Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі. Осы орайда біз бірқатар маманға өз сауалымызды қойған едік.
Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, азаматтық қоғамның даму саласын да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мəлім. Түркістан қаласының тұрғындарына азаматтық қоғамның ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап өту үшін ақпараттық-танымдық ақпаратты бөлісіп отырмыз.
Бұл сұрақты анағұрлым терең қарастырған ғалым – Роланд Робертсон. Біздің пікірімізше, дəстүрлік жəне оны құраушылар – дəстүр, əдет-ғұрып, риту- ал, қағидалар, құндылықтар болып табылады. Қоғамның модернизациялануы мен елдің дəстүрлік формасына үйлесімсіз патерналистікподдандық саясат, шашқыш-жыртқыш экономика, қу жазалаушы құқық, үстемдік етуші ұлттық мəдениет, қабілетсіз əлеуметтік өмір — саясаттану мен əлеуметтанудың назар аударатын объектісіне айналмай отыр. Бұл ғылымда дəстүрліктің жеңуі, мемлекетте адам факто- ры мен адам капиталының алғашқылығын қалыптастыру, мемлекеттік орталықтанған парадигмадан социоорталықтанған парадигмаға ауысу концепциялары жасалған жəне ұсынылған емес. Біздің міндетіміз – жаһанданудың дəстүрліктен тікелей бас тартуын түсіндіру, қоғамға азаматтылықтың қазіргі стандарттарын, қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік серіктестігі түсінігін жеткізу болып табылады. Осыдан əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен пəндерге, ең алдымен, саясаттануға, құқық пен əлеуметтануға қазіргі қоғамның болашағына деген жауапкершілік түсіп отыр. Біздің алдымызда қоғамның дағдарыстан шығуы посткеңестік кеңістік қоғамының өтпелі кезеңін теоретикалық қамтамасыз етуді шешу міндеті тұр, біздің ойымызша, оның дамуы мен жолдары социомəдени негізде жатыр деп айтсақ та болады. Мұндай методологияға негізделген, дəстүрлі социомəдени құндылықтардың орталық зонасы қоғамның барлық саяси, құқықтық, əлеуметтік салаларындағы дəстүрліктің құралдары мен қазіргі тəсілдерін зерттеу болып табылады. Осы тұжырымға қатысты барлық əлеуметтікгуманитарлық, яғни саяси, əлеуметтанулық, құқықтық, антропологиялық, мəдени, тарихи теорияларды жекелей жəне жиынтық ретінде тəжірибеде қолдану, мемлекет пен қоғамның өзара əрекет формаларын, сонымен қатар тұлғаның қоғамдағы орнын анықтау мəселесін қарастырып зерттеу керек. Еліміздегі жоғары жəне орта білім беру жүйелері заманның жаңа талаптарына сай құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл шаралардың басты мақсаты – əлемдік білім беру мен ғылым кеңістігіне кіру. Əрине, бұл əрекеттердің тиімді жақтарын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ білім беру тек жақсы маман дайындаумен ғана шектелмейтінін айта кетуіміз керек. Оның басты мақсаты – жан-жақты білімімен бірге үлкен азаматтық жəне əлеуметтік қасиеттерді бойына дарытқан тұлғаны қалыптастыру. Алай- да жаһандану дəуіріндегі нарық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беруде адамдық қасиеттерден гөрі маман ретіндегі бағалану алдыңғы қатарға қойылатыны жасырын емес. Бұл білім беру өзінің кең мағынасындағы маңызын жоғалтып, «шектелген» немесе Г. Маркузе тілімен айтқанда, «бірөлшемді» адамдарды өндіру корпорациясына айналып кетпей ме деген сұрақты алға қояды. Осы тұрғыда академик Ə.Н. Нысанбаевтың ортаға салған мына пікірі өте орынды деп ойлаймыз: «Мəдениет пен ғылым саласында либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының ықпалы артып отыр. Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен өзіндік мəдени мұраттары қатты қысымға ұшырауда, сондықтан олар өздерінің рухани мұраларын сақтап қалуға талпынуы керек. Бірақ, соны- мен қатар олар батыс мəдениетінің нормаларымен де өзара əрекеттесіп, өзара толығуы қажет. Мəселе батыс мəдениетімен бəсекеге қабілетті болу үшін құндылықтарды қайта қарап, қазақ мəдениетін қайта жаңғыртып дамыту туралы болып отыр. Қарқынды өріс алып отырған жаһандану жағдайында, Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының конструктивті сұхбаты өте қажет. Өтпелі қоғамның мəдениет саласындағы күрделі қатынастарын реттейтін жəне халқымыздың мəдениетінің қайталанбастығы мен өзіндік сипатын қамтамасыз ететін заңдар қажет». Мəдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтау, қоғамдық