ТҮРКІСТАН: ӨЗ ҚҰҚЫҒЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

 

Қазақстан Республикасының Ата Заңында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу” деп көрсетілген. Демек, адам өмірі мен оның қоғамдағы роліне мемлекет бейжай қарай алмайды. Сондықтан, елімізде бұл бағыттағы шаралар жемісті іске асырылуда.

Осы тұрғыда Түркістан қаласы тұрғындарына түсініктеме беріп өтуді жөн санадық.  Жарлықта жүйелі және қол­данбалы шаралар кешені көз­делгені қуантты. Оларды іске асыру мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жедел­де­ту­ді, мемлекеттік органдардың бірін­ші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арт­тыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қам­та­масыз етеді. Атап айтқанда, жүк­тел­ген міндеттерді іске асыруды жедел­дету үшін мемлекеттік ор­г­андарға өз функцияларын заң­на­малық деңгейде шамадан тыс нақтыламай, нормативтік құ­қық­тық актілерді қабылдау құ­қы­ғы берілетін болады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және Жаңа Қазақстанды» құру мақсатында Президент «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бюрократияландырудың негізгі прин­циптері – нысанның формадан басым­дығы, әдепкі цифр­ландыру, бас­қа­ру­шылық жауап­кер­­шілік, үздіксіз же­тіл­діру, рет­­­теудің оңтайлылығы. Қара­­па­­­йым адамға аса көп дүние қа­жет емес. Кез келген азамат өзіне қа­тысты мәсе­лені мемлекетке жет­кізгісі келеді. Ал сол туын­да­ған мәселелерді мемлекет, мем­­­­лекеттік ­аппарат қарапайым және тү­сі­нікті түрде түсіндіріп, мүм­­­кін­ді­гін­ше дұрыс шешім шы­­ғаруға дағ­ды­­лануы керек. Өйт­ке­ні халық соны қа­лайды.

Енді кешенді реинжиниринг негі­зін­де норма түзушілік және бюд­жет­тік процестердің мер­зімдері мен ке­зең­дерін екі есе қысқарту қамтамасыз еті­ле­тін болады. Сонымен қатар ведом­ст­в­олық есептілікті жүйе­леу және автоматтандыру; мемлекеттік органдар үшін ақпараттық жүйе­лер­дегі мә­лі­мет­терді сұратуға тыйым салуды енгізу; қағаз жү­зін­де бұрыштама қою­ды және құжаттардың әр парағына қол қоюды жою; өкілеттіктерді орта бас­­қарушылық буын деңгейіне беру; мем­лекеттік органдардың бас­шы­ла­рын қашықтан жұ­мыс істеу үшін құралдармен және өзге де жағ­дай­лар­мен қам­та­­ма­сыз ету мәселелерін іске асы­ру көз­деліп отыр.

Жарлыққа енгізілген шаралар мем­ле­кеттік қызметшілерді түпкілікті нәти­жеге әсер етпей­тін артық рәсімдер мен про­цес­тер­ден босатуға мүмкіндік бере­­ді. Сондай-ақ мемлекеттік аппа­рат­­тың Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын, «Әділ қоғам мен тиімді мемлекет» құ­ру­ды жүйе­лі іске асыруға бағыт­та­луын қамта­ма­сыз етеді.

Заңнамалық акті­лер­ді, Президент актілерін, сон­дай-ақ құпиялылық белгілері және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, Үкі­меттің регламентін және басқа да нормативтік құқықтық акті­лер­ді қайта қарау, оның ішінде: құ­жат­тар­ды қағаз түрінде ен­гі­зу­дің, олар­ға бұ­рыш­­тама қоюдың және әр пара­ғына қол қоюдың күшін жоюды қамтамасыз ету; Үкі­мет­­тің және басқа да мем­ле­­кеттік органдардың айрықша құзы­ретіне жататын қызметтің ағым­дағы мәселелері бойын­ша құжаттарды, сондай-ақ мүдделі мем­лекеттік органдармен алдын ала пы­сықтамай, мәселені мәні бойынша шешуді талап ете­тін мемлекеттік орган­дардың ұсыныстарын Президент Әкім­­­ші­лігіне енгізуге тыйым салуды ен­гі­зу; тікелей рәсімдерді қос­па­ған­да, орындалу мерзімі екі жұмыс кү­ні­нен кем болатын сұрау салулар мен тапсырмаларға тыйым салуды енгізу көзделді. Президенттің, Премьер-Минис­трдің, Мемлекеттік хат­шының, Президент Әкімшілігі Бас­шы­сы­ның және Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының тапсырмаларын; Премьер-Министрдің Кең­се­сінде құжаттарды қарау мер­зімдерін екі есе қысқартуға; мем­ле­кет­тік органдардың бірінші бас­шы­ларының мемлекеттік орган­дардың құрылымдық бөлім­ше­ле­рінің жекелеген басшыларына ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын беруге, сондай-ақ ведомствоаралық кеңес­терге мемлекеттік органның қаты­суына және көзқарасын біл­ді­руге мүмкіндік беруге; мем­ле­кеттік орган­дардың бірінші басшыларының жетек­шілік ете­тін орынбасарларына Премьер-Министрдің Кеңсесінде нор­ма­тивтік құқықтық актілердің жобаларын келісу құқығын бе­ру; мемлекеттік органдардың бі­рін­­ші басшыларының шешімі; кеңестер тағайындау мен өткізу негіздерін нақты регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау қа­жет­тігі ескерілмек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *