«Серпін» бағдарламасы әлеуметтік жоба ретінде 2014 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл – студент жастарды әлеуметтік қолдау және еліміздегі оқу көші-қонын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бағдарлама.
10 жылдық тарихы бар бағдарлама еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлеріндегі жастарды кадр жетіспеушілігі бар еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру мақсатында қолға алынған. Бұл бағдарлама алғашында педагогикалық мамандықтар бойынша іске асырылды, кейіннен оның аясы кеңейтіліп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтар да қамтыла бастады. «Серпін» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен талапкерлер жатақханамен толық қамтылады. Осыған қоса, олар оқуды аяқтаған соң еңбекпен қамту бойынша көмек алуға құқылы. Негізі жұмыс күші көп өңірлерде жастар арасында жұмыссыздықты азайту, кәсіби кадрларды толықтыру мақсатында қорға алынған бұл бағдарлама өңірлердегі ғылыми әлеуеттің артуына да септігін тигізіп жатыр.
Былтыр қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапарында: «Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жастарға арнап 3700-ге жуық грант бөлінді. Оның 800-ден астамын түркістандықтар иеленді» деген болатын. Аталған бағдарлама биыл да жалғасып жатыр.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан облысының мектеп бітіруші талапкерлеріне «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастады
Жуырда Қожа Ахмет Ясауиатындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан облысының мектеп бітіруші талапкерлеріне «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастады. «Серпін» бағдарламасының грант негізінде білім беру жүйелерімен таныстыру үшін – «Жоғары білім» көрмесі ұйымдастырылды.
«Серпін» бағдарламасының гранты негізінде білім беру жүйелерімен таныстыру көрмесі ұйымдастырылды. Оған отандық 23 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
Бағдарламаның мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Жоғары білім беру көрмесіне Түркістан қаласындағы 39 мектептен 1200-ден астам талапкер қызығушылық танытты.
Шара барысында ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев «Серпін» бағдарламасы жөнінде толық ақпарат беріп, Ұлттық бірыңғай тестілеу және гранттар тақырыбында сөз қозғады. Көрмеге Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс, орталық және Ақмола, Қостанай, Семей, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында орналасқан жоғары оқу орындарының өкілдері арнайы келіп, білім беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, факультеттер мен мамандықтар, оқу ақысы, шәкіртақы мәселелері сияқты маңызды сауалдарға жауап берді.
Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген.
Бағдарламаға енгізілген өзгерістер де бар. Соның бірі – «Серпін» бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды. Айта кетейік, 10 маусымда Түркістан қаласында бастау алған білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру Шардара (12 маусым), Жетісай (13 маусым) және Сарыағаш (14 маусым) аудандарында жалғасады.
Бағдарламаның мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
Еліміздің Солтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық және Ақмола, Қостанай, Семей, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында орналасқан жоғары оқу орындарының өкілдері арнайы келіп, білім беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, факультеттер мен мамандықтар, оқу ақысы, шәкіртақы мәселелері сияқты маңызды сауалдарға жауап берді. Әр университет өз тарихынан бастап, жастарға ұсынар мол мүмкіндіктерін таныстырды.
Жиында Ғылым және жоғарғы білім министерлігінің кеңесшісі Руслан Емелбаев «Серпін» бағдарламасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу және гранттар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Айтулы көрмеге Түркістан қаласындағы 39 мектептен 1200-ден астам талапкер қызығушылық танытты. Бағдарламаға енгізілген өзгерістер де бар. Соның бірі – «Серпін» бағдарламасы түлектерінің оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.Аталған бағдарлама негізінде грант жеңіп алуға: Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда өңірлерінің жастары қатыса алады.
Түркістан қаласында бастау алған білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы Шардара, Жетісай және Сарыағаш аудандарында маусым айының ортасына дейін жалғасады.