ТҮРКІСТАН: АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖАЙЫНДА ТҮСІНДІРМЕЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Түркістан қаласының прокуратурасы Түркістан қаласының тұрғындарына ата-аналық құқығынан қандай жағдайларда айырылатындығын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ата ана құқығы туралы әлеуметтік желілерге жариялап, тұрғындарды құлағдар етуде. Біріншіден ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент
төлеуден қасақана жалтарса; дəлелді себептерсіз өз баласын перзентханадан (перзентхана
бөлімшесінен), жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған ұйымдардан жəне тағы басқа
ұйымдардан алудан бас тартса; өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдаланса (мысалы,
баланы оқытуға қасақана кедергілер келтірсе; балаларын
қайыршылыққа немесе ұрлықшылыққа баулыса; баланы
жезөкшелікпен айналысуға итермелесе; балаларды спирттік
ішімдіктер немесе есірткі тұтынуға тартса); балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе; спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық
заттарды жəне (немесе) соның аналогтарын пайдаланса ол ата ната құқығынан айырылады. Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа
мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде, ата-аналық құқығынан
айырылады. Ата-аналық құқығынан айыру сот тəртібінде, прокурордың жəне
қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын
мекеменің қатысуымен жүргізіледі. Ата-аналарды жоғарыда аталған негіздер бойынша сот ата-ана құқықтарынан тек олар кінәлі мінез-құлық көрсеткен жағдайында ғана айыруы мүмкін. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындаудан жалтаруы олардың адамгершілік және дене бітімінің дамуына, оқуына, қоғамға пайдалы еңбекке дайындалуына қамқорлық жасамауы, алимент төлеуден қасақана жалтаруы. Мұндай жалтарудың жеке жағдайы өз баласын перзентханадан не өзге де балалар тәрбиелеу, емдеу немесе басқа мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тарту болып саналады.Ата-ана құқықтарын теріс пайдалану деп бұл құқықтарды балалардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалануды түсіну керек, мысалы, оқуға кедергі жасау, қайыршылыққа, ұрлыққа, жезөкшелікке, спирттік ішімдіктерді немесе есірткілерді және т. б. қолдануға көндіру.Балалармен қатыгез қарым-қатынас ата-аналардың оларға тән немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыруында не олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына оқталуында ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеудің жол берілмейтін тәсілдерін қолдануда да (балалармен дөрекі, немқұрайлықпен, адамдық қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынаста, балаларды қорлауда немесе пайдалануда) көрініс табуы мүмкін. Созылмалы алкоголизм немесе ата-аналардың нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыруы тиісті медициналық қорытындымен расталуға тиіс. Осы негіз бойынша ата-ана құқықтарынан айыру жауапкердің әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуына қарамастан жүргізілуі мүмкін.

Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істер прокурордың және қорғаншы органның қатысуымен қаралады. Оларды қарау кезінде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.Егер сот істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін анықтаса, ол жеке қаулымен оны прокурордың назарына жеткізуге міндетті.Сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде бұл шешімнен үзінді көшірмені баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншы органға жіберуге міндетті. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол оны асырап алумен тоқтатылады.Баланың және ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқықтарды, оның ішінде мұра алу құқығын сақтайды.Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған жағдайда немесе ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға теріс әсер етпесе, баламен кездесуге рұқсат береді.Ата-аналар ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол беріледі.Ата-анасының бірі ата-ана құқығынан айырылған баланы асырап алуға басқа ата-анасының келісімімен жол беріледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *