САУРАН: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫ ЖАҚСАРУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады»,-деген болатын.

Міне осыған орай, Қазіргі таңда ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бірінші маусымға дейін тұрғын үй кезегіне 1 379 адам тіркелген. Әкімшілік іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта қосымша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізетін боламыз.Сонымен қатар, аудан орталығынан 1 гектар жерге рәміздер алаңын, 2,1 гектар жерге орталық балалар саябағын салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда белгіленген аумақтың 1-ші кезеңінде 25 мың көшет егілді. 2-ші кезең құрылысы 2025 жылы аяқталатын болады.

Ауданда экономикалық белсенді халық саны — 39 903, жұмыссыздар саны — 1 974 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 %-ды құрап отыр. Жұмыссыздық пен кедейлікті төмендету мақсатында ағымдағы жылы 6 840 тұрғынды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 5 айда 2 654 азамат жұмыспен қамтылды.

Сауран ауданында жалпы 53 мектеп жұмыс жасайды. Оның 12-сі жекеменшік мектептер. Білім беру мекемелерінде оқушылар саны — 25 519 оқушыны құрайды. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданда 5 мектеп жоспарланып, қазіргі таңда 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, С.Қожанов елді мекенінде 300 орындық, Еңбекші дихан елді мекенінде 600 орындық, Аша елді мекенінде 600 орындық мектеп салынуда. Ынталы және Құмтүйін елді мекендеріндегі 600 орындық мектеп құрылысы және облыстық бюджет есебінен Абай елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы ағымдағы жылы басталатын болады. Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округінен 150 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды, жаңа оқу жылына ашуды жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылы әкімшілік іскерлік орталықтан 500 адамға қызмет көрсететін емхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, 3 медициналық фельдшерлік акушерлік бекеттің құрылыс жұмыстары басталады. («Шаға», «Құсшы ата» ФАБ және «Жалантөс» МБ). Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Ойық» медициналық бекеті және «Шекербұлақ» фельдшерлік-акушерлік бекеті құрылысы жүргізілуде. Жергілікті әкімдіктердің басты міндеті тұрғындардың жайлы тұруына барынша қолайлы жағдай жасау. Осы ретте «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауылында 120 орындық клуб және кітапхана ғимаратының құрылысы басталды. Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.

Аудан орталығынан 500 орындық Мәдениет үйі мен Жастар орталығын салу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленіп республикалық бюджетке өтінім жолданды. Жоба құны – 1,9 млрд. теңге.

Бабайқорған ауылындағы спорт зал ғимаратының құрылысы аяқталса, аудан орталығынан жаңа үлгідегі спорт кешені құрылысы басталды.

Сонымен қатар, Ибата, Теке, Ынталы, Абай ауылынан спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттары дайын, орталық стадионның жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, кәсіпкерлер есебінен 4 елді мекенде Жаңа Иқан, Иассы, Шаға, Оранғайда спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Балаларды спортқа баулу мақсатында 5 елді мекенде спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, қосымша жыл соңына дейін 3 елді мекенде балалар ойын алаңшасы салынады.

Аудан бойынша аудандық маңызы бар жолдар 119,3 шақырымды және елді мекен көшелері 731,9 шақырымды құрайды.

2024 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 39,7 шақырымды құрайтын 29 ішкі көшелерге және облыстық бюджет есебінен 9 шақырымдық «Бабайқорған – Абай» жолына, 15 шақырымды құрайтын «Шорнақ – Ескі Сауран» жолына және 9 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғанда, елді мекен жолдарының жақсы және қанағатты жағдайы 5,4% жақсарып, жалпы көрсеткіш 70 % жетеді.

Ағымдағы жылы «Кар-Тел» ЖШС-гі мен «Кселл» АҚ-ы операторлары тарапынан келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 8 елді мекенге (Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық) жаңа базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта қосымша 5 елді мекенде жүргізетін болады.

Аудан бойынша 1 елді мекен ауыз су жүйесімен қамтылмаған және 12 елді мекенде ауыз су кестемен берілуде. Аталған елді мекендерге 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету 12 елді мекеннің ауыз жүйелерін жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ Қазақстанның 30 жылдығы, А.Үсенов, Жүйнек, Қарашық, Шаға, Нұртас, Шойтөбе, Бершінтөбе, Достық, Қаражон, Құмтүйін, Қосқорған ауылдары.

Бес елді мекеннің оның ішінде Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Еңбекші Дихан, С.Қожанов ауылдарындағы жаңадан қоныстанған аумақтарына ауыз су жүйесі тартылмаған. Қазіргі таңда жоба әзірленіп жатыр. Жоба құны — 8,6 млрд. теңге құрайды.

Аудандағы елді мекендердегі электр желілері мен бағаналарының тозығы жеткен. Қазіргі таңда, осы мақсатта 36 жоба әзірленіп, 27 жобаның сараптама қорытындысы алынды, жоба құны 12 млрд. теңгені құрап отыр. Елді мекендердегі электр жарықтарының қуаттылығын арттырып, қысымын реттеу бағытында аудан тарапынан 53 дана трансформатор орнатылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында, ағымдағы жылы 102 дана электр бағанасы ауыстырылып, 17 шақырым электр желілеріне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. 4 елді мекенге жаңа трансформатор орнатылады.

Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, газбен қамту үлесі 43 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салуға республикалық бюджеттен қаржысы мақұлданып, құрылысы басталатын болады.

Ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 10 жоба әзірленді, жоба құны – 21 млрд. теңгені құрап отыр.

Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне баратын магистральды газ құбыры және Қосқорған, Бостандық, Еңбекші Дихан елді мекендерінің ішкі газ жүйелерінің құрылысына жоба әзірленуде.

-Алдымызда Сауран ауданын дамыту бағытында ауқымды жоспарлар тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстарды жалғастырамыз. Өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын әрі қарай тұрақты дамыту бағытында қарқынды жұмыс атқаратын боламыз,-дейді Мақсат Асылбекұлы елді мекен тұрғындарымен кездесуде.

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет,-деген болатын.

Осыған орай, қазіргі таңда облыс аумағында егістік алқаптарға су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл су үнемдеу технологияларын 22 мың гектар жерге енгізу көзделсе, жыл басынан бері 12,9 мың гектарға енгізілді. Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 2 кәсіпорын іске қосылды. Атап айтқанда, жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын «BNK Group LTD» зауыты және «Тұран су» МКК-ның тамшылатып суғару жүйесін шығару кәсіпорны өз жұмысын бастады. Осы кәсіпорындар есебінен ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілмек.

– Халықпен кездесудің басты мақсаты – өңірдегі проблемалық мәселелерді шешу. Өздеріңізбен маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы жиналып отырмыз. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану,-дейді өңір басшысы.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында Ескі Иқан ауылдық округіндегі «ДАТҚА» жеке кәсіпкерлігінің тамшылатып суару әдісі арқылы егілген мақта алқабында болды. Жобаның жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Жоба бастамашысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, мақта кештеу егілгеніне қарамастан, өнімділігі өте жоғары. Бұл нәтижеге тамшылатып суару тәсілі арқылы қол жеткізіліп отыр. Қытайлық инвестормен бірлесе атқарылып жатқан жобаның құны – 100 млн. теңге. 133 гектар алқапқа жаңа тәсілмен мақта егілген. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың тонна болады деп күтіліп отыр.

– Тамшылатып суару, жаңбырлатып суару, су үнемдеу технологияларын жаппай енгізуіміз керек. Өзге кәсіпкерлерге, әріптестеріңізге, шаруаларға осы тәсілдерді үйретіңіздер. Жауапты басқарма осы бағытта жұмыс жүргізсін. Біріншіден, су үнемделеді, екіншіден, өнімділік артады, үшіншіден, табыс молаяды. Өте тиімді, – деді Дархан Сатыбалды.

Аталған мақта алқабының жұмысын жүргізу үшін құрал-жабдық сатып алуға Қытаймен келісімшарт жасалған. Ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құралы, тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. 5 тік дренажды ұңғыма қазылып, электр бағаналары орнатылған. Алдағы уақытта осы тәсілмен мақта егу көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді»,-деген болатын.

Оның сыртында ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларда тұрақты түрде кездесу өткізіп келеді. Әсіресе Түркістанға жақын орналасқан Сауран ауданының жаңадан ашылған кәсіпорындарымен танысып, жергілікті тұрғындардың барша сұрақтарына орнықты жауап беруі дәстүрге айналды. Кездесулер барысында облыс әкімі жаңа жобаларды өндіріске енгізу барысымен таныстырып, аудан әкімінің есебі тыңдалып, жаңа жобаларды халық болып қолдау жайы ойластырылады.

ЖЕТІ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛМЕК

Келмеске кеткен Кеңес Одағы тұсында айлық, тоқсандық, бір жылдық, бес жылдық, жеті жылдық жоспарлы шаруашылық жүзеге асырылатын. Тәп-тәуір бастамашылықтың түбіне жалған ақпар жетті. Түркістан өңірінде басталып жатқан жеті жылдың жоспарымызға уақыт талабы бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізіліп отырмақ.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының баяндауынша, өткен жылы арнайы сарапшылармен Түркістан облысының экономикалық моделіне талдау жүргізіліп, 2030 жылға дейін стратегиялық бастамаларды жүзеге асырудың жол картасы әзірленді. Даму жоспарында негізгі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелер анықталып, оны шешу жолдары және даму басымдықтары айқындалды.

– Жоспардың басты мақсаты – 2030 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көрсеткішін 2 есе көбейтуге қол жеткізу. Әрбір басқарма, әрбір аудан, қала әкімдіктері стратегияны орындау жоспарын әзірлеп, арнайы жиында қорғайды. Барлық аудан, қаланың жоспарын қарап шығамыз. Басты бағыт – өндіріс орындарын көбейту, өңірдің өзіндік кірістерін молайту. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту сынды басым бағыттар және өзге де салалар бойынша нақты ұсыныстар енгізілуі тиіс, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Жол картасы 8 негізгі басым бағыттан тұрады. Бұл туралы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек кеңінен баяндады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 6 айында қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 6,5 %-ға өскен. І жартыжылдық қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер толығымен орындалды. Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 217 млрд теңгеге жетіп, өсім 107,1% деңгейінде қалыптасты. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 110%-ға жеткізу көзделіп отыр (1,4 трлн теңге).

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ӨҢДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 45 жобаны іске асыру жоспарланса, 6 айда 13 жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 136 жаңа жұмыс орны құрылды. Жол картасында индустриализацияны дамытуға үлкен назар аударылған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 айда 552 млрд теңгеге жетіп, өсім 106,8%-ды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 253,1 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 111,2%-ға жетті. Салада жыл басынан бері 7 жоба іске қосылып, 290 жұмыс орны ашылды.

Жол картасында шағын өндірістік оазистер құруға басымдық берілген. Облыста 42 өндірістік ғимарат орналасатын шағын өндірістік парк жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жобаның І кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 млрд теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде 24,2 млрд теңгеге 7 жоба іске қосылды.

Облыста аумағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және 10 индустриалды аймақ бар. Онда 93,5 млрд теңгеге 83 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 51 жоба толық іске қосылды. «TURAN» АЭА 2 өнеркәсіптік алаңында және «Түркістан» индустриалды аймағының кеңейтілген алаңында инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қазығұрт, Келес және Сауран аудандарында индустриалды аймақтар құрылды.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Оранғай ауылдық округінен «Turan» арнайы экономикалық аймағы және Шаға ауылдық округінен 30 гектар жерге өндірістік парк құрылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік паркті индустриалды аймаққа айналдыру үшін қосымша 70 гектар жер бөлінді. Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі өндірістік паркке тоқталатын болсақ, «UBC Group» ЖШС — Тоңазытқыш жабдықтарын өндіру және машина жасауды қолға алды. Жоба құны — 2 млрд.теңге тұрады. Жоба толық жүзеге асқан кезде 250 адамға жұмыс орындары ашылады. «BNK Group Ltd» ЖШС — Жаңбырлату қондырғыларын өндіруде. Бұл жобаның жалпы құны — 5 млрд.теңге тұрады. Жоба толық жүзеге асқан кезде 80 жұмыс орны ашылады. «World Medicine İlaç Sanayi ve Ticaret Anonim Şirketi» ЖШС — Фармацевтикалық өндірісті бастауда. Жоба құны — 5 млрд. теңге тұрады. Мұнда 50 адамға жұмыс орындары болады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Ұйымы — Металл және мектеп жиһаздарын өндіруде. Жоба құны — 2,3 млрд.теңге болса, онда 70 адам жұмыспен қамтылатын болады. «Жаңа Арна Құрылыс» ЖШС — Дәрі өндірісін бастады. Жоба құны – 3млрд.теңге тұрады. Мұнда да 80 адамға жұмыс табылады. «GEN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС — Жылыжай жабдықтарын өндіруді бастады. Жоба құны – 2,4 млрд.теңге болса, болашақта 70 адам жұмыс табады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымы — Әскери шатыр өндірісі жасауда. Жоба құны – 2,5 млрд.теңге болса, 100 ажам жұмыс істейтін болады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымы — корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығарады. Жоба құны – 3,5 млрд.теңге. Жоба толық жүзеге асқан кезде 100 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Аталған жобалардан бөлек, Қарашық ауылдық округінен 10 гектар жер телімі бөлініп, 21 цехты салу жоспарланды. Дәл осы бағытта Иассы ауылдық округінен 8 гектар, Оранғай ауылдық округінен 13 гектар жер бөліп кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.Бұдан бөлек, Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер Абишов Ықпал меншігіндегі 8 гектар жерден өндірістік алаң құрылып, 1 гектар аумаққа жиһаз жасау цехының құрылысын бастады, қалған жерлерге инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

-Мен ауылдарды аралау және тұрғындармен кездесу барысында әрбір ауылдық округ әкімдеріне ауылдың инфрақұрылымы әзірленген он гектар жерді арнайы экономикалық аймақтарға бөлу туралы тапсырдым. Бұл жұмыс қазірдің өзінде бірқатар ауылдарда қарқынды жүзеге асырыла бастады-дейді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

ИНВЕСТИЦИЯ ИКЕМДІГЕ ИІЛЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық үлкен кішілі деңгейдегі әкімдердің жұмысы алдымен халықпен тіл табыса білуі және өңірдің дамуына серпін беретін тың жобаларды жүзеге асыру үшін шетелден инвестиция тартуымен бағаланады.

Қазіргі таңда Түркістан облысы экономикасына 6 айда 421 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,8%-ға артты. Оның ішінде, 82%-ын жеке инвестиция құрайды. Экономиканың өсіміне серпін беретін 2,2 трлн теңгеге 145 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Жобалар толық іске қосылған жағдайда, 17,7 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал, жыл басынан бері 601 жаңа жұмыс орнымен 15 жоба іске қосылды.

Өткен жылы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сауранда өткізілген екі кездесу барысында 29 мәселе көтерілген болса, бүгінгі таңға оның 22 мәселесі өз шешімін тапты, 7-уі орындалу үстінде. 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 13,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытының 84%-ы ауыл шаруашылығына, 9,2% өнеркәсіп саласына және 4,7%-ы құрылыс жұмыстарының, 1,4% тауар айналымының үлесінде.

Әкімдердің негізгі жұмысы барлық салаға инвестиция тартуымен бағаланады. Соған орай 2023 жылы ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, ағымдағы жылы 42,0 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Биылғы жарты жылда 9,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестициялар 6,8 млрд. теңге, бюджеттік инвестициялар 2,9 млрд. теңге болып отыр.

-Аудан бойынша 2024-2025 жылдар аралығында жалпы құны – 61,4 млрд. теңгені құрайтын 102 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Жиһаз саласында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары. Осыған орай жиһаз кластерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Облыс жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті жиһаздары отандық өндірушілерден сатып алып жатыр, — дейді халықпен жүздесуінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Атап айтқанда,өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба, жиһаз жасау бағытында – 12 цехті іске қосуды жоспарласақ, бүгінгі таңға 9 цех іске қосылды және 3 цехты жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Санамалап айтатын болсақ, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін бір цех, трансформатор құрастыратын және жөндейтін бір цех, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағытында екі цех, жаңбырлату қондырғыларын өндіретін бір цех іске қосылды. Тері өңдейтін бір цех, мақта және мақта шитін өңдейтін 2 цех, жылыжай жабдықтарын өндіретін 1 цех, 2 тігін цехы іске қосылды. Өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін 1 кәсіпорын алдағы уақытта іске қосылады. Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша – 22 нысан жоспарланып, 2 нысан іске қосылды. Қалған 20 нысан 2025 жылы іске қосатын боламыз. Әлеуметтік салада кәсіпкерлер есебінен – 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласында — 41 жоба жоспарланып отыр. Сy ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 1051 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару құрал-жабдығын орнату бойынша 5 жоба жоспарланып, орнатылды. Тамақ өнімдері бойынша — 3 жоба, сүт тауарлы фермасы бойынша — 3 жоба жасалуда. Мал бордақылау және мал сою алаңдары бойынша — 18 жоба жүзеге асырылмақ. Құс фермасын салу бойынша — 3 жоба, балық шаруашылығы бойынша — 5 жоба, мал азығын дайындайтын комбикорм цехы бойынша бір жоба жасалуда. 4 гектарға өнеркәсіптік жылыжай және 1,7 гектарға фермерлік жылыжайды салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *