ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУДЕ

 

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде құрылған Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығы белсенді жұмысын жүргізуде. Бұл орталықтың мақсаты – жаңа Қазақстан жастарын салауатты өмір салтына бейімдейтін, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ететін волонтерлік қызметті ұйымдастырудың тиімді моделін қалыптастыру және жүзеге асыру. Сонымен қатар, орталық білім беру үдерісіне қатысушылардың әлеуетін арттыруға және волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше назар аударады.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қоғамда тең мүмкіндіктер жасау және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жан-жақты қолдау көрсету» жөніндегі тапсырмалары негізінде іске асырылуда. Орталықтың негізгі миссиясы – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, білім беру саласындағы психологиялық және педагогикалық қолдауды жаңа деңгейге көтеру.

Ғылыми орталық «Жаңа Қазақстан жастарын салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастыру» атты ғылыми жоба аясында жұмыс істеп келеді. Жоба жетекшісі – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ж. Торыбаева, ал жоба орындаушылары – магистр-оқытушы Д. Жарқынбаева және 1-курс докторанты А. Қуанышбаева.

Орталықтың негізгі бағыттары:

  1. Диагностикалық жұмыстар

Тұлғаның қабілеттерін анықтау, психологиялық тепе-теңдігін бағалау, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін зерттеу жүргізу және алынған нәтижелерді талдау.

  1. Түзету жұмыстары

Жеке тұлғаның келеңсіз қасиеттерін түзетіп, кәсіби бағдар беру арқылы оның әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шаралар ұйымдастыру.

  1. Кеңес беру

Тұлғалардың жеке қажеттіліктеріне сай психологиялық-педагогикалық бағыт-бағдар көрсету, денсаулық сақтау және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар беру.

  1. Профилактикалық жұмыстар

Зорлық-зомбылықты, оқшаулануды, зиянды әрекеттерге бейімділікті болдырмауға және осындай жағдайлардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шаралар өткізу.

  1. Ағарту қызметі

Волонтерлік іс-әрекетті дәріптеу, еріктілер қозғалысын дамыту және салауатты өмір салты мен қауіпсіз білім беру ортасын қолдау бағытындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу.

Орталық тек жастардың білім алуына ғана емес, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, белсенді әлеуметтік ұстаным қалыптастыруына және қоғамдық өмірге араласуына ықпал етуді көздейді. Волонтерлік қызметті кеңейтіп, қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бұл орталық жаңа мүмкіндіктердің ордасына айналып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *