Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі. Осы орайда біз бірқатар маманға өз сауалымызды қойған едік.
Қазіргі таңда Республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру – мемлекет назарындағы маңызды бағыттардың бірі. Салауатты өмір салты Қазақстандағы ұлттық өркениеттік құндылықтардың маңыздыларының қатарынан орын алатыны сөзсіз. «Бірінші байлық денсаулық» деген халық мəтелі тек сөз жүзінде ғана емес, жеке тұлғалық жəне қоғамдық əрекетте жүзеге асуы қажет. Бастысы өмір сапасының ажырамас атрибуты болып табылатын салауатты өмір салты əлеуметтік енжарлықты жеңуге, тұлғаның жасампаздық қасиеттерін ашып, өз өмірі мен отбасының игілігіне жауапкершілігін арттырады деп үміттенеміз. Жаһандану үдерісінің келеңсіз жақтарының бірі профессор А.Г. Косиченко атап өткендей, «дүниежүзілік ауқымда адам енжарлығының бой алуы. Оның басты келеңсіздігі де осында. Ол адам мəніне – оның өз өміріне жауапты болуына нұқсан келтіреді. Қазіргі үдерістердің адам дамуына қалдырған көкжиегі тым тар. Адам барған сайын тұлғалық қайталанбастығын жоғалтып, унификацияланып барады. Өзін алдаусыратып, адамды өз мəніне əкелетін терең болмыстық көптүрліліктен бас тартуда. Жаһандану осы кереғар үдерістер үшін жауапты». Жаһанданудың бұл кереғар сипаттары адам мен қоғамның күш-қуатын байлап-матайтын үрейлі құбылыс емес. Оның осы сипаттары туралы айтқанда, мəдени жəне керісінше, жаһандану үдерісінің артықшылықтарының ұлттық мəдениеттерді дамытуға үлкен мүмкіндіктер туғызатынын да атап өту керек. «Бұл жағдайларда еліміздің мемлекеттік мəдени саясаты ерекше маңыздылыққа ие болады. Қазақстан өзінің беделі мен егеменділігін, азаматтар мен халықтардың қайталанбас ұлттық ерекшеліктерін қамтамасыз ете отырып, толыққанды дамуы үшін мəдени жаһанданудың барлық бағытында əртүрлі өлшемдегі «сүзгіштерді» орнатуы қажет. Бұл кедергілер Республикамыздың территориясына белгілі бір уақытқа дейін кейбір жағымсыз құбылыстардың таралуын толық тоқтатар еді. Ұлттық құндылықтар мен мүдделерге сай тəрбие алған адамдар, азаматтық қоғамды құрып, мемлекетке пікір айтуға қабілетті адамдар, болып жатқан құбылыстардың мəнін түсінетін адамдар, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде қызмет ететіндер жаһандану үдерісінің оның тиімді, пайдалы жақтарын алып, бүлдіруге бағытталған ниеті мен үдерістеріне қарсы тұра алады». Қазақстан қоғамы үшін осындай сын сағаты соққанда билік пен халықтың, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың өзарабайланысы мен біртұтастығы ерекше маңызға ие болады. Əлемдік тарихтың субъектісі ретіндегі мемлекет ұлттық мəдениетті сақтаудың маңызды элементі, сонымен қатар ол осы ұлттық мəдениеттің əлемдік кеңістікке енуінің алғышарттарын да қалыптастырады. Ал азаматтық қоғам мəдени құндылықтарды өндіруге жəне жоғары мəдени құндылықтарды құнсызданудан сақтауға жауапты екенін ұмытпауы керек.
Отандық ғалымымыз атап көрсеткендей, ұлттық мəдениет əлемдік кеңістікке өзінің абыройы мен ар-намысын сақтай отырып та ене алады. Мұндағы бастысы – біреуге «ұнауға тырысу емес, өзіңнің ерекшелігіңді сақтай білу. Өз мəдениетіңнің аумағымен тұйықталып қалуға да болмайды, əлемдік мəдени кеңістікке кіру керек, бірақ барыңмен кіруің керек, өйткені осы мазмұн ғана құнды». Қазақстан ойшылының бұл пікірі елімізді мекендеген ұлттық мəдениеттердің барлығы үшін өзектілігін жоғалтпайды. «Əрине, жаһандану үдерісі маңызды əлеуметтік өзгерістер қатарында тұр, əлеуметтанулық талдаулар жекелеген қоғамдарды зерттеуде шектелген, анағұрлым архайикалықты ұсынады. Көптеген фундаментальды мəселелер, біздің өмірімізде орын алып отырған, яғни экологиялық дағдарыс сияқты немесе кең масштабтағы əскери конфронтациядан сақтап қалу, өзінің көлемінде глобальды болып табылады. Сонымен қатар экономикалық жəне мəдени өзара тəуелділіктің өсуіне қарамастан, əлемдік глобальды жүйеде теңсіздіктің жарылуы, тек жалпы ғана емес қарама-қайшы мүдделерді де иеленеді» деген америкалық ғалым Ф. Гидденс. Мұны ғалымның өзі де жаһандану теориясындағы басты нəрсеге – модерннің жергілікті əдет-ғұрып пен дəстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті жəне жаһандық диалектикаға назар аудару керектігін баса айтқан. Себебі теледидармен киноэкранда батысқа еліктеушілік, батыс көрерменіне жағымды əрі түсінікті болу ұлттық сипатпен салыстырғанда басымдылыққа ие болып бара жатқан тəрізді. Өнердің халықты асқақ мақсаттар мен құндылықтарға тəрбиелеп келгені белгілі, бірақ қазіргі күні өнер бұқараны тəрбиелеуден гөрі бұқараның соңынан еріп бара жатқандығы қынжылтады. Қазақстан қоғамы алдында жаһандану талабына абырой- мен жауап бере отырып, өзінің тек өзіне тəн кемелдену жолын таңдау мəселесі туындап отыр. Қазақстандық ғалым К.У. Биекенов өзінің кітабында: «Жаһанданудың мотиві мен мақсаты капитал, товар, қызмет көрсету, сонымен қатар жұмысшы күшінің ұлттық шекарада түйісуімен жəне трансұлттық сипат алуымен осы үдеріске негізделуі болып табылады. Олар құндылықтар ағымымен шығарып салынуда. Билік құрылымдары алдындағы басты міндет барлық əлем халқы үшін жаһанданудың позитивті факторларын қамтамасыз ету болып табылады», – дейді. [6.146-б.] Əрбір жаңартудың жаңа кезеңдерінде технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық жəне əлеуметтік жаңашылдық жа- тыр. Осы жаңашылдықты ендіру мен жүзеге асыру технологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді шешумен байланысты екендігін ұмытпауымыз керек. Бүгінде əлемді жаһандану үдерісі қамтығанымен де, тəуелсіздік алған елдер əлемдік қауымдастықта интеграцияға ұмтылуда. Сонымен қатар жаһанданудың біздің қоғам үшін жаңа саяси стратегиясын таба отырып, Қазақстан халықтарының дəстүрлі мəдениетінің құндылықтарын батыс қоғамының құндылықтарымен қоса алып жүретін, бəсекеге қабілетті халықтың мəдениетін жаһандану контексінде қалыптастыру керектігін түсініп отырмыз. «Дəстүрлі қоғамның нəтижелер, дəстүрлі мəдени құндылықтардың жинақталуы мен үйлесім табуы, дəстүрлік тəжірибесінің трансляциялануы, дəстүрлі мəдени нормалардың қалыптасуы, дəстүрлі саяси, құқықтық, экономикалық, əлеуметтік мəдениеттердің өзін-өзі ұйымдастыруы қоғамның өмір образдарының жиынтығын құрайды. Орталық зона мен қоғамның өзара əрекеттері мəдени үлгілерді ендіреді, индивидтердің бір-біріне деген тұрақты конфигурациясын анықтайды, олардың байланысы дəстүрмен қабылданған сəйкес кеңістік ортада жүреді, дəстүрлі мəдениет үлгілері мен дəстүрлі социомəдени құндылықтарды ұйымдастырады. Қоғамның негізінде дəстүрліліктің құндылықтынормативті аспектілері қалыптасады, қоғам мүшелері консолидациясы дүниетанымдық жəне идеялық негізде, мемлекет пен индивидтердің өзара əрекетімен толығады. Оларды «дəстүрлі мəдениет кодексі» деп санауға болады, қоғамның жалпы информациялық-коммуникативті каналдарын жəне орталық зоналарды құрайды. Дəстүрлі социомəдени құндылықтар ақпараттықкоммуникативті феномен ретінде қоғамда желілік каналдарды жоғары қабілетті жəне тікелей, кері байланысты, көлденеңінен байланыстарды иеленеді. Ол дəстүрлі құндылықтарды қоғамның түрлі тарихи жəне қазіргі заман кезеңдеріне тасымалдайды, қоғамда жаңа социомəдени құндылықтардың пайда болу каналдарын ашады». Адамзаттық мəдени құндылықтар ортақтығының күшею үдерісі жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мəдениеттің нышандары жаңа нысандарымен ұштасқан ежелгі мəдени дəстүрлердің синтезі көріне бастады. Бұл жағдай əрбір ұлттық, халықтық өзіне тəн менталитеті мен мəдениетін сақтап қалу жолында орасан зор күш жігер жұмсауын талап етіп отыр. Жаһандық азаматтық қоғамның əлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам құқын жəне түпкілікті тұрғынның төл мəдени ерекшілігін қорғауға атсалысушы əртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады.
Жаһандану нəтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық жəне мəдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір дəстүрлі мемлекеттерде аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үдерісі дами түседі. Аймақтық қоғамдасу үдерісін бүкілəлемдік жаһанданудың зиянды əсерінен қорғанудың бірден-бір жолы деп қарайды. Мəдениеттің жаһандануы ол экономикалық жаһандануды да жалғастырады жəне толықтырады, бірақ өзіндік ерекшеліктерін иеленеді. Көптеген үдерістер мен тенденциялар көптеген формаларды қабылдайды. Мəдени жаһандану жоғары мəдениет пен толық бұқаралық мəдениеттің үстемдік етуімен де байланысты. Қазақстан қоғамы қазіргі жаһандану үдерісі жүріп жатқан кезеңінде, өзінің мүдделерін қорғай отырып, даму тенденцияларын өзіндік жүргізгенін жөн санайды.