жəне мемлекеттік тұтастықты сақтау ұлттың ішкі рухани əлеуетіне жəне шығармашылық қуатына байланысты. Ұлттың қалыптасуында ортақ тарихи жадымен бірге ортақ мақсат-мүдделер, идеялар да үлкен рөл атқарады. Сондықтан қазіргі Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің болашағы осындай мақсатмүдделер мен идеялардың өміршеңдігіне жəне олардың интеграциялық əлеуетіне тығыз байланысты болары сөзсіз. Бұл, ең алдымен, Қазақстан мемлекеті мен қоғамның тарихи-субстанционалдық негізін құрап отырған қазақ халқына қатысты. Қазіргі қазақ зиялы қауымы мен саяси элитасы осындай ортақ мақсатмүдделер мен идеяларды өндіруге жəне іске асыруға қаншалықты қабілетті, көп мəселенің түйіні осыған келіп тіреледі. Қазіргі Қазақстан қоғамы алдында тұрған бұл міндетті Б. Сексенбаев төмендегідей тұжырымдайды: «Қазақстанның тарихи міндеті «туысқан халықтардың арасында өзінің лайықты орнын» алу ғана емес, əртүрлі мемлекеттерді, халықтар мен мəдениеттерді «жалғастырушы көпір» болу ғана емес, сонымен қатар адамзат табиғаты дамуының қазіргі заманғы деңгейіне толық жауап беретін өзінің принципті түрдегі жаңа өмірлік тəсілдерін жасауға күш салуы тиіс. Тек осындай қадам ғана біздің халқымыздың жетістігі болып табылады, əрбір қазақстандық өзінің ментальды-рухани дамуына, денсаулығының мықты болуына, материалдық жағынан жеткілікті өмір сүруге байланысты жаңа сапаларды еншілейді, осының нəтижесі қазіргі қазақстандық мəдениет деп аталатын тарихи феноменнің мазмұнын құрайды» [2, 344-б.]. Автордың пайымдауынша, Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жеткен жетістіктері, мемлекеттік жəне қоғамдық басқару жүйесін қалыптастыруы, экономикалықсаяси қайта құруларды жүзеге асыра алуы қазақстанның мəдени-өркениеттік əлеуетінің жоғары екендігін байқатады. Біз автордың «жеке тұлғаның сапалық жағынан қайта құрылуы» деген оймен толық келісе отырып, қазақстандық өркениеттің басты өлшемдерінің бірі өмір сапасы ұғымы болуы керек деп санаймыз. Өмір сапасы тек тұрмыстық-материалдық нышандар мен алғышарттарды ғана емес, адамның рухани-шығармашылық ізденісін, бостандығын, ой еркіндігі мен жауапкершілігін де қамтитын ұғым. Өмір сапасы тұлғаның болмыс толымдылығы мен толыққандылығын бейнелейтін категорияға айналуы қажет. Өмір сапасы өткен тарих пен бүгінгі күннің жетістігін қамти отырып, баянды болашаққа нық сеніммен қарайтын адам дүниетанымының іргетасына айнал- уы тиіс. Бұл категория жеке адамның сана кеңістігін бүкіл адамзаттың кемел рухани кеңістігімен жалғастырады. Бұл тұлға мен қоғамның рухани-мəдени жəне өркениеттік кеңістігінің жаңа сапалық белгісі болып табылады. Батыстың материалдық-техникалық саладағы табыстары мен Шығыстың рухани даналығы осы категорияда тоғыса отырып, адам болмысының тұтастығы мен бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда өмір сапасын жақсартудың барлық алғышарттары қалыптасқан деп айтуға болады. Жаһандану үдерісінің қарқындауына қарамастан Қазақстан қоғамында оның келеңсіз тұстарын залалсыздандыруға қажетті əлеует əлі де болса жоғары екені қуантады. Отбасы мен некеге деген дəстүрлі көзқарастардың өзгеруі, осы əлеуметтік институттардың қоғамдық мəртебесі мен құпиясының құлдырауы батыстық қоғамдар үшін бүгінгі күннің үлкен қасіретіне айналып отыр. Дүниеге деген көзқарас пен құндылықты қатынастың отбасында қалыптасатынын ескерсек, қоғам мен мемлекеттің бұл мəселені назардан тыс қалдырмай əрқашан қолдау көрсетуі дəлелдеуді қажет етпейді. Отбасы мен некенің жағымды көріністерін насихаттау мемлекеттік жəне қоғамдық маңызды ісшаралардың бірі болып табылады. Екінші позицияға орналасқан жақсылық жасау құндылығы адам табиғатына тəн жəне содан туындайды. Адами эгоизмді шектеп, оның бойындағы əлеуметтік бастауларды ашу, мейірімділік пен қайырымдылыққа баулу да қоғам азаматтарының өзіндік санасы мен сезімін қалыптастырудың маңызды тетіктері болып табылады. Бұл бұқаралық қоғамға тəн адамдар арасындағы жаттану мен жалғыздықтың ал- дын алуға мүмкіндік береді. Адамдардың өзара тығыз қарым-қатынасы əрқайсысының басқаның тағдырына қатыстылығы сезімі қоғамдық мұратмақсаттарды жүзеге асырып, қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін зор күш екені тарихтан белгілі.
Жалғасы бар.