Ғылым – адамзат өркениетінің дамуына бағыт-бағдар беріп келе жатқан рухани өмірдің ерекше саласы. Ол адамзат тарихы бойында үнемі дамып, қоғамдық сананың дербес формасына айналды. Ғылым табиғаттың тылсым сырларын ашып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді. Қазіргі заманның талабы – ғылым мен тәжірибенің бірлігін нығайтып, қоғам мен табиғат арасында байланыстырушы тізбекті одан әрі күшейту.
Білім мен ғылым – бірін-бірі толықтыратын, біртұтас жүйенің қос қанаты. Ғылым логикалық заңдарға және тәжірибе жүзінде дәлелденген нақты қорытындыларға сүйене отырып, білім әлемін жасайды. Осылайша, ол табиғат пен адамзат арасындағы байланысты жетілдіре отырып, жаңа инновациялар мен мүмкіндіктерді ашады.
Бүгінгі таңда ғылым мен инновацияны дамыту – қуатты экономиканы құрудың және әлемдік аренада бәсекеге қабілетті елге айналудың басты шарты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен ғалымдармен кездесуінде ерекше атап өтті. Ол: «Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр», – деп, ғылымның маңыздылығын айқындап берді.
Президенттің бұл пікірі – Қазақстанның ғылым саласын дамытуға берілген нақты бағасы әрі елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға деген сенімді қадам. Қазіргі заманда ғылымды алға жылжыту арқылы ғана елдің экономикалық қуатын арттырып, болашақ ұрпаққа жарқын келешек сыйлауға болады. Ғылым мен білімнің бірлігін нығайту – еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуінің басты кепілі.
Кез келген оқу орнының ғылым саласындағы қол жеткізген жетістіктері – сол университеттің шынайы әлеуетін көрсететін бірегей сала. Осы ретте Ахмет Ясауи университетінің өте маңызды әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін ғылыми бағытта атқарған жұмыстары аз емес.
Университетімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету негізінен мына мәселелерді қамтиды: іргелі, қолданбалы, іздестіру (бастамашыл) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстар, тапсырыс, бөгде ұйымдармен шарт бойынша ғылыми зерттеулер; оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау.
«Қазіргі ғалымдарға қойылатын ауқымды міндеттердің бірі импакт-факторы нөлден кем емес Халықаралық базадағы жоғары рейтингілі басылымдарға мақала жариялау болып табылады. Бүгінгі таңда біздегі Sсopus бойынша хирш индексі бар ғалымдар саны 448 болса, ал жалпы Sсopus базасында индекстелетін журналдарға 460 мақала жарияланды.
Бауырлас қос мемлекетке ортақ оқу ордамызда күні бүгінге дейін ғылыми дәрежесі әр түрлі деңгейдегі түркиялық 160-қа оқытушы сабақ берген екен. Ал енді Өкілетті Кеңестің қаржыландыруымен Түркия Республикасында магистратура, докторантура бағдарламаларын ойдағыдай бітіріп келген жастарымыз да аз емес. Олардың саны қазір елуге жақындап отыр.
Ғалымдарымыз ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға жарияланған 7 конкурсқа қатысып, жалпы 84 ғылыми жоба ұсынды. Яғни 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Алдағы конкурстарға факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша жоспар бекітілді
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша университетте 17 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 173,5 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жасалды.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша университетте 1 (жалпы қаржы: 2022 жылға – 43,8 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар алдағы конкурстарға факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша жоспарланды.
2021-2023 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша(аяқталған) жобаларға келетін болсақ, олардың бірқатары өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ, ғалымдар Б.Турметов, Қ.Усманов, «Инволютивті түрлендірулері бар интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін көп нүктелі шеттік есептерді шешу әдістерін құру» тақырыбындағы, құны — 40 429 974 т.; «Бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулердің шншімдерін құру әдістері және шеттік және бастапқы шеттік есептердің шешімділік мәселелері» тақырыбындағы құны — 50 729 750 т. , М. Султанов «Аномальды диффузияның дифференциалдық математикалық модельдері үшін сандық алгоритмдерді құру» тақырыбындағы құны — 490 000 теңге көлеміндегі Ұлттық ғылыми кеңеспен мақұлданған гранттық жобаны ұтып алып, 3 жылда толық игерді.
Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың гранттық конкурстарына қатысып, қомақты қаржыны қанжығасына байлап жүрген белгілі ғалымдарымыз ф.-м.ғ.д., профессорлар Б.Турметов, Б.Калимбетов, ф.-м.ғ.к., профессор М.Сұлтанов, филос.ғ.к., қауым.профессор А.Балтабаева, фил.ғ.к., доцент Г.Жылқыбай, тех.ғ.к., доцент И.Айымбетова, соц.ғ.к., доцент м.а. Б.Тұрлыбеков, PhD докторлар Б.Сиздиков, А.Мейірбеков есімдерін атап өткеніміз орынды.
Жастар – біздің болашағымыз. Ақпараттық технологиялар қарыштаған ХХІ ғасырда жас маманның алған білімін ғылыммен ұштастырылуы да күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан жас ғалымдарды жаңа бағыттарға баулу да назардан тыс қалмаған. Осы мақсатта 2022 жылғы ақпанда университетіміз бен Young Researchers Alliance кеңесімен Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
2022-2024 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жүйесіне тоқталар болсақ:
- Гурсой М. «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу»; -49 074 084,31 т.;
- Раманкулов Ш. «Инженерлік-техникалық салаларда steam білім беру негізінде студенттерді ағылшын тіліне дайындау үрдісін дамыту» құны– 30 630 464,84 т. жобасын ұтып алып, ұазіргі таңда жоба жалғасуда.
Соңғы жылдары отандық жас ғалымдар ғылыми зерттеулерге белсенді қатысып, ел игілігіне маңызды нәтижелер ұсынуда. Олардың тың идеялары мен қажырлы еңбектері ғылымның әртүрлі салаларында табысты жобаларға ұласып, қоғам мен мемлекетке пайдалы істерге жол ашуда.
Жас ғалым И.Айымбетова Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұйымдастырған гранттық конкурста 51 миллион теңге көлеміндегі қаржыландыруды ұтып алып, «Smart-шыны өндірісі үшін өнеркәсіп қалдықтарынан алынған ванадий оксидтері негізінде термохромды энергия тиімді толтырғыштардың құрамын зерттеу және әзірлеу» тақырыбы бойынша ауқымды зерттеу жүргізді. Оның зерттеуі 2023 жылы толық аяқталып, бұл бағыттағы жаңа технологиялар саласында елеулі нәтиже берді.
Жас ғалым Б.Сыздықовтың еңбегі де ерекше назар аударуға тұрарлық. Ол ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу жобасын қолға алды. Ғылым комитеті бұл жобаға 145,8 миллион теңге көлемінде грант бөлді. Көп еңбекті талап ететін ғылыми зерттеу тарихи-мәдени мұраларды зерттеп, оларды сақтап қалу үшін маңызды қадам болды.
Музафар Гурсойдың зерттеуі де ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын тудырды. Ол 2021 жылы «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбына гранттық қаржыландыру жеңіп алып, 49 миллион теңгеден астам қаражатты игерді. Бұл зерттеудің нәтижелері 2023 жылдың қарашасында Ғылым комитетіне ұсынылып, оң бағаланды.
А.Балтабева да қазақ қоғамының мәдени кеңістігіне қатысты маңызды зерттеу жүргізді. Ол «Ұлы Жібек жолы сопылық тарикаттар мұрасының қазақ қоғамы мәдени кеңістігіне интеграциясы» тақырыбына 64 миллион теңгеден астам грант ұтып алып, ғылыми еңбегін табысты аяқтады. Оның жұмысы Қазақстанның рухани-мәдени тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бұл жас ғалымдардың табыстары – ел ғылымының болашағына деген сенімді нығайта түседі. Олар зерттеулерін жоғары деңгейде өткізіп қана қоймай, Қазақстанның ғылыми әлеуетін халықаралық аренада танымал етуге үлес қосуда.