«Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл – дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс.
Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланысты. Яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел болуымыз керек», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» Экоакциясының ашылуында сөйлеген сөзінде.
«Табиғат — ел байлығы» демекші, мемлекет дамуы үшін табиғатқа деген құрмет болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауымыз керек. Арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу – міндетіміз! Осы бағытта жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз деп сенемін! Көшесінің тазалығына қарап, азаматын, халқын танисың. Ендеше, барша Түркістан өңірінің тұрғындарын осы акцияны қолдауға шақырамын! Бірлік пен еңбектің арқасында Түркістанымызды жасыл аймаққа айналдырайық!» деген болатын облыс әкімі Дархан Сатыбалды да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынқолдауға шақыра сөйлеп.міне, содан бері Түркістан облысында тазалық мәеселесі күн тәртібінен түскен емес.
Түркістан облысында 2,1 млн адам тұратын 800-ден астам елді мекеннің 361-і қоқыс шығару қызметімен қамтылған. Аудан, қалалар аумағында 151 қатты тұрмыстық полигон орны белгіленген. Оның 32-сі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлімге, 76-сы ауыл әкімдерінің және 43-і сенімгерлік басқаруға берілген. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде облыстағы 151 полигонның 71% талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Қоқыс полигондары мәселесі Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде арнайы талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтың айтуынша, облыс әкімімен Түркістан облысы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестендірудің 3 жылдық жоспары әзірленіп, бекітілген. Алайда аудан, қала әкімдіктерімен осы күнге дейін жұмыс жүргізілмеген.
Облыс аумағында тұрғындар санының көбеюіне байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді. 2024 жылдың 5 айында қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 22,2%-ға жетіп отыр. Жыл қорытындысымен межені 26%-ға жеткізу жоспарланған. Қазығұрт, Отырар, Шардара, Бәйдібек, Келес аудандары аумағында қоқыстарды сұрыптау немесе қайта өңдеу кәсіпорындары болмағандықтан қоқыстарды қайта өңдеу көрсеткішін орындау күмән келтіруде.
2023 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ арқылы облыс аумағында ғарыштан түсірілім жасалып, елді мекендер аумағында қатты тұрмыстық полигонның сыртында бей-берекет қоқыстар тасталған 414 нүкте анықталған. Ал 2024 жылы 19 нүкте анықталып отыр, қазіргі уақытқа тазаланғаны – 3. Яғни, тұрғындар елді мекен аумағында заңсыз әрі тұрақты түрде қоқыс тастауды жалғастыруда. Бұл мәселені шешу бойынша да міндет жүктелді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 7 ақпанда өткен кеңейтілген мәжілісінде «инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуды жандандыру» тапсырмасы берілген. Қалдықтарды жинаудан бастап, оларды сұрыптаумен айналысатын мердігер мекемелерге субсидиялау тетіктері мен несиелендіру «Жасыл Даму» АҚ-ы қаржысы есебінен қарастырылған. Облыстан бүгінгі күнге 14 жоба мақұлданған.
Мәжілісте облыс әкімі осы жұмыстарды жандандыру, қоқыстарды тұрақты бей-берекет тастайтындарға тиісті айыппұл салу, тазалықты сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру, заңсыз әрі талапқа сай келмейтін қоқыс полигондарын реттеу жөнінде тапсырма берді. Бұл жұмысты дұрыс атқармаса, аудан, қала, ауыл әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына тиісті шара көрілетіні ескертілді.
Түркістан облысында өткен апта ішінде 30 елді мекенде жүргізілген сенбілікке 50 мыңнан астам тұрғын атсалысты. Тазалық жұмыстарына 69 техника тартылып, бір аптада 250 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 400 шақырымдай ауыл жолдары тазаланды. 121 мемлекеттік мекемелермен іргелес аумақтар, 500-ден астам кәсіпкерлік нысандары мен іргелес аумақтарыны тазаланды. 57 аялдама мен 1 291 көше бойындағы ағаштар ретке келтірілді. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар баяндалды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды. Тазалық шарасының тынымсыз жүргізілетінін ескертті.
Экологиялық акцияның мақсаты — қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру.
Экологиялық акцияға қатысқан барша түркістандықтарға алғысын айтқан облыс әкімі Отаншылдық – тазалықтан басталатынын айтып, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді.
– Ел ішінде өтіп жатқан маңызды экошараны қолдаған барша жерлестеріме алғысымды жеткіземін. Мәдениеттіліктің -бастауы – тазалықта. Тазалық табалдырықтан басталады. Аула таза болса, ауа да таза болады. Біз тазалықты сақтау, ағаш егу, айналаны гүлдендіруді өмірлік дағдыға айналдыруымыз керек. Бейжай қарамау керек. Өз ортамызды, айналамасызды таза ұстауымыз керек. Кей байтақ даламыз да, ауыл да қалаларымыз, бәрі де – өзіміздікі. Бізге ешкім сырттан келіп, оны тазалап бермейді. Бар байлығымызға жанашырлықпен қарайық. Тазалық бәрінің айнасы. Бізге келіп жатқан қонақтар алдымен кіре берістен төрге дейін тазалыққа қарайды. Сонықтан онсы жақтартуға ір адамдай атсалыссақ, — деді Дархан Сатыбалды.
Тазалықты сақтау туралы жұмыстар денсаулық сақтау саласында да қарқынды жүргізілуде. Барлық 724 денсаулық сақтау нысандарына сенбілік жұмыстары жүзгізілуде. Өңірде 600-ге жуық сенбілік өткізу жоспарланған. Экошараға барынша қоғамдық жұмысшылар да тартылуда. Бүгінде 6 мыңнан астам тазалық жұмыстарына, 1 мыңнан астам қызметші көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда.