Киелі Түркістан қаласы — қазақ елінің тарихында қасиетті орны бар, ұлттың ұйысуында біріктірушілік рөлі үлкен, екі ғасыр бойы қазақ хандығының астанасы болған, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алыстан мұнартқан көк күмбезіне бүкіл әлем қызыға көз тіккен көне шаһар екені бағзы заманнан белгілі. Халық арасында «Әзіреті Сұлтан» аталатын киелі мекенде құл Қожа Ахмет Иассауи бабамызды айнала қоршап 21 хан,52 батыр, 19 би, 8 сұлтан,200- ден астам шешендер, би- көсемдер, бір сөзбен айтқанда, қазақ тарихында орны бөлек тұлғалар мен киелі бабаларымыз, бүкіл қазақтың әруағы жатыр десек қателеспейміз. Түркістанның киесі мен қасиетін бабаларымыз бүкіл жан- дүниесімен, ішкі түйсігімен сезіп білген.
Ал енді бұл дікенге демеушілікті кім жасады, азық-түлік қайдан алынады деген сауал туындауы мүмкін. Бұл орайда да, айналайын, халқымыздың кең пейілдігі, жомарттығы байқалды. Кәсіпкерлер, т.б. көмектесуге ықыласы бар адамдар өздері келіп өтініш білдірді. Сөйтіп, тұрақты түрде көмек көрсететін адамдар анықтала бастады. Қайырымдылық акциясын өткізу тәртібіне байланысты да біз өз ережемізді қалыптастырдық. Біз тек көмекке мұқтаж, қайырымдылық жасалуға тиіс адамдармен қамтамасыз етеміз, ал демеушілер өздері таратып, сол жерге көпшіліктің алғыс батасын алады. Қазіргі таңда біздің дүкеніміз Түркістан қаласындағы «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» ынтымақ үйінің жанына орналасқан. Орталықта көпшіліктің келіп-кетуіне ыңғайлы. Дүкенімізді заманауи атпен «Ақсақал — маркет» деп атадық. Осылай жақсы ниетпен басталған ісіміз сәтті жалғасып келеді. Көмегіміз тигеніне біз ризамыз, көмек алғанына олар риза. Дүкен тұрақты жұмыс істеу үшін әрбір кәсіпкерге, мекемеге демеушілікті бекітіп бергеніміз өте тиімді екеніне уақыт өткен сайын көз жеткезіп келеміз. Мәселен, бірінші айды қала әкімшілігі, екінші айды тойханалар алды, үшінші айды шағын кафе асхана меңгерушілері, төртінші айды прокуратора, бесінші айды полиция, алтыншы айды сот орындары міндетіне алып демеушілік жасады. Қайырымдылық мәселесіне тағы да оралатын болсам, Түркістан қаласында тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар баршылық. Оны біз көзімізбен көріп аралап жүрміз. Осыған орай кейбір тұрмысы өте төмен, мүгедек адамдарға баспана соғып беру мәселесін қарастырдық. Қошқаров Райымжан деген облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, өзбек этно-мәдени орталығының басшысын шақырып сөйлесіп едік, ол «Үлес» қайырылымдық қорың құрғаның айтты. 200-300 мүшесі бар екен. Осы мәселені тыңғылықты қолына ала жүріп, 7 жылда 40 үй соқты. Тағы қандай үй. 4-5 бөлмелі барлық инфрақұрылымы бар. Жарығы, суы, газы бәрі бар. Тек қолына кілт береді. Осылай етіп 40-шы үйді биыл берді. 40-шы үйді берерде мен облыс, қала әкіміне кіріп тұсау кесер рәсімін жасауды өтіндім. Ал енді Қошқаров Райымжанның «Үлес» қайырымдылық қоры біреуден бір тиын алмайды. Демеуші іздемейді, кәсіпкерлерге барып жалынбайды. Биліктен бір тиын ақша сұрамайды. Барлығын 300 мүшесі өздері істейді. Олардың барлығы қарапайым құрылысшылар, қарапайым жас жігіттер. Осылардың басын қосып ұйымдастырып отыр. Бәрі негізінен тікелей жұмысынан бос уақытта, демалыс күндері келіп жұмыс істейді. Осындай үлгіні қаладағы «Бекзат» мөлтек ауданында 47000 халқы бар. Оспанов Дәулеткерей деген төрағамыз бар. Олар әр жылы наурызда 2 үй беріп жатыр. Жаңағы айтқандай, 80жылғы 85 жылы туғандар бірлеседі. Сөйтіп 10 соттық жерді сатып алып, үйді соғып, иелеріне кілтін береді. Екі үйден олар да биыл 8-ші үйді берейін деп отыр. Наурыздың аяғына дейін бітіріп беру керек. Одан кейін «Бірлік» мөлтек ауданыңда Әбдуәлиев Тайыр деген азамат биыл 5-ші үй соғып жатыр. олар «Күшіміз бірлікте» деген қор құрған. Осылай киелі Түркістан үлкен бастамалардың бастауына айналып отыр. Сондай-ақ дүкен тұрақты жұмыс істеу үшін әрбір кәсіпкерге, мекемеге демеушілікті бекітіп бергеніміз өте тиімді екеніне уақыт өткен сайын көз жеткезіп келеміз. Одан кейінгі айларда жоғары және орта оқу орындары, университеттер мен колледждер, базар ұжымдары өзара бөлісіп алды. Айталық мамыр айында «Қуаныш ЖШС» директоры, облыстық мәслихат депутаты Инара Әбдіғаппарқызы Намазбаева демеушілік жасайды. Қазір айына екі рет көмек көрсетудеміз.
– «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші қолы жомарт жаны жайсаң осы азаматтардың есімдерін толық атап өтуге де болар еді. Дегенмен, халқымыз табиғатынан кең де жомарт. «Ақсұңқардың баласы жан-жағына шашып жейді» — дегендей киелі де, иман ұялаған шаһарымызда осындай кең пейіл адамдардың болуы заңдылық сияқты көрінеді маған. Қолында бар бір үзім нанымен бөлісіп, бір-біріне көмектесіп жатса қалайша риза болмассыз. Бір қызығы көпшілікке көмек қолын созып демеушілік жасап жүрген азаматтардың басым бөлігі есімдерін жария еткендерін қаламайды. Бір жағы бұл, шариғат бойынша жария садақа, жасырын садақа деген ұғымға да байланысты ма деп ойлаймын. Сондай ақ: «оң қолыңның бергенін, сол қолың көрмесін деген ежелден келе жатқан ұғым да осыған келіп саяды. Дегенмен дәл сол күнгі демеушіні халық өзі көреді, батасын береді алғысын білдіреді. Осының өзі үлкен сауап. Ендігі бір, өзгелерге үлгі болатындай қолға алған бастамамыз, түркі әлемінің тұмары — Түркістанды гүл қалаға айналдыру. Бұл бағыттағы жұмысымыз да жемісті болды.
— Халқымызда «Аяғына қарап асын іш» деген мақал бар. Сол сияқты кез келген үйге, ауылға немесе қалаға барған кезімізде сол жердің сырт келбетіне, сыртқы көрінісіне қарап ой түйеміз. Көрікті жерлерге табанымыз тигенде сүйсініп, кеудемізді керіп бір жасап қаламыз. Ал енді төрт қақпалы Түркістанның орны бөлек. Қаламыз облыс орталығына айналған алты жыл ішінде түлеп, түрлене бастады. Бүкіл әлем бұрыннан көз тігіп отырған Қожа Ахмет Яссауи бабаның көк күмбезді кесенесі бұрынғыдан да айшықаталып, анадайдан қол бұлғап, көне шаһарға әлемінің түкпір-түкпірінен туристер ағылып келе бастады. Сондықтан да жаңа ғимараттар мен алып құрылыстар бой түзеген қаланың тұрғын үй аудандары да соған сай болса нұ үстіне нұр. Осындай оймен біз ақсақалдар ақылдаса келе 2019 жылы сол кездегі облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке және Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповке кіріп «Түркістанды гүл қалаға айналдырайық» деген құнды бастама көтердік. Әркім өз үйінің ауласын таза ұстайтыны анық. Ал енді сол үйдің көше жақ беті қандай? Талапқа сай таза ма? Жасыл ағаштар егілген, гүл көмкерген ааулалар бар ма? Әркім өзінен өз үйінен бастағанда ғана тазалық болмақ. Біздің мақсатымыз әрбір үйдің көше жақ бетін жасыл желекпен көмкеріп, қақпаларын сырлап, көшелерін тазалап ұстаса деген ниет болатын Осындай оймен он мөлтек ауданның арасында байқау ұйымдастырып, бәйге жариялап жібердік. Түркістан халқы бұл ұсынысымзды да қуана құптады. Сөйтіп сайыс қорытындысында 2019 жылы 200 отбасына бәйге бердік. Он мөлтек ауданның әр қайсысынан 20 үйден жеңімпаз шығардық. Арнайы комиссияның шешімімен «Таза үй» , «Таза көше», «Таза аула», деген атақтарға ие болып бас басына жүлде алды. 200 үйге он көшеге бәйге бердік. Соның нәтижесінде қалаға 40 мың түп ағаш, 100 мың түп гүл отырғызылды. Сол кездегі облыс әкімі Ө. Шөкеев «Түркістандық жүйе» деген атпен біз көтерген бастаманы қолдаған еді. Алайда бұл бастамамыз елге келген пандемия нәубетіне байланысты тоқтап қалған еді. Енді биыл сол оқылықтың орнын толтыру үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыға, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбсаттарұлы Тұрашбековке кіріп осы ұсынысымызды айттық. Олар да арнайы шешім шығарып Түркістанды жасыл желекті қалаға айналдыру акциясы басталып та кетті. Осы наурыз, сәуір айларында гүл егу, ағаш егу жұмыстары басталады. Ал сайыс қорытындысы күзге қарай шығады. Жалпы бұл жарыстың қорытындысын жылына екі рет шығаруды жоспарлап отырмыз. Және оларға арнайы қаржылай сыйлықтар тағайындалады. Жүлдегер үйлердің сыртына «Таза үй», «Үлгілі үй», «Таза көше», «Әдемі дәріхана» деген сияқты тақтайшаларды ілетін боламыз. Наурыз мерекесі қарсаңында биылғы жылы 100 үйге және 10 көшеге сыйлық жарияланды.