ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Түркістанға «Түркі халықтарының ортақ рухани орталығы» мәртебесін беруі тек түркі әлемі үшін ғана емес, басқа да өңірлер үшін үлкен маңызға ие. Түркістан — көпғасырлық тарихы бар киелі жер, Еуропа мен Азияны жалғаған Ұлы Жібек жолының өмірлік күретамыры, Қазақ хандығының бұрынғы астанасы болған қасиетті қала. Бұл Орта Азия мен Қазақстанның түркі халықтарының бірегей тарихи ескерткіші – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан жер. Түркістанға «Түркі халықтарының ортақ рухани орталығы» мәртебесін беруі тек түркі әлемі үшін ғана емес, басқа да өңірлер үшін үлкен маңызға ие.Тәуелсіздік алған сәттен бастап Түркістанның түлеп өсуі, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған оқу ордасының құрылуымен егіз, етене өрбіп келеді.

Мемлекет басшысының «5 қадам» сайлауалды бағдарламасы аясында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданады. Осы заң аясында жәәне жоспар бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі қолданбалы ғылымды қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Осы орайда Түркістан өңірі еліміздегі экологиялық қолайсыз алты өңірінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, экологиялық қолайсыздықты азайту және өңірдегі өсімдіктердің өсіп-өну жағдайларын жақсарту мақсатында 1994 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ауданы 88 га жерге Ботаникалық бақ салынды. Ботаникалық бақта сәндік ағаштар мен жеміс-жидек дақылдарын өсірудің ғылыми негізделген әдістері, сондай-ақ осы ағаштардың сапалы тұқымын өндірудің жеделдетілген технологиялары жасалды, осы технологиялардың негізінде университет ғалымдары өсімдіктердің физиологиясын, биохимиясын, фитопатологиясын және минералды қоректенуін зерттеудің әдістемелік базасын жасады.

Өкілетті Кеңестің шешімімен университетте аграрлық факультет ашылатын болады.Биология кафедрасы мен аграрлық факультеттің агробиологиялық зерттеу базасы ретінде ботаникалық бақтың жанынан 3-5 га жерге Агробиостанция құрылатын болады. Бұл өңірлік агроөнеркәсіпті дамытуға зор ықпал жасайды. Қазіргі уақытта ультразаманауи жабдықтары бар орталықтандырылған ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында құрылатын «Big Data & IoT технологиялар стегіндегі қолданбалы зерттеулер зертханасы» (бұдан әрі — зертхана) (заңды тұлға құрмай) биология, биотехнология, биоинженерия салаларының болашақ мамандарын практикалық даярлау базасы болады,сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытудың орталығына айналады. Орталықта нақты егіншілік, өсімдіктер физиологиясы, өсімдік шаруашылығындағы деректерді талдау, өсімдік ауруларын диагностикалау және т. б. бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары шоғырландырылатын болады. Ботаникалық бақтың аумағы (88 гектардан астам) ауқымды болғандықтан, Ботаникалық бақтың тәжірибелік- эксперименттік секторының негізінде зертхана салу көзделеді, бұл ботаникалық бақтағы түрлі өсімдік түрлерін шағын зертханада оқшаулауға мүмкіндік береді. BigData және IoT технологияларын біріктіру келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-өсімдіктер жағдайының мониторингі;

-вегетациялық кезеңдегі өсімдіктердің жай-күйі туралы деректерді жинау;

-жиналған ақпарат негізінде өсімдіктер физиологиясына жан-жақты талдау және зерттеу жүргізу;

-жасанды интеллект алгоритмдерінің негізінде өсірудің бес режимі (суару режимі, температуралық режим, ылғалдылық режимі, қоректену режимі, желдету режимі) бойынша шешімдер қабылдау бойынша сараптамалық жүйені әзірлеу;

-ботаникалық бақтағы ықтимал патогенді және техногенді жағдайлардың алдын алу бойынша үдерістерді модельдеу;

-ботаникалық       бақтағы       өсімдіктердің       өсуі   мен    даму          процестерін модельдеу;

-Түркістан  облысының климаттық  жағдайларынескере       отырып алынатын өнімдердіболжау және бағдарламалау;

-өсімдіктерді өсіру режимдерін оңтайлы басқару;

-өсімдік      дақылдарының     аурулары    мен    өлім  себептерінің          жалпы заңдылығын, сондай-ақ олардың жіктелуін көрсету.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында құрылып жатқан «экологиялық қауіпсіздік және экомониторинг» зертхана орталығы (бұдан әрі-орталық) (заңды тұлға құрмай-ақ) болашақ эколог, химик және биолог мамандарды практикалық даярлау базасына айналады. Орталықта экологиялық мониторинг, қоршаған ортаның (су, атмосфералық ауа, топырақ) ластануын бақылау бағыты бойынша ғылыми- зерттеу зертханалары шоғырландырылатын болады. Орталық санитарлық- бактериологиялық, физика-химиялық және өндірістік зертханаларды қамтитын бірнеше бөлімнен тұратын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *