ТҮРКІСТАН: ШАҺАРДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау — бұл кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын (мүдделерін) қалпына келтіруге бағытталған нормативтік тәртіппен белгіленген тетіктер кешені. Түркістан қаласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар заңнамалық деңгейде әртүрлі қорғау тәсілдерін пайдалана отырып, белгілі бір нысандарда жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта мемлекеттік, оның ішінде прокуратура органдары жүйелі негізде бизнесті қорғау жөніндегі функцияларды іске асыру үшін барлық қажетті құралдар мен тетіктерді құрды.

Осыған байланысты Түркістан қалалық прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылу фактілеріне шұғыл әрекет ету бойынша мобильді топ жұмыс атқаруда.

Мобильдік топтардың міндеті кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы кез келген сигналдарға жедел әрекет ету, оның орналасқан жеріне жедел шығу, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу жағдайларын болдырмау болып табылады.
Байланыс үшін қызметтік және ұялы телефондардың нөмерлері: 8702 845 5424

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 11 іскер жанның құқығын қорғаған. Нәтижесінде 9 қадағалау актісі енгізіліп, 2 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жергілікті прокуратура қызметкерлері бизнес субъектілеріне жүргізілген 5 тексерістің негізсіз екенін анықтап, заңсыз әрекет еткен қызметкерлерді жауапқа тартты. Ал өткен жылдың 12 айында мобильдік топтарға кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы 79 шағым келіп түскен екен. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында 24 қадағалау актісі енгізілді. 15 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 6 заңсыз тексерудің күші жойылды, жоспарланған тағы 7 тексеріс заңсыз деп танылды. Нәтижесінде 3 мың 600-ден астам бизнес өкілінің құқығы қорғалды.

Қазыбек Ғалымжан, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры

– 2021 жылы 12 қоғамдық кеңес өткізілді. 16 проблемалық мәселе қаралды, олардың барлығы шешілді. Облыс прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасайды және бизнес субъектілерінен келіп түскен сигналдарға жедел ден қояды.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды.

Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді – сот, арбитраж немесе аралық сот. Кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың мағнасының бірі – билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе. Қазіргі жағдайда мағынасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор бәсекелестік,т.б.). Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір тіркеуші органға жүгінуге тиіс. Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса, тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т.б. талап етуге құқығы жоқ. Осы заңның 6-бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайды.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. Өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады. Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *