Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді.
Атап айтсақ, 2023 жылдың 6-10 ақпан күндері аралығында қолөнер саласына зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірлестік мүшелерінен құралған қолөнер шеберлерінің делегациясы Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласы мен Ферғана облысында болды. Жұмыс сапары барысында өзбек ұлтының қолөнерімен танысып, тәжірибие алмасты.
Қала қолөнершілері халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен жылдың 4-13 мамыр күндері аралығында Әзербайжан Республикасының Шуша қаласында өткен «Түркі әлемінің мәдени астанасы – Шуша 2023» ресми ашылу салтанатына және «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестиваліне қатысты. Бұл іс-шараларға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты түркітілдес мемлекеттердің өкілдері де болды. Ауқымды іс-шарада көпшілікке қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің ең үздік бұйымдары қойылған көрме-жәрмеңкесі ұсынылды. Қазақстандық делегация жоғары баға алып, түркі халқының ыстық ықыласына бөленді.
2024 жыл – Қытайдағы «Қазақстанның туризм жылы» болып белгіленді. Осыған орай, 28-30 наурыз аралығында Бейжің қаласында ауқымды іс-шаралар мен форумдар өтті. Оған Түркістан облысының туризм саласының өкілдері мен Қолөнер одағының шеберлер белсене қатысты. Халықаралық көрмеге келушілердің назарына Қолөнер одағының шеберлері мен шәкірттерінің қайталанбас қолөнерлер туындылары ұсынылды.
2024 жылдың 7-9 маусым күндері Түркістанда «Шығыс базары» түркі халықтары қолөнер шеберлерінің симпозиумы өтті. «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» атануына байланысты ұйымдастырылған симпозиумға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің әр аймағынан озық үлгілі 30-ға жуық қолөнер шебері қатысты. Халықаралық шараға қатысушылар зергерлік, керамика, тоқыма, ұлттық киімдер тігу, құрақ тігу, кесте тігу, киіз басу, ағаш ою, былғарыны көркемдеп өңдеу және басқа да қолөнер түрлері бойынша қайталанбас туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Сипозиумның ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көрме жұмыстарын аралап көрді. Көпшілік назарына облыстағы өнер шеберлерінің қатысуымен ұлттық бағыттағы концерттік бағдарлама ұсынылды. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртістері дәстүрлі және халық әндерін орындап, қонақтарға қазақ өнерін таныстырды. Сонымен қатар «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі мен «Самғау» би ансамблі өнер көрсетті. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткіп жатқан іс-шара екі күнге жоспарланған. Симпозиумға қатысушылар қолөнер түрлері зергерлік, керамика, тоқыма, ұлттық киімдер тігу, құрақ тігу, кесте тігу, киіз басу, ағаш ою, былғарыны көркемдеп өңдеу және басқа да түрлері бойынша қатысуда. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, іс-тәжірибе алмасу шаралары, шеберлік сағаттары өткізіледі. Қолөнер шеберлерінің көрме-жәрменкесінің мақсаты түркі халықтарының ұлттық қолөнерін дамытуға, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсетуге, олардың жасаған бұйымдарын түркі халықтары арасында кеңінен насихаттауға, атадан мұра болып келе жатқан қолөнерді жастарға үйретуге, іс-тәжірибе алмасу мен шеберлік сағаттарын ұйымдастыруға, сонымен қатар түркі мемлекеттер арасында мәдени байланысты нығайту және туризмді дамытуға ықпал етуге бағытталған.
Айта кетейік бүгінде Мәжіліс депутаттарының қарауына берілген Түкістан қаласынеа ерекше мәртебе беру туралы заңнан күтеріміз мол. Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіл әлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Заң жобасы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, дәстүрлі қолөнерді дамытуды, Түркістан қаласын туристік орталық ретінде дамыту және ілгерілетуді көздейді.