Жаңа Иқан ауылдық округі Сауран аудан орталығынан 75 км қашықтықта орналасқан, екі елді мекеннен құрылған, яғни Ибата және Ойық елді мекендері. Ойық ауылы орталықтан 20 км қашықтықта орналасқан. Одан басқа, Қызыл-Ту, Ақтөбе, Нұра учаскелері бар. Оларда малшылар, маусымдық жұмысшылар қоныстанған. Нұра учаскесі орталықтан 45 км қашықтықта орналасқан.
Жалпы халық саны 7871 адам, Ибата ауылында 1067 отбасы, 7750 адам, Ойықта 39 отбасы, 121 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтар-1111 адам, 14,1%, өзбектер–6736 адам, 85,5%, өзге ұлт өкілдері-24 адам, 0,3% құрайды. Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті 2978 адамнан 1742 адам ауыл шаруашылығында істейді. Ауылдық округі әкімі аппаратында 18, білім беру саласында 414, денсаулық саласында 41, бала бақшада 67, тағы басқа салаларда 696 адам жұмыс атқаруда. Демография бойынша ауылда 2023 жылдың 12 айында 209 бала туылып, 36 адам қайтыс болған.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша:
Бүгінгі таңға елді мекендердің 2778 га ортақ мал жайылымдық жерге мемлекеттік акт рәсімделген, қосымша ортақ жайылымға 106 гектар жерге мемлекеттік акті рәсімделуде. Елді мекендердің ортақ мал жайылымдық жерлерін ұлғайту бойынша 30 шаруа қожалықтың 4057,51 га қайтаруға ұсынылған. Одан бөлек, ортақ мал жайылымға пайдалану үшін 27 шаруа қожалықтарымен 9227,88 га жайылымдық жерге меморандум жасалынды.
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2023 жылдың өніміне егілген егістіктердің дақылдар бойынша көлемі.
Кәсіпкерлік саласы
Ауылдық округ бойынша 27 жеке кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп жұмыс атқаруда. Кәсіптерінің басты бағыты азық-түлік дүкендері, наубайхана, дәріханалар, компьютерлік қызметтер, жанар жағар май құю бекеттері, көлік жөндеу, желімдеу және көлік жуу орталықтары, монша, құрылыс заттары дүкені және тағы басқа да кәсіптің түрлерімен айналысады. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасының орындалуы кәсіпкерлікті дамыту бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша онлайн режимде 10 азамат оқудан өткен. Оқуын тамамдаған «Бастау Бизнес» сертификатын алып, аталған бағдарлама бойынша екі азамат қайтарымсыз «Бастау Бизнес» грантына ие болып, өз кәсібін бастады.
Абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар
Ауылда сенбіліктер ұйымдастырылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылып, көше бойлары, арық-атыздар тазартылып сенбіліктер тұрақты жүргізіліп отырады.
Сенбіліктерде мекеме аумақтары, жол бойындағы қоқыстар мен өсіп жол жүруге кедергі келтірген шеңгелдер ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазаланды.
2023 жылдың 12 айында жоспар бойынша 290 шақырым көше бойы тазаланды, 30 дана ретсіз жатқан күл-қоқыс жойылды. 1260 түп ағаштары әктелді. 4 шақырым аяқжол тазаланды. 850 ш.м. үй іргелік аулалар тазаланды.
Ауылдық округі аумағында орналасқан 6 дана бұлақ көздері тазаланып және 2 дана балалар алаңшалары ретке келтірілді. 2023 жылдың 10 айында жалпы 28 рет сенбілік өткізілді.
Көшелерді жарықтандыру бағдарламасына 3814,0 мың теңге қаралған, оның 1000,0 мың теңгесіне баға ұсыныстары бойынша жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарына конкурс өткізіліп, 589,0 мың теңгеге жарықтандыру шамдарын жөндеу жұмыстарын ЖК «RIZIQ» жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, 2385,0 теңге электр қуаты үшін ақы төленді.
Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1380,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
Ауылдарды көгалдандыру және абаттандыру бағдарламасы бойынша 1017,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары бағдарламасына 240,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы арқылы 234,5 мың теңгеге бір дана генератор, бір дана су айдайтын насос, 4 дана ҚР Мемлекеттік Туы, бір дана ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы сатып алынды.
