– Полиция қызметкерлерінің әдебі мен халықпен қарым-қатынасы – қоғамдық сенімнің басты көрсеткіштерінің бірі. Бұл бағытта қандай жұмыстар қолға алынды? Азаматтардың арыз-шағымдары қаншалықты жедел қаралып, қандай нәтижемен аяқталып келеді?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды міндеттеген болатын. Бұл – қоғам мен билік арасындағы ашықтықты, сенімді және жауапкершілікті арттырудың маңызды қағидасы. Осы мақсатта азаматтардың өтініш беру үрдісін жеңілдетіп, қарау сапасын арттыру үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі енгізілді. Бүгінде аталған жүйе арқылы Түркістан облысы Полиция департаментіне 12 мыңнан астам өтініш тіркеліп, барлығы да белгіленген мерзімде заң аясында қаралып, тиісті жауаптар берілді. Бұл – тұрғындар мен полиция арасындағы байланыс артып келе жатқанын көрсетеді. Полиция қызметкерлерінің этикасы мен мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жолға қойылған. Апта сайын барлық қызметкерлер үшін Әдеп кодексі мен заңнамалық талаптар бойынша сабақтар өткізіліп, азаматтармен сыпайы, сыйластықпен қарым-қатынас орнату қажеттігі үнемі ескертіледі. Кезекшілікке түсерде де әрбір қызметкерге басшылық тарапынан мінез-құлық бағытнамасы беріледі. Сонымен бірге халықпен кері байланыс құралдары да жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізіліп, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефоны ашық көрсетіліп отыр. Азаматтар өз өтініштерін сервистік орталықтар арқылы да жылдам жеткізе алады. Бұдан бөлек, полиция жанынан ашылған фронт-офистер мен басшылықтың апта сайынғы жеке қабылдаулары тұрғындармен тікелей қарым-қатынасты нығайтып, кез келген мәселенің уақтылы әрі әділ шешілуіне мүмкіндік береді. Халық сенімі – ең алдымен шынайы ашықтық пен шын жауапкершіліктен бастау алатынын жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс тоқтаусыз жалғасын табады.
– Соңғы уақытта кейбір блогерлер әлеуметтік желі арқылы мекемелер мен тұлғаларды сынға алып қана қоймай, бопсалауға дейін баратын жағдайлар жиі кездеседі. Осы тұста блогерлік қызмет пен бопсалаудың аражігін қалай ажыратасыздар? Бұл бағытта нақты қандай шаралар қабылдануда?
– Қазіргі заманда әлеуметтік желілер ақпарат таратуда ең ықпалды құралға айналды. Блогерлердің сыни пікірі, қоғамдық бақылау ретіндегі ұстанымы – қажет дүние. Алайда, сын мен бопсалаудың ара жігін ажырата білу – қоғам үшін де, құқық қорғау органдары үшін де өте маңызды мәселе. Өкінішке қарай, Түркістан облысында мұндай фактілер тіркелді. Қоғамның назарын аударту мақсатымен жасалғандай көрінген жарияланымдардың артында жеке пайда көздеу ниеті тұрған жағдайлар анықталды. Атап айтсақ, Сайрам ауданында екі блогерге қатысты сот үкімі шықты. Олар бірнеше мәрте топтық бопсалау әрекетін жасағаны үшін жауапқа тартылды. 28 жастағы азамат бірнеше әлеуметтік парақшаларды басқарып, бюджеттік ұйымдарға қатысты теріс пікірлер жариялап отырған. Ауылдық аурухананың жедел жәрдем бөліміне, екі мектептің жөндеу жұмыстарына қатысты дәлелсіз ақпарат таратып, қоғамдық резонанс туғызу арқылы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін қаражат талап еткен. Бұл әрекеттерін 54 жастағы серігімен бірігіп іске асырған. Олар ақша алып жатқан жерінен ұсталып, сот үкімімен біреуі – 4 жылға, екіншісі – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында бұл жарияланған ақпараттар-дың шындыққа жанаспайтыны дәлел-денді. Нәтижесінде алаяқтық бабы да қо-сымша қаралды. Тағы бір жағдай Төлеби ауданында орын алды. Журналист ре-тінде таныстырған азамат полиция қыз-меткерлерінің жұмысын бейнетаспаға түсіріп, заңды талаптарға бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тар-тылды. Сот шешімімен оған ҚР ӘҚБтК 667-бабына сәйкес 30 айлық есептік көр-сеткіш көлемінде айыппұл салынды. Біз үшін маңыздысы сыни көзқарас емес, заң шеңберінен шықпау. Сын – дамуға жол ашады. Бірақ оны жеке пайда табу-дың құралына айналдыру – қоғам алдын-дағы жауапкершілік пен азаматтық эти-каға қайшы әрекет. Сондықтан да заң ая-сында әрекет ету – баршаға ортақ міндет.
– Сұхбат барысында қоғам үшін өзекті жайттарға кеңінен тоқталып, маңызды мәліметтермен бөліскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі күрделі де абыройлы қызметіңізге табыс, ел сенімін ақтар жарқын істер тілейміз!
М.ДӘУЛЕТОВ.