ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

90-жылдары Қазақстан­да дорба көтеріп сауда жа­сай­тындар, арба итеріп, нә­па­қа таба­тындар аз бол­ған жоқ. Бұ­қа­раның әлеу­меттік жағдайы­ нашар еді. Арада 30 жыл өтті. Бүгінде ха­лық­­тың әлеуметтік жағ­да­йы жақ­сарды, тұрмысы тү­зел­ді. Бұл да азаттықтың ар­қасында жеткен бір белес.  Қай елдің тұрғындарының әлеуметтік тұрмысы жақсы болса, демек сол елдің жүргізіп отырған саясаты дұрыстығын және экономикасы дамығандығын білдіреді. Қазақстанда да ең әуелі халықтың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын көтеруге баса назар аударылып келеді. Бұл бағытта түрлі әлеуметтік бағдарламалр жүзеге асырылуда. Сондай-ақ мемлекет басшысы да әр Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді айтып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек»- деп шегелеп айтқан болатын.  Қоғамдағы негізгі әлеуметтік проблемалардың бірі ол –  жұмыссыздық және төмен жалақы. Бұл санаттағы азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін  елімізде түрлі жобалар іске асырылуда. Бағдарламалардың шарапаты Түркістан қаласының тұрғындарына да тиіп келеді.

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті — тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 5 (бес) бағытта жүргізіледі.  Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін EGOV kz порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып электронды цифрлы қолтаңба кілтімен (ЭЦП кілт) өтініш береді. Бұл ретте өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің шот номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет.

Қалада демеушілер есебінен  де әлеуметтік көмектер  көрсетілуде.  Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бар. Оның мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады.

Түркістан қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың жалпы саны 9523-ті құрайды. Оның ішінде 5433 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы түзілген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 67,2 пайызды құрап отыр. Жалпы жыл басынан мүгедектігі бар азаматтардың жеке бағдарламасына сәйкес 5329 құралға өтініш білдіріп, 3585 қамтамасыз етілген.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады. Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі. Сонымен қатар ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Түркістан қалалық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 8 шілдесінде кіші футболдан жарыс өткізілді. Айта өтейік, пробация дегеніңіз – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14915 зейнеткер өмір сүріп жатыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің саны үшеу, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің саны – 382, тыл еңбеккерлерінің саны 384-ті құрайды. Әр адамның міндеті – өз елінің тарихын білу және құрметтеу, Жеңісті бар­лық ұрпақтың жарқын болашағы үшін жақындатуда майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерлік­терін ұмытпау! ҰОС кезінде 1 млн. 200 мыңнан астам қазақстандық май­данға шақырылды, 20-дан астам атқыш­тар дивизиясы және басқа да құры­лымдар құрылды. Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдар мен ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанып, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін жанын берді – олар шайқаста қаза болды, жаралар мен аурулардан қайтыс болды және хабарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады. Қазақстан тәуелсізді­гінің 30 жылы ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының бас­ты басымдықтарының бірі болды. Қарт адамдарды әлеуметтік қор­ғау шаралары орталық және жергілікті дең­гейлерде жүзеге асырылады.

Біріншіден, жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері мынадай: ҰОС қатысушылары үшін – 193 714 теңге (289 адам), ҰОС мүгедек­тері үшін – 201 615 теңге (98 адам), басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимыл­дарының ардагерлері үшін (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т.б.) – 205 041 теңге (24 943 адам), ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін – 161 174 теңге (3 886 адам), ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін –124 409 теңге (14 780 адам), ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 132 060 теңге (69 248 адам). Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған гос­питальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады. Түркістан қаласы бойынша көп балалы аналардың саны — 13291. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері — 621; «Күміс алқа» иегерлері — 2324; Батыр аналар — 75; 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар — 106; 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны – 10165.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *