ТҮРКІСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ БОЛАШАҒЫ: ЖАҢА БАСТАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі жоғары оқу орындарын дамыту арқылы еліміздің білім беру жүйесін теңестіру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздегі ең мықты университеттердің басым бөлігі Астана мен Алматыда шоғырланған. Бұл жағдай ішкі көші-қон жүйесіне кері әсерін тигізіп, өңірлердегі маман тапшылығын күшейтіп отыр. «Біз аймақтарды дамыту үшін жергілікті жағдайды жақсы білетін білімді мамандарға зәруміз. Өңірлік университеттер осы міндетті орындаудың басты құралдарына айналуы керек», – деді Президент.

Осы орайда, Түркістан облысында жаңа жобалар қолға алынып, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті білім мен ғылымды аймақтық қажеттіліктермен тығыз байланыстыруда көшбасшы болып отыр. Жақында бұл оқу орнында «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесі ашылды. Жоба Қазақстан Үкіметінің 2029 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты – еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау және жастарға ерте жастан кәсіби бағдар беру.

Елімізде осы бағыттағы жұмыстар жанданып Ғылым және жоғары білім министрлігі өңірлердегі ЖОО-лардың әлеуетін арттыра түсуге басымдық бере бастады. Еліміздегі өңірлерді дамытудағы университеттердің рөлін күшейту университеттің аумаққа әсер ету бағыттарын анықтау, сондай-ақ аймақтық даму үшін осы әсердің нәтижелері қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін соңғы айларда үздіксіз зерттеулер жүргізілді. Сала министрі Саясат Нұрбек облыстардағы жоғары оқу орындарын аралап, барлық жағдаймен жіті танысып, аймақтардағы оқытушылармен,  ғалымдарымен түрлі кездесулер өткізіп, талқылаулар, сараптаулар жасады.Оның ішінде министр Түркістан қаласына да жиі ат басын бұрып, өңірлік университет жұмысымен танысып кетуде. Осы ретте, жуырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы бойынша «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылғанын айту парыз. «Мамандығым – болашағым» жобасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Мамандығым – болашағым» жобасының өңір үшін маңыздылығына тоқталып, аймақтық даму үшін кадр даярлаудың қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, жоба аясында арнайы жол картасы әзірленіп, өңірде маман тапшылығы байқалатын салаларды анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Университет ректоры Жанар Темірбекова жобаға қатысты өз ойын білдіріп, бұл бастама Түркістан облысының кадрлық әлеуетін арттыруға айрықша үлес қосатынын айтты. «Ахмет Ясауи университеті өңірдің негізгі кадрларын даярлайтын орталық ретінде жауапкершілік жүгін сезінеді. Бұл жоба – біз үшін үлкен мүмкіндік әрі міндет. Университет ұжымы осы бағытта аянбай еңбек етіп келеді және келешекте де белсенді жұмыс істеуге дайын», – деді ректор.

«Мамандығым – болашағым» жобасы тек Түркістан облысында ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында кадрларға қажеттілік карталары жасалып, келешегі бар кәсіптер анықталды. Жоба аясында оқушылардың кәсіби диагностикасы жүргізіліп, олар өз бейімдері мен болашақ мамандықтарын таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Еліміздегі жоғары білім беру жүйесі әлемдік үрдістерге сәйкес дамып келеді. Бүгінгі күннің талабы – жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген мамандар даярлау. Заманауи экономиканың сұраныстары үнемі өзгеріп отыратындықтан, университеттер жаңа мамандықтарды енгізіп, қоғам қажеттіліктеріне бейімделуі қажет.

Саясат Нұрбек атап өткендей, Ахмет Ясауи университетінде құрылған өңірлік жобалық кеңсе Түркістан облысының кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруда шешуші рөл атқаруы тиіс. Бұл бастама білім беру жүйесін реформалаудың маңызды қадамы ретінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Бүгінде  «Мамандығым – болашағым» жобасы еліміздің 17 өңірінде жүзеге асырылуда. Соның ішінде Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары және Алматы мен Астана қалалары өңірлік кадрларға қажеттілік картасын әзірлеуді аяқтап, осы өңірлердің басым секторларының қатарынан келешегі бар кәсіптерді анықтады. Сондай-ақ оқушылардың кәсіби диагностикасы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оқушылар өздерінің бейіні мен кәсіби қызметте жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтады

Еліміздегі жоғары білімнің деңгейі әлемдік үрдістерге сәйкес дамып келеді.  Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа оқу орындары пайда болып, университеттердің саны өсе бастады.  Түлектердің сапасына қарап университеттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағамдауға болады. Қазіргі уақытта заманауи жоғары технологиялар негізінде өнім ойлап табуға, жасауға және шығаруға дайын жаңа деңгейдегі мамандар ауадай қажет. Заманның беталысы мен даму бағыты күн сайын құбылған мына заманда мамандықтардың өзгеруі жиі болатыны белгілі. Бір мамандыққа сұраныс артса, кейбір мамандықтардың қажеттілігі азайып отырады, сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан қоғамдағы сұраныс пен қажеттілік үнемі сарапталып, талқыланып білім саласы соған сай дамиды.Сондықтан біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлау, басым бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту басты назарда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік университеттердің зияткерлік, әлеуметтік және шығармашылық әлеуетін нығайту үшін батыл қадамдар жасау қажеттігін баса айтты. Ахмет Ясауи университеті бұл міндетті орындауда көшбасшылық рөлін сақтап, өңірдің дамуына белсенді үлес қосуға дайын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *