ЖК «Samgau Media»-ның
№ 01 БҰЙРЫҒЫ
Түркістан қаласы 15 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлау-алды үгіт-насихатты жүргізуге арналған «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі.
Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу шеңберінде «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсынуды орындау үшін
БҰЙЫРАМЫН:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлау алды үгіт-насихатын жүргізу үшін «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ереже бекітілсін (Қосымша 1).
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсынудың төлемақы мөлшері бекітілсін (Қосымша 2).
- 2026 жылғы 29 қарашаға ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ережесі және осы бұйрықтың мазмұндамасы жариялансын.
Жеке кәсіпкер
«Samgau Media» К.С.Ибрагимова
ЖК «Samgau Media» басшысының 2026 жылғы 15 қазандағы №01 бұйрығына №1 қосымша.
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы шеңберінде алдын-ала үгіт-насихат жүргізу үшін «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ереже
2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы шеңберінде алдын-ала үгіт-насихат жүргізу үшін «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарын орындау мақсатында жасалды және «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау тәртібін реттейді.
- Осы Ережені қолдану мақсатында сайлауалды үгіт-насихат материалдары ретінде нұсқасы мен тақырыбына қарамай, сайлауға қатысушының (саяси партияның) қайсыбірін жақтап немесе қарсы дауыс беруіне ықпал ету мақсатындағы кез-келген материалдар танылады соның ішінде:
1) саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге шақыру;
2) саяси партияға қатысты тікелей және жанама құрмет білдіру, ішінара сайлаушының (сайлаушылар тобының) қайсы саяси партияға немесе мәслихатқа дауыс беретінін көрсету;
3) сайлау қорытындыларының оң және/немесе кері әсер ету мүмкіндіктерін сипаттау;
4) сайлаушылардың саяси партия туралы оң немесе кері пікірін туғызатын саяси партияның іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы (түсіндірме жасай немесе жасамай отырып) мәлімет беру;
5) сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасының қорытындылары;
- «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау:
1) Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 01.11.2026 жыл. Сағат: 18-00 мен 28.11.2026 жыл сағат: 00-00 қоса алғанда аяқталады.
3) «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын конституциялық құрылымды күшпен өзгерту идеясы бар, республиканың тұтастығын бұзатын, мемлекеттік қауіпсіздігіне зиян әкелетін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық іріткі салатын, қаталдық пен үстемдік оятатын, сондай-ақ заңда көзделмеген әскери құрылым құру мазмұнында болса жариялаудан бас тартады.
4) «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарының құрамында сайлауға қатысушы саяси партияның немесе сенім білдірген өкілінің ар-ұжданына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтер (ақпараттар) болса, редакция ұсынылған құжаттарда мұны дәлелдейтін ақпараттар болмаған жағдайда жариялаудан бас тартады.
- «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялаудан бас тартады, егер онда:
1) жарияланымда қаржыландыру көзі туралы ақпараты болмаса, ол Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңымен тыйым салынған қаржыландыру көзіне сілтеме жасағанымен бірдей;
2) Сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) орналастыру жөнінде өкілеттігін растайтын құжатпен рәсімделмеген тұлға ұсынған жағдайда;
3) Үміткерлердің тұлғасы, толық өкілетті немесе өкілетті өкілі (егер ұсынылған материал бір баспа беттен асатын болса) әр бетіне визалық қол қоймаған болса;
4) Сайлауалды үгіт-насихат материалында суреті бейнеленген жеке тұлғаның осы сайлауалды үгіт-насихат материалды бейнесін пайдалануға жазбаша рұқсаты болмаса, (ол өмірден өткен жағдайда – мұрагерлік құқығы алған мұрагердің жазбаша рұқсаты болмаса);
5) Сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялау осы Ереже мен «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында баспа алаңын ұсыну туралы келісімшартта белгіленген мерзімде төленбесе;
6) Сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялаудан бас тарту Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіпте шағымдануға жатуы мүмкін;
7) Үміткерлердің сенімді өкілінің ар-ожданына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін сайлауалды үгіт-насихат «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында жарияланғаны сот арқылы танылған болса, осы көрсетілген тұлғаға дәл осы бетке, сондай көлемде сондай әріп мөлшерімен, тегін түрде өзінің ар-ұжданын, абыройын және іскерлік беделін қорғап, ақталу, жариялау мүмкіндігі беріледі.
Ақталу туралы жарияланымға берілген өтінішке қоса жарияланған материалдың саяси партияның немесе сенім білдірген өкіліне ар-ожданына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіреді деп танылған сот шешімінің көшірмесі ұсынылуы қажет.
- Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын ұсыну және жариялау тәртібі
Саяси партияның сайлауалды үгіт-насихат материалдарын «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында жариялауға негіз болып табылатындар:
1) ЖК «Samgau Media» басшысының атына жазылған өтініштің қатысты тұлғаға сәйкес келуі. Өтініш берген кезде саяси партияның өкілетті тұлғасы екендігін айқындайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынған адам өтініш бергенде тұлға (бұдан әрі қарай – Тапсырыс беруші) ретінде танылады.
2) «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында мен Тапсырыс берушінің арасында жасасқан, сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт;
3) Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына жауап беретін сайлауалды үгіт-насихат материалдарының тиісті түрде ұсынылуы;
4) сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялау құнының 100 пайыз төленуі;
5) Үміткердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға негіз ретінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркегені туралы шешімінің куәландыруға жататын көшірмесі қоса берілуі тиіс;
6) «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында редакциясы «Тапсырыс берушінің» өкілеттігін анықтайтын құжатының көшірмесін жасап, оның өтініші мен жариялануға қабылданған материалмен бірге тігіп қоюға құқылы.
7) Сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өтініште «Тапсырыс беруші» материалды жариялауды талап еткен күні және материалдың баспа алаңы, орналасатын орыны көрсетіледі.
Материалдың жариялау күні сайлауалды үгіт-насихат материалы қабылданған күннен бастап 5 (бес) күннен ерте болмауы тиіс.
8) Сайлауалды үгіт-насихат материалы бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде бір дана болып қабылданады.
Құрамында бейнесурет, салынған сурет және т.б. бір сайлауалды үгіт-насихат материалы тиісті нұсқада және «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталы редакциясымен келісілген) жарияланған кезде қажетті сапаны қамтамасыз ететін тасымалдағышта ұсынылады.
9) «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында кезекті шығарылымына сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға өтініш қабылдау порталдың сол шығарылымы баспаға тапсырылғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын сағат 18.00-де аяқталады.
10) «Тапсырыс беруші» өз бастамасы бойынша материалды жариялау күні бекітілгенге дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өз өтінішін алуға (жазбаша түрде) (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) кері қайтарып алуға құқылы.
11) Материалды жариялау туралы өтініш қайтарып алынған жағдайда «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталы «Тапсырыс берушінің» арасындағы сайлауалды үгіт-насихат материалы (материалдарды) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт (жарияланымның қайтып алынған бөлігі) «Тапсырыс берушінің» хабарламасын алған сәттен бастап тоқтатылады. Мұндай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалды (материалдарды) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт бойынша төленген ақшадан тұрақсыздығы үшін есебі шегеріліп, жарияланым бағасының 50 (елу) пайызы көлемі «Тапсырыс берушіге» қайтарылады.
Қорытынды ережелер
Осы Ереже «turkistankelbety.kz» ақпараттық порталында жарияланады және «Тапсырыс берушіге» сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау туралы өтініш қабылдау және сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялауға баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт жасасқан кезде міндетті түрде танысуға ұсынылады.
ЖК «Samgau Media» басшысының
2026 жылғы 15 қазандағы №01 бұйрығына №2 қосымша
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған ҚР мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде алдын-ала үгіт-насихат жүргізу үшін және «turkistankelbety.kz төлем мөлшері
- «Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен төленетін сайлауалды материалдарының 1 символы 25 теңге.
2. Саяси партиялардың сайлаушылары қорының қаржысы есебінен жарияланатын сайлауалды материалдарының 1 символы 25 теңге.
— Банерлік жарнама (орналастырылатын әр күн үшін) 20 000 теңге
— 1 мақала (5000 символға дейін) 80 000 теңге.
3. Ақпаратты әлеуметтік желіге жариялау үшін:
— Арнайы бейнеролик түсіріп, сайтқа және әлеуметтік желідегі парақшаға жариялау 65 000 теңгеден басталады (бейнеролик уақыты 75 секунтқа дейін. Одан әрі асатын болса келісім бойынша қосымша ақы есептеледі).
— Дайын ақпараттық үгіт материалдары үшін 20 000 теңге
— бейнесұқбат әзірлеп, сайтқа және әлеуметтік желіге жариялау үшін 80 000 теңге