Ибата ауылы, Желтоқсан және Ынтымақ көшелеріне тас төсеу жұмыстарына 3571,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, 1700,0 мың теңге ЖК «Тәуекел» жеңімпаз атанып жұмыстары толығымен аяқталды.
Ибата ауылы Әл-Фараби, Шахайдар ата көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 53714,3 мың теңгеге ашық конкурс өткізіліп, 47040,0 мың теңгеге «Азрет жол құрылыс» ЖШС жеңімпаз атанып жалпы ауданы 12120 шаршы метр жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Ибата ауылы Ибадулла ата, Ұлықбек, Сейітмұрат болыс көшелерін жамау жұмыстарына 2128,0 мың мың теңгеге баға ұсыныстары бойынша конкурс өткізіліп, 1300,0 мың теңгеге ЖК «Бекзат» жеңімпаз атанып, жұмыстары тамыз айында аяқталды.
Ибата ауылы Құмкент көшесіне тас төсеу жұмыстарына баға ұсыныстары бойынша 2418,08 теңгеге конкурс жарияланып, 1336,4 мың теңгеге және Э.Нигматуллаев көшесіне тас төсеу жұмыстарына 3676,6 теңгеге баға ұсыныстары бойынша конкурс жарияланып, 2046,6 мың теңгеге ЖШС «Жайлау-Агро» жеңіпаз атанып жұмыстар аяқталады.
Ибата елді мекеніндегі Ұлықбек, Б.Шалбаев, Бостандық көшелеріне жалпы ұзындығы 3360 метр орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген «Нұр Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ойық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған ауыз су нысанының құрылысы аяқталып, таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 950 үйге су құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда 650 үй тұрақты ауыз судан пайдалануда. Қалған 400 үй жақын бұлақ көздерінен, көше бойындағы артезиан суларымен және ауладағы құдық суларынан пайдалануда. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар.
Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып беру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы қарастыру қажет. Сауран аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе ауыз су жүйесі жүргізілетін көшелердің сызбасы, ауыл тұрғындарының жиналыс хаттамасы, жаңадан салынған 400 тұрғын үйге ауыз су жүйесін жүргізуге анықтамасы тапсырылды.
Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен «ЮЖБЭСТПРОЕКТ» ЖШС-гі және «АВАНГАРД-ОК» ЖШС-гі арасында барлық ауылдық округтерге ауыз су, электр жарығы, газ жүйесі, автомобиль жолдарына ЖСҚ әзірлеу бойынша меморандум арқылы келісім шарт түзілген. Ауылдық округ бойынша аталған меморандум арқылы ауыз су, электр жарығы, газ жүйесіне ЖСҚ әзірлеу бойынша жүргізілген түгендеу жұмыстары төмендегідей:
— Ауыз су бойынша қосымша 10 көшеге және жаңадан қосылған 13 көшеге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз су құбыры 21925 метрге жүргізілу қажет екендігі анықталып, сызбалары топосъемка түсіру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе тапсырылды.
— «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің теңгеріміне енбеген электр бағаналарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 43220 метр электр жүйелері толығымен ауыстыруды қажет екендігі анықталып, сызбалары топосъемка түсіру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды.
— Газ бойынша жобаға енбей қалған және жаңадан қосылатын көшелерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 6350 метрге газ құбыры жүргізілу қажет екендігі анықталып, сызбалары топосъемка түсіру үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе тапсырылды.
— Ибата елді мекені, Әл-Фараби көшесіндегі Иқан су өзеніне салынатын көпірдің сызбасы сызылып, топосъемка жасалынып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе тапсырылды.
Ауылды көгалдандыру және инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар
Ауылда сенбіліктер ұйымдастырылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылып, көше бойлары, арық-атыздар тазартылып сенбіліктер тұрақты жүргізіліп отырады.
Сенбіліктерде мекеме аумақтары, жол бойындағы қоқыстар мен өсіп жол жүруге кедергі келтірген шеңгелдер ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазаланды.
2024 жылдың 3 айында жоспар бойынша көше бойы мен Ибата –Иқан елді мекендерінің аралығы тазаланды, 32 дана ретсіз жатқан күл-қоқыс жойылды. 1184 түп ағаштары әктелді. 4 шақырым аяқжол тазаланды. 850 ш.м. үй іргелік аулалар тазаланды.
Ауылдық округі аумағында орналасқан 6 дана бұлақ көздері тазаланып және 2 дана балалар алаңшалары ретке келтірілді. 2024 жылдың 3 айында жалпы 12 рет сенбілік өткізілді.
Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 389,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.
Ойық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған ауыз су нысанының құрылысы аяқталып, 21 үй таза ауыз судан пайдалануда.
Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 950 үйге су құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда 685 үй тұрақты ауыз судан пайдалануда. Қалған 255 үй жақын бұлақ көздерінен, көше бойындағы артезиан суларымен және ауладағы құдық суларынан пайдалануда. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар.
Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен (400 үй) қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
— Ибата елді мекені, Әл-Фараби көшесіндегі Иқан су өзеніне салынатын көпірдің сызбасы сызылып, топосъемка жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер:
Өзекті мәселе
Шешілуі
1) Ағын су мәселесі . Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 га жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу мәселесі.
«Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде 1500 га жерде суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін Иқан-су өзенінде су қоймасын салу» жұмыс жобасы бойынша 03.10.2018жылы №19-0310/18 мемлекеттік сараптамасына оң қорытынды алынғын. «Иқан су» су қоймасының сыйымдылығы 7,3 млн/куб, жалпы 1500 гектар жер сумен қамтамасыз етіледі. Жалпы сметалық құны 3373,309 млн.теңге.
ТАПСЫРЫСШЫ: «ОҚО құрылыс басқармасы» ММ
БАС ЖОБАЛАУШЫ: «Улмад» ЖШС.
2) Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 950 үйге су құбыры жүргізілген. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі.
Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосып беру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы қарастыру. Сауран аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімініе ауыз су жүйесі жүргізілетін көшелердің сызбасы, ауыл тұрғындарының хаттамасы, жаңадан салынған 400 тұрғын үйге ауыз су жүйесін жүргізуге анықтамасы тапсырылды.
3) Ибата елді мекені мен Аэропортқа Шаға ауылдық округі аралығындағы 12 шақырым жерге жол салу мәселесі.
Аудан әкімінің халықпен кездесуде қойылған сұрақ бойынша жол саласы мамандарына талдау жүргізу тапсырылған.
Білім беру саласы
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2022-2023 оқу жылында бес мектепте оқушылар білім алуда. «Ұлықбек» жалпы орта мектебі 1984 жылы салынған, сыйымдылығы 1176 орындық, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінде бүгінгі таңда 890 оқушы білім алуда, 156 мұғалім жұмыс істейді. «Ұлықбек» жалпы орта мектебі жанындағы «Әдемі» шағын орталығында жалпы 22 қызметкер жұмыс жасайды, 192 бала білім алады. Ойық ауылында «Ойық шағын жинақталған бастауыш мектебінде» 8 қызметкер жұмыс жасайды, онда 12 оқушы білім алады. «Жаңа Иқан» негізгі мектебінің құрылтайшысы Д.Ирисбаев. Мектептің сыйымдылығы бір ауысымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Жаңа Иқан» мектебінде 505 оқушы, 60 мұғалім жұмыс істейді.
2023 жылдың қазан айынан бастап жаңадан ашылған «Мектеп Жаңа Иқан 2» негізгі мектебінде 143 оқушы, 30 мұғалім жұмыс істейді. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 229 орындық.
«Дарын.kz» орта мектебінің құрылтайшысы А.Мирзаханов. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Дарын.kz» орта мектебінде 610 оқушы, 72 мұғалім жұмыс істейді.
Ауылда «Ақ көгершін» бөбекжай бала бақшасында 38 қызметкер жұмыс істейді, онда 6 топта 140 бала тәрбиеленуде.
Ауылда «Ханшайым» бөбекжай бала бақшасында 29 қызметкер жұмыс істейді, онда 8 топта 128 бала тәрбиеленуде. Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2023-2024 оқу жылында 5 мектепте оқушылар білім алуда.
«Ұлықбек» жалпы орта мектебі 1984 жылы салынған, сыйымдылығы 1176 орындық, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінде бүгінгі таңда 890 оқушы білім алуда, 156 мұғалім жұмыс істейді. «Ұлықбек» жалпы орта мектебі жанындағы «Әдемі» шағын орталығында жалпы 22 қызметкер жұмыс жасайды, 192 бала білім алады.
Ойық ауылында «Ойық шағын жинақталған бастауыш мектебінде» 8 қызметкер жұмыс жасайды, онда 12 оқушