Ғылымға бет бұрып, өзіндік ізденістерімен еңбектеніп жүрген жас зерттеушілердің еңбектерін бағалайтын «Зерде» жас зерттеушілер сайысының соңғы Республикалық кезеңі де мәреге жетті. Бірнеше кезеңнен іркілмей өткен түркістандық төрт оқушының жұмыстары да үздіктер қатарынан табылып, жүлделі орындарға ие болды.
Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында Ақмола облысы, Бурабай курортының баурайында өткізілген 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ХІХ республикалық зерттеу жобалары конкурсында Түркістан қаласы, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Райана Есалы математика секциясында ІІІ орынды жеңіп алса, «Rauza» мектебінің оқушылары Абубакир Кәусар мен Бекболат Ақтілек тарих, өлкетану секциясында, «Damu» мектебінің оқушысы Ташметова Айша технология және өнер секциясында арнайы «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.
Жеңімпаз оқушыларымызбен қатар олардың ғылымға ынтасын оятып, терең біліммен қаруландырып жүрген ұстаздарын да жетістіктерімен құттықтай отырып, бұл жеңіс биік белестердің бастамасы болсын дейміз.
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады. Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.
«Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекше қабілетті, талантты балалардың био-химиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн.
Біз ойлаймыз дарындылық оқушының тәуелді мүмкіндіктері десек нағыз дарынды оқушыны анықтау оның жан дүниесіне, ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс күшін анықтасақ, дарынды оқушы ол өзінің іс-әрекетіне тиімсіз жеке бойындағы ізденіс қасиетіне бір пәнге деген қызығушылығы немесе кейбір шебер қолөнер, көркемөнерпаз үйірмелер арқылы дамуына өз ықпалы туады. Әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды.
Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету.
Жоба — бұл жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері:
- түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда оқушылар мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;
- оқушылардың қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы;
- арнайы оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;
- оқушыларда өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;
- оқушыларға оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;
- оқушыларды өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту.
Жоғарыда біз ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдерін және тиімді жолдарын қарастырдық жәнеде оқушыларды ғылыми жоба дайындауға баулу ерекшеліктеріне тоқтадық. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу — ұстаздардың басты міндеті екенін айтып кеттік. Жалпы айтар болсақ, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары білім берудің негізгі бөлігі және білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет — оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі — бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу — тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз — мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі — жаңа технология негіздері болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер орын алуда.
Екінші буын стандарттары мұғалімдерге мектеп оқушыларында жалпыға бірдей білім беру іс-әрекеттерін қалыптастыруды мақсат етеді, мұны оқушы таңдау жағдайында және мұғалім жеке-бағдарланған технологияларды қолданған кезде ғана қамтамасыз ете алады, бұл оның дамуы мен жүзеге асырылуын ерекше маңызды етеді.
Педагогикалық технологиялар дегеніміз — басымдықты жалпы білім беру мақсаттарымен, тұжырымдамалық өзара байланысты міндеттермен және мазмұнмен, білім беру процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерімен біріктірілген әдістер мен әдістердің күрделі жүйелері, мұнда әр ұстаным басқалар үшін із қалдырады, бұл сайып келгенде белгілі бір жағдайлар жиынтығын жасайды.
Білім беру технологиясы бұл — әдіс-тәсілдер, қадамдар жүйесі, оны орындау дәйектілігі оқушының жеке басын оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді, ал іс-әрекеттің өзі процедуралық, яғни белгілі бір әрекеттер жүйесі ретінде ұсынылады; педагогикалық процестің компоненттерін кепілдендірілген нәтиже беретін іс-әрекеттер жүйесі түрінде әзірлеу және процедуралық іске асыру болып саналады. . Мұғалімдердің міндеті — баланың жеке басын қалыптастыру процесінде білім, білік, дағды жинақтауға бағытталған дәстүрлі оқытуды өзгерту.
Оқу процесінде оқушының танымдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыру үшін білім беру сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдалануға және үй тапсырмасына бөлінетін уақытты азайту арқылы оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологиялары қолданылады. Заманауи білім беру технологиялары даралауға, оқу процесінің қашықтығы мен өзгермелілігіне, білім деңгейі мен жасына қарамастан оқушылардың академиялық ұтқырлығына бағытталған. Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектрі ұсынылған.