі-дастаннан бастап, Оңтүстік өңіріне қатысты небір құнды жәдігерлеріміз, бүкіл рухани байлығымыз жинақталған қазына-кітап. Басқа кезде оқырмандардың сұранысына қарай апарып беріп отырамыз. Әкімдіктің, мемлекеттік қызметшілердің  уақыттары бола бермейтінін (қызмет реті  «жартылай әскери» секілді деген сөз бар ел арасында) екенін ескере келе осындай жобаны қолға алып отырмыз. Мақсатымыз мемлекеттік қызметшілерге рухани қолдау жасап, кітап оқуға шақыру.

Жалғасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *