ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТ: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

«Қариясы бар үйдің қазынасы мол» деген халқымыздың даналық сөзі әрдайым мән-маңызын жоғалтпай келеді. Ақыл-парасатымен, өмірлік тәжірибесімен кейінгі ұрпаққа үлгі болып жүрген қариялар – қоғамның асыл қазынасы. Оларға құрмет көрсету, жағдай жасау – ұлттық дәстүріміздің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында қарияларға қамқорлық көрсету, олардың қоғамдағы белсенді рөлін сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Президент: «Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте ел ағалары көш бастап, жастарға жөн сілтеп, жол көрсеткен. Қарттарымыздың өнегелі өмірі – баршаға үлгі» деп, ақсақалдар мен әжелердің қоғамдағы рөлін айқындап берген болатын.

Түркістан қаласында қариялардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамнан алшақтамай, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Бұл орталық – елімізде қарияларға құрмет көрсетудің жарқын үлгісі әрі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды көрінісі.

Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасындағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың салауатты өмір салтын ұстануына көмектесу. Орталықта ардагерлерге әлеуметтік, медициналық, психологиялық, білім беру, демалыс және басқа да қызметтер кешені ұсынылады. Түрлі мәдени іс-шараларға қатысу, дене шынықтыру, шығармашылық жұмыстармен айналысу – мұндағы күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған.

«Белсенді ұзақ өмір» орталығы бүгінде күн сайын 60-70 зейнеткерді қабылдап, бір айда 150-ге жуық қарияға қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 1 000-нан астам зейнеткер орталықтың түрлі қызметтерін пайдаланды. Орталықтың директоры Гүлжамал Даханованың айтуынша, мұндағы қызметтің 7 бағыты бар. Әлеуметтік-медициналық, психологиялық, құқықтық, ағартушылық, экономикалық, еңбек және демалыс бағыттары бойынша ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Орталық қариялар үшін арнайы курстар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. Әнмен емдеу, психотренингтер, компьютерлік сауаттылықты арттыру сабақтары – орталықтың күн тәртібінде. Сонымен қатар зейнеткерлерге заңгерлік кеңес беріледі, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады, театр және концерттерге билеттер ұсынылады. Бұдан бөлек, денсаулықты нығайтуға арналған массаж кабинеттері, тұз шахталары, жаттығу бөлмелері, зияткерлік ойындар залдары қарияларға қызмет көрсетеді.

2023 жылы тұрғындардың сұранысына сәйкес «Белсенді ұзақ өмір» орталығының алғашқы филиалы Бекзат мөлтек ауданында ашылды. Жаңа ғимаратта 150 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Мұнда қарт адамдарға сауықтыру қызметтері көрсетіліп, олардың демалысын ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.

Орталықтың ауқымы тек Түркістанмен шектелмейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету үшін «Тең қоғам» деп аталатын бөлім жұмыс істейді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға көмектесетін «Қамқорлық» бөлімі ашылған. Бұл бастамалар Түркістан қаласының әлеуметтік саладағы көшбасшылық рөлін айқын көрсетеді.

Гүлсезім Мухиева басқаратын орталықтың орынбасары: «Біздің мақсатымыз – қарттарға сапалы, белсенді және мазмұнды өмір сүруге жағдай жасау. БҰҰ-ның есебінше, алдағы 50 жылда әр алтыншы адам егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қариялардың өмір сапасын жақсартуға ерекше назар аударуымыз қажет», – деп атап өтті.

Орталықта — еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңестер беріледі. Одан бөлек, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталық зейнеткерлерге әлеуметтік-медициналық, психологиялық көмек көрсетіп, бос уақытын пайдалы өткізуге үлес қосып жатыр. Мұнда күнделікті 60-70 зейнеткерге қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін 2000 адамға қызмет көрсету жоспарланып, бүгінгі таңға дейін 636 адам орталық қызметіне жүгінген. Белсенді ұзақ өмір орталығы 7 бағыт бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-құқықтық; әлеуметтік-ағартушылық; әлеуметтік экономикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-демалыс бағытында жұмыс атқарады. Жыл басынан бері 1966 қызмет көрсетіліп, зейнеткерлердің қатысуымен 10 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы зейнеткерлерге тіркелген кезеңдеріне қарай «Мейір» және «Ардагер» КММ демалуға 210 жолдама берілді.

Қазақ халқының қарияларға деген құрметі әрдайым жоғары болған. Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы – осы дәстүрдің жаңа замандағы көрінісі. Бұл мекеме қарияларға қамқорлық көрсетіп қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мұндай бастамалар қарттарымыздың өмірін ұзартып қана қоймай, олардың әлеуметтік өмірге қосқан үлесін де еселей түсетіні сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *