Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Елімізде 6,5 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар. Халықтың 40 пайыздан астамы сонда тұрады. Солардың 85 пайызы негізгі елді мекендерде немесе жақын маңдағы серіктес ауылдарда қоныстанған. Үкімет өңір әкімдерімен бірлесіп, тіректі елді мекендерді дамыту мәселелерін мұқият қарауы керек. Олар лайықты инфрақұрылымға және заманауи талаптарға сай жаңғыртылуы қажет. Бұл үшін, әрине, жайлы жолдар, қолжетімді байланыс пен интернет, заманауи білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары қажет», – деген еді.
Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Онда ауыл шаруашылығы саласын негізгі 6 бағытты дамытуға басымдылық берілді. Осыған орай тұжырымдамасын таныстыру үшін Сауран ауданының тұрғындарының назарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан облысы, Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасының құрылысы қарқында жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
– Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Дегенмен өнімді сақтау және терең өңдеу мәселелері өзекті. Біз осыған мән берудеміз. Жуырда Түркістан қаласының іргесіндегі аумақта көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жоба құны – 1,4 млрд. теңге, қуаттылығы – 4 000 тонна. Келесі жылы пайдалануға тапсырылады, – деді облыс әкімі.
Аймақта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында келесі жылдан бастап, қоймаларды салу үшін жұмсалатын инвестициялық шығынның 50 пайызын өтеу қарастырылып жатыр.
Тағы айта кетерлігі, облыс халқының 80% ауылда қоныстанған. Негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Басқа саламен салыстырғанда табыс төмен. Осыған орай, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта іске асырылуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 19,8 млрд. теңге бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді.
Бүгінгі таңда, 14,8 млрд. теңгеге 2 496 жоба қаржыландырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, қосымша 30 млрд. теңгеге өнім өндіріледі. Жобаға қатысушылардың орташа табыс өседі, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаяды, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі ұлғаяды деп күтілуде.
Сонымен қатар Түркістан облысында шағын және орта бизнесті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Сауран ауданында 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда.
Жобаның жалпы құны – 12,9 млрд. теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Өңір басшысы кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстармен тікелей өзі айналысып жатқанын мәлімдеді.
– Экономиканы көтеру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды. Инвесторларға, отандық кәсіпкерлерге жағдай жасауға басымдық берудеміз. Мен кәсіпкерлерді күтіп отырмаймын, алдына өзім барамын. Тіпті, өңірде жобасын жүзеге асырғысы келетін кейбір кәсіпкерлерді әуежайдан өзім күтіп алып жүрмін. Мақсат – өндіріс орындарын көбейту. Біз кәсіпорындарды көбейту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтар құруды бастадық. Жобаға сәйкес алдағы 3 жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр. Жалпы алаңы 66 528 шаршы метрге жетеді. Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылды. Мұнда шағын кәсіпорындар жұмысын бастайды, – деген Дархан Сатыбалды шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады.
Түркістан облысында қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. Жыл басынан 28 мыңға артып, бүгінгі таңға 213 мың бірлікті құрады. Жыл басынан 1 трлн. теңгеден астам өнімі шығарылды. Кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы (48,3%), сауда (23,3%), туризм (20,3%) және өнеркәсіп (6%) саласында.
Бизнес субъектілері 21,3 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Келесі жылы кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіру көлемін 40 млрд. теңгеден асыру жоспарлануда.
Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 20 мыңнан астам қызмет түрі тегін көрсетілді.
Тұжырымдама аясында 2027 жылға дейін жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту міндеттері қарастырылған.
Осыған орай бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиын өтті. Оған ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, инвесторлар мен ғалымдар қатысып, тұжырымдаманы кеңінен талқылады. Жобаның Түркістан облысының ауылдарында кооперативтік қозғалысты дамытуға серпін беретіндігі атап көрсетілді.
Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы агроөнеркәсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.
2023 жылға арналған 37 даму көрсеткіштері бекітілді. Атап айтқанда, егіс көлемін 860 мың гектарға, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектарға жеткізу көзделген.
Қосымша 93 гектарға жылыжайлар салу жоспарланды. Су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға жеткізу, жаңадан 665 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу межеленген. Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тоннаға арттыру, 1346 бірлік а/ш техникаларын алу жоспарланды. Жылына 40 мың тонна жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындары ашылады. 1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңы, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасы ашылады. 4 ірі құс фермасы ашылады және жалпы 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу көзделген.
Биыл Түркістан облысында 4 тоқыма, тігін және 6 жүн, тері өңдеу кәсіпорындары ашылады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі.
– Ауыл шаруашылығы Түркістан өңірінің экономикасының негізгі және жетекші саласы. Бұлай дейтін өз жайы бар. Сондықтан Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы біз үшін өте маңызды. Оны жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек. Мақсат – нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға тиімді бағытталуын қатаң қадағалау маңызды, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауыл шаруашылығы саласы негізгі 6 бағытты дамиды. Олар: ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, жылыжай шаруашылығын дамыту, қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс — көкөніс өнімдерін сақтау жүктемелерін арттыру, мақта кластерін дамыту, мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын дамыту және серпінді инвестициялық жобалар.
Басқосуда өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өз тәжірибелерін ортаға салды. Дамыған елдердің озық тәсілдерімен бөлісті. Жиналыста облыс ғалымдары оңтүстіктің климатына аса қолайлы саналатын жүзім өсіру кәсібін дамытуға назар аударуды атап өтті. Жоңышқа өсіруді жетілдіруді жеткізді.
Сонымен қатар, өңір басшысы облыстағы бірқатар маңызды бастамаларға да тоқталды.
Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті мәселелердің көшін инфрақұрылым мен әлеуметтік ахуал бастайды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың негізгі көрсеткіштері бойынша ай сайынғы рейтинг жүргізілуде. Рейтингке өнеркәсіп өнімі көлемі, негізгі капиталға салынған инвестиция, ауыл шаруашылығы өнімі, шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім өнімі, құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы көрсеткіші енді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста осы бойынша аудан, қалалардағы жыл жұмысы қорытындыланды. Алдағы жоспарлар талқыланды. Бірқатар басшылар облыс әкімінің сынына ілікті.
– Біздің басым бағыттарға жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция көлемін арттыру және өзге де көрсеткіштер енгенін білесіздер. Индикаторлар дұрыс орындалуы үшін 2024 пен 2025 жылдарға қазірден жоспар жасаған жөн. Жобаларды 2-3 жыл бұрын жоспарлау керек. Ерте бастамасаңыздар үлгермей қаласыздар. Жер бөлу, жобалық-сметалық құжат жасау, инфрақұрылым реттеуге уақыт кетеді. Бүкіл аудан, қаладағы пайдалы қазбаларды, ресурстарды, мүмкіндіктерді толық тексеріп, зерделеп шығыңыздар. Соған сай жоспар жасап, жұмыс жүргізу қажет. Екіншіден, басқарма басшылары аудан, қала әкімдерімен бірлесе жұмыс атқарсын. Жол көрсетіңіздер. Жүйелі әрі кластерге негізделген жобалар әзірленуі тиіс. Әлі де дұрыс ұсыныстарды көрмей тұрмын, – деді Дархан Сатыбалды.
Жалпы Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 128 нысаналы индикатор қарастырылған. Оның орындалуы бақылауда. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнім көлемі былтыры жылға 815,4 млрд. теңге деңгейінде жоспарланып, 11 айда 776,8 млрд. теңге құрады. 11 айда облысқа тартылған инвестиция көлемі 576,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 400 млрд. теңгеге жуығы немесе 62%-ы жеке инвестициялар есебінен. Өткен жылға жалпы құны 398,5 млрд. теңге құрайтын 26 жоба жоспарланған. Инвестиция көлемі шағын кәсіпорындар есебінен де артпақ. Ауыл шаруашылығы көлемі бойынша биылғы жоспар – 1 трлн. теңге. Келер жылы құны 58 млрд. теңге болатын 5 ірі жылыжай кешенін, және де құны 9,6 млрд. теңгеге 3 сүт-тауарлы ферма іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ 860 мың гектар егістен 4 млн. тоннадан астам өнім жиналады деп күтілуде. Нәтижесінде, жалпы ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1,1 трлн. теңге деңгейінде жоспарланды. Құрылыс жұмыстары көлемі 11 айда 269,2 млрд. теңгені құрады. Биылға жоспар – 329,1 млрд. теңге. Келер жылы қарқын бәсеңдемейді.Өткен жылы 487 нысанның құрылысы және 240 нысанның жөндеу жұмыстары жоспарланды. 11 айда жалпы ауданы 800 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Былтырғы жылға жоспар – 866,4 мың шаршы метр. Оның ішінде 277,3 мың шаршы метр бюджет есебінен (72 үй, 4 639 пәтер), қалған 589,1 мың шаршы метр жеке қаржы есебінен салынған. Сонымен қатар келесі жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерліктегі өнім көлемі көрсеткіші рейтингке енгізіліп, 1,5 трлн. теңге көлемінде жоспар бекітілді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 3,1 млрд. теңге, жаңа бизнес идеяларға гранттарға 2,3 млрд. теңге, ауылдардағы жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге 3 млрд. теңге қарастырылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялауға 22 млрд. теңге бөлінді. Субсидия алушы кәсіпорындардың басым бөлігі шағын және орта бизнес санатына жатады.
Өткен жылдың қаңтар-наурызында өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі 97034,6 млн.теңгені, ал өнеркәсіптік өндірістің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 110% құрады Бүгінгі күні аталған қызмет түрі өндірісінің үлесі облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 46,4% құрады. Өткен жылдың қаңтар-наурызында тамақ өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24964,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,3% төмендеді, бұл ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған ет өндірісінің 13,5%, үй құсының жас немесе тоңазытылған еті 47,2%, ірімшік және сүзбе 39,4%, өзге де сүт өнімдері 4,3%, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспаларының 9% кемуінен орын алды. Сонымен қатар, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық өндірісі 27,8%, жеміс және көкөніс шырындар өндірісі 12,5%, сары май және сүтті спредтер 2,5 есеге жоғарлады. Сусындарды өндіру саласында өндіріс көлемі 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 74,9% артты, ал өндірілген өнім көлемі 4256,2 млн.теңгені құрады, бұл коньяк спирттің өндірген өнімнің 3,5 есе жоғарлауынан орын алды.
Өткен жылдың қаңтар-наурызында тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар 15405,8 млн.теңгенің өнімін өндірді және өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,3 есеге жоғары болды, бұл мақта талшығы өндірісінің 3,4 есеге артуынан орын алды. Кокс және мұнай өнімдерін өндіру өнеркәсібінде 2945,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 2,5 есеге жоғары, өндірістің өсуі негізінен мұнай жол битумдар өндірісінің 2,6 есе артық өндірілуінен болды. Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңіне 23,1% жоғары болды, ал өндірілген өнім көлемі 4466,5 млн.теңгені құрады. Аталған салада өндіріс көлемінің негізінен отқа төзімсіз құрылыс кірпіштердің 35,8%, құрылыс ерітінділердің 5,8 есе өсуінен болды. Машина өнімдерін жасау өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-наурызында 11210,5 млн.теңгені құрады, өнеркәсіптік өндіріс индексі 2022 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% құрады, бұл өзге де злектронды және электр сымдар мен кабельдер өндірісінің 2,3 есе, кернеуі 1000 В артық электр тізбектерін ажыратуға, ауыстырып қосуға немесе қорғауға арналған аппаратура (жоғары вольтты аппаратура) өндірісінің 2 есеге өсуінен орын алды.
Сонымен бірге, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру өндірісінде өндіріс көлемі 1408,1 млн.теңгені құрады, алдыңғы жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 36,8% төмендеді, өндірістің төмендеуі пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтер өндірісінің 59,8% кемуінен орын алды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңінде киім өндіру саласы бойынша ерлерге арналған жұмыс киімі өндірісінің 11,7% кемуінен, өнеркәсіптік өндірістің индексі 10,9% төмендеді, ал өндіріс көлемі 438,2 млн.теңгені құрады.
«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына келетін болсақ, осы жылдың 10 айында оң өсім бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 пайызға артып, 758 млрд теңгені құрады. Өсімге негізінен сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісі үлес қосты. Бұл ретте Түркістан облысы бөлінгенде негізгі өндіріс орындары Шымкент қаласы аумағында қалып қойғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, облыс бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді болып тұр. Қазір облыс өнеркәсібінің негізін тау-кен, яғни уран өндірісі құрайды», деді Д.Сатыбалды.
Өңір басшысының айтуынша, «ҚазАтомпром» ұлттық компаниясы Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Құны 100 млрд теңге болатын жобаның жүзеге асуы аймақта 250 жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізбек. Қазір жер телімі анықталып, компания техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріскен. Облыстың өзіндік кірісін арттыратын бұдан өзге бірнеше жобадан хабардар етті. Нақтыласақ, бұлар – «Ocean Energy Company» ЖШС-ның Қазығұрт ауданында Каскад ГЭС құрылысы, «Эко-Культура» АӨХ-нің Келес ауданындағы жылыжай кешенін салуы, «Standard Petroleum&Cо» ЖШС-ның Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін өңдеу зауыты, «ARM WIND» ЖШС-ның Отырар ауданында күн электр стансасының зауыты, «Састөбе химиялық кешені» ЖШС-ның Түлкібас ауданындағы каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк цемент өндіру зауыты бар. Сонымен қатар бұл ауданда газ электр стансасының, Сауранда күн электр стансасының, Созақта фосфорит кендерін өңдеу зауытының құрылысы жоспарға кірген. Облыс басшылығы Сайрамда бу-газ қондырғысын салуды да ойластырып отыр.
Әкімнің сөзінше, жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд теңгеге көбейту болжанады. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінде 10 жоба іске қосылған.
Жалпы, елдің экономикалық драйвері болуға қабілетті әрі лайық ауыл шаруашылығы саласы бұл облыста да қарқынды даму жолына түсіп келе жатыр. Өңірде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері құнының 1 трлн теңгеден асуы сөзімізге дәлел және бұл көрсеткіш арқылы облыс республикада ең алдыңғы позицияда.
«Жыл басынан бері салаға 88,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналып отыр. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 25 жобаны іске асыру көзделсе, жыл басынан бері нақты 22-сі іске қосылды. Салада жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Қарқынды бау көлемі 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есе артып, 350 центнерге дейін өнім жиналуда. Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 403 гектарға енгізіліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді», дейді әкім.
Жылыжайға қатысты да жылы жаңалықтар баршылық. Олардың жалпы көлемі бүгінде 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналыпты. Бұған қоса 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарда бар екен. Қазір жылыжайларды бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілген. Бұл ретте жылыжайларды жылыту шығындарының 20 пайызы субсидияланатынын да айта кетейік. Биыл осы мақсатта 500 млн теңге бөлінген.