САУРАН: АГРОКЕШЕНДЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған болатын. Жолдауда жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды екендігі түсіндірілді. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды Сауран ауданының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аграрлық салаға аса басымдылық беріп, инвестициялық-инновациялық тартымдылығын арттыру, Қазақстанды Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналдыру міндетін қойып отыр. Ол үшін алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу көзделген. Бұл бағытта Түркістан облысында жоспар жасалып, ауқымды жұмыс атқарылмақ. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері сөз болып, саланы дамыту жолдары қаралды.

Осыған орай Сауран ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан бұған мемлекет, үкімет, қаржылық ұйымдар мен әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі — 106,1% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге (108,3%), мал шаруашылығы – 30,5 млрд. теңгені (100,8%) құрады. Өткен жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды (104,6 %). Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты.

2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 14,5 млрд. теңгеге 9 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 7,9 млрд.теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» ЖШС мақта майын өндіру цехы, жоба құны — 500 млн теңге тұрады. Ол арқылы он адам жұмыспен қамтылады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» ЖШС сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны — 2,3 млрд теңге тұрады. Ол арқылы 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» ЖШС 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын бастайды. Жоба құны — 578 млн теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 20 адам жұмыс табады. Жаңа Иқан ауылынан «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіруді көздеп отыр. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге тұрады. Бұл әдісті меңгерген 15 маман жұмыспен қамтылады. Жібек жолы ауылынан «JMJ Агро» ЖШС 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін енгізгелі отыр. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге тұрады. Жоба жүзеге асқан кезде 30 адам жұмыс жасамақ. Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» ЖШС мақта кластері жобасы, жоба құны — 1,5 млрд теңге тұрады. Жоба толық жүзеге асқан кезде 29 адам жұмыс жасайтын болады. Инвестордың негізгі мақсаты 4 кезеңнен тұрады. 2024 жылы — мақтаны қайта өңдеу зауытын салу, 2025 жылы — мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасы, 2026 жылы — мақта талшығынан жіп өндіру, 2027 жылы — мата шығару жобасын бастайтын болады. Бұл жоба өз кезегінде аудандағы мақташылардың өзекті мәселесін шешіп қана қоймай, мақтаны тереңдете өңдеудің алғашқы қарлығашы атанбақ.

Қазіргі таңда ауданда мал саны — 583 378 бас, құс саны — 174 187 басты құрады. Сол арқылы бүгінгі күнге 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» ЖШС-нің 2 жобасы басталады. Олар 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны — 2,1 млрд. теңге тұрады. Ол арқылы 35 адам жұмыспен қамтылатын болады. Екіншісі 1гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы басталады. Жоба құны — 400 млн. теңге тұрады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» ЖШС 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды бастайды. Жоба құны — 4,1 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асырылған жағдайдаа 100 адам жұмысқа қабылданады.

Бүгінде облыста жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 22, ет өнімдерін қайта өңдеуде – 8, сүт өнімдерін қайта өңдеуде 23 кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындардың басым бөлігінің технологиялық ескіруінен жеміс-көкөніс өнімдерінің 0,23 пайызы, ет өнімдерін 12,3 пайызы, сүт өнімдерінің 13,6 пайызы ғана қайта өңделуде. Бұл бағыттар бойынша жұмыс жүйеленіп, кәсіпорындар санын арттыру көзделіп отыр.

Халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету бағытында 2027 жылға дейін жалпы құны 329,1 млрд. теңгені құрайтын 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Биылғы 7 айда құны 10,6 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылып, 334 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы бойынша 2 жоба, мал бордақылау алаңын салу – 5 жоба, жаңбырлатып суғару – 4 жоба, 2,1 га фермерлік жылыжай салу – 5 жоба, балық өсіру – 5 жоба, сүт өңдеу цехын салу – 4 жоба және мал сою цехы мен бекетін салу бойынша 2 жоба жүзеге асты.

ҚР АШМ қайта өңдеу кәсіпорындарын құру және кеңейту жобалары бойынша инвестициялық субсидияны 2024 жылдан бастап 50 пайызға ұлғайту жоспарлануда. Осы арқылы өңдеу көлемін 2027 жылға қарай кемінде 40 – 50 пайызға арттыру межеленіп отыр.

Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұрғандығы айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн деп айтты.

“Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз”, деді Президент.

«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін айтты.
«Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты келешегі зор бағыттарға басымдық беру керегін жеткізді.
«Өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керектігі айтылды. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн. Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек делінді. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс.

Осы орайда Түркістан облысындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы туралы айтар болсақ, өткен жылы бұл салада біршама өзгерістер орын алды. Өткен жылғы он екі айда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1158,7 млрд. теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 681,7 млрд. теңгені, мал шаруашылығы өнімі 469,6 млрд. теңгені және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер 1,3 млрд. теңгені құрады.

Салыстырмалы түрде айтқанда, яғни 2022 жылы бұл саладағы жетістіктің нақты көлем индексі 102 пайызды құраған екен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 101,9 пайыз, мал шаруашылығы 102 пайыз, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер  100 пайыз көрсеткішке ие. Аудандар кесіндісінде ең жоғарғы нақты көлем индексі Сарыағаш (110,2%), Сауран (106,1%) аудандарында құрады. Сонымен қатар, 2022 жылдың деңгейінен төмен нақты көлем индекстері Келес және Түлкібас (99,7%), Арыс қаласы (97,7%), Отырар (96,3%) және Шардара (96%) аудандары қалыптасты.Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің шығарылымының жалпы көлеміндегі едәуір үлесі Сайрам (12,1%), Сарыағаш (11,7%), Жетісай (10,2%) және Сауран (8,8%) аудандарына тиесілі. Осылайша бұл салада да айтарлықтай жетістіктер бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған болатын. Жолдауда жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды екендігі түсіндірілді. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұрғандығы айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн деп айтқан болатын.

“Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз”, деді Президент.

Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керектігі айтылды. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн. Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек делінді. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс.

“Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы.

Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады.Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ, өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек”, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал екенін айтты.

“Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге, өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі.

Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек”, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев суды аз қолданатын кәсіпті дамыту туралы айтты.

“Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет.Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.Сондай-ақ, шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек.

Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар, жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн”, – деді Тоқаев.

“Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет” , – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады.

“Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн”, – деді Тоқаев Жолдауда.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларының жобасын әзірлегені хабарланған. Құжатқа сәйкес, сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 10 жылға дейін 2,5% бен 5 млрд теңгеге дейінгі ең жоғары сомамен кредиттер беру жоспарлануда.Кредиттер үміткерлерге жаңа кәсіпорындар құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермаларын (қуаты 400 бастан бастап), ет бағытындағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймаларын (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ суармалы егіншілік саласындағы (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) және заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалануды көздейтін (шашырату, тамшылатып суару) жобаларды кеңейту үшін беріледі. Ал бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген.

Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек.Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. “Ауыл аманаты” бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек”, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы күрделі мәселеге айналғанын айтты.

“Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал”, – деді Президент Жолдауда.

Мемлекет басшысы қазір жаһандық бәсеке күшейгенін, тауар нарығында өзгеріс барын және мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керегін жеткізді. Сонымен қатар агроғылымды дамыту мәселесіне тоқталды.

“Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн.Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді.Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.

Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз, – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн.

“Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек.

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс”, – деді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *