ТҮРКІСТАН: «ЖАҢА КОДЕКСТЕ ЖАҢАЛЫҚ КӨП» — 2

 

Егер суды есепке алу құралы тексеруден өтпесе немесе оның пайдалану мерзімі өтіп кетсе, жаңа су өлшегішті сатып алу үшін тұтынушы аккредиттелген жеткізушілерге жүгінуі қажет. Қазақстанда деректерді қашықтан берумен суды есепке алу аспаптарын мына төмендегі компаниялар жеткізеді, орнатады және қызмет көрсетеді: «Smart systems Asia» ЖШС (+7700 985 51 23;+7 778 978 87 07),  «Digital energy group» ЖШС (+7778 876-66-22; +77712111142), «Сайман» корпорациясы (+7 771 704 58 85; +7 (727) 338 51 81),  «Водомер» ЖШС  (+7-771 147 24 08; +7 775 326 63 02), «Вавиот Аизя» (+7 747 222 72 91). Жеткізушіні таңдап, тұтынушы суды есепке алу құралын сатып алуға, оны орнатуға, кепілдік мерзіміне және сервистік қызмет көрсетуге шарт жасасады. Су өлшегішті орнатып және пломбалағаннан кейін жаңа деректер сумен жабдықтау және су бұру қызметтері операторының автоматтандырылған басқару жүйелерінің базасына енгізіледі.

– Мұндай суды есепке алу құралының бағасы қандай?

– Жеткізушілердің деректері бойынша, деректерді қашықтан беру құрылғысы бар су өлшегіштердің орташа бағасы шамамен 30-35 мың теңге.

– Бағасы тым қымбат секілді, мұны сатып алу үшін несиелік  бағдарламалар қарастырылған ба?

– Жоғарыда айтқанымдай, сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес, әрбір жеке жағдайда су арналары мен тұтынушылар арасында жасалатын жекелеген шарттар аясында, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген қызметті жүзеге асыруға сәйкес, тұтынушыға  сумен жабдықтау және су бұру қызметтері операторларының тарифтеріне қаражатты қоспай, су есептегіштерін сатып алуға және орнатуға міндетті. Біз көптеген қала тұрғындары үшін 30-35 мың теңгенің қымбат екенін түсінеміз. Сондықтан деректерді қашықтан берумен суды есепке алу құралын бөліп сатып алуға болатын бағдарлама қарастырылған. Яғни ай сайынғы төлем 60 ай мерзімге шамамен 500-600 теңгені құрайды. Осы мерзім ішінде кәсіпорын су өлшегіш пен қашықтан беру құрылғысының функционалдық жарамдылығы үшін жауапкершілікті толық өз мойнына алады. Шарт инфляцияны және суды есепке алу аспаптарын өткізу нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, ұзартылуы мүмкін.

– Жалпы, суды есепке алу құралын тексеру және оны ауыстыру қаншалықты қажет? Бұл мәселені қандай заңнамалық актілер реттейді?

– Бірінші кезекте – ҚР «Су кодексі». Бұдан басқа, «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы бұйрығына сәйкес бастапқы тексеру туралы бедері жоқ тұтастығы бұзылған есепке алу аспаптарын, сондай-ақ тексеру мерзімі өткен есепке алу аспаптарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.

«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы бұйрығына, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартына  сәйкес: «Тексерудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін есепке алу аспабы техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда коммерциялық есептен автоматты түрде алынады. Қызмет көрсетуші тексеру мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын тұтынушыны есепке алу аспабына кезекті мемлекеттік тексеру жүргізу немесе оны ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді».

Тексеруден өтпеген немесе суды есепке алу аспабын ауыстырған жағдайда, сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі алдыңғы үш айдағы орташа шығыс бойынша есептелетін болады. Осылайша, есептеу күнтізбелік 1 ай ішінде жүргізіледі.

– Тұрғындарға барлығы түсінікті болды ғой деп ойлаймыз. Уақыт бөліп, әңгімелескеніңіз үшін көп-көп рахмет!

Сұхбаттасқан Баян ДАРҒОЖИНА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *