ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ШАҺАРДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ – 2

Түркістан қаласының жұртшылығы әр таңды еңбекпен қарсы алып, әр күнді еңбекпен шығарып салуда десек қателеспейміз. Оған – 5 жыл ішінде ажары ашылып, маңдайы жарқырай түскен Түркістан қаласындағы өзгеріс­тер дәлел. 2018 жылы 19 маусымда Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойылған болатын. Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде дамудың жаңа сатысына қадам басты. Көне шаһардың жаңа дәуірі басталды. Тарих үшін қысқа ғана уақыт болып есептелетін 5 жылда Түркістанда адам қызығарлық істер атқарылды.

Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.

1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.

Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың уставын тіркеу Республикада Әділет министрлігінде жүргізіледі. Бұл процедура бірлестіктерге мемлкеттік қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мен қарым–қатынаста, сондықтан оған кіретін азаматтар арасында шектеу орнатады. Бірлестіктерге заңды құқық береді. Қоғамдық бірлестіктер деп–азаматтардың өз еркімен, олардың тілегі негізінде құырлған ұйымдарды айтамыз. Қазақстан Республикасы аумағында саяси партиялар, көпшілік ұйымдар, кәсіподақтар, әйелдер, арагерлер, ғылыми, техникалық, жастар және балалар ұйымдары, мәдени–ағартушылық т.б. ерікті қоғамдар, шығырмашылық одақтар, жерлестер, қорлар, ассоциациялар–қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық ұйымдардың партиядан айырмашылығы олар бірінші орынға саяси мәселелер қоймайды, саяси бағдарлама жасамайды.

Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы.

Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы.

Қоғамдық бірлестіктер құрылуы мен құқығы және қызметінің тоқтату шарты «Қазақ ҚСР–дағы қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 2,3 тарауларында баяндалған. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең құқықты. Олардың құқықтары жарғыларында белгіленеді. Қоғамдық бірлестіктер өздерінің мақсаты мен қызметі жөнінде еркін хабар тарата алады, өз органдары арқылы өз инициативасын жүргізеді, өз мүшелері мен қатсушыларын көрсете біледі және олардың тілегін қорғай алады, сонымен қатар сол сияқты заңға қарсы емес уәкілдіктер жүргізе алады. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым–қатынас 1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР конституциясы негізінде реттеліп отырылады. Мәселен, конституцияның 5–бабында «Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарына, қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді, мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді» – делінген. Конституция нормаларын бұзуға бағыттлаған мақсаты мен қимыл көрсеткен қоғамыдық бірлестіктерді құруға немесе қызмет істеуге рұқсат етілмейді.

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.;

2) Тарихи — ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат» және т.б.;

3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтынбесік», «Жерұйық» «Шаңырақ» және т.с.с.;

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.

Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режімнен демократиялык өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.

Жеке ұйымдар мен қозғалыстар.

«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.

«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы — съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Түркістан облысы, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.

«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста.

«Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты — толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.

Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.

Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет.

«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы — жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.

Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері.

«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі — халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Түркістан облысы, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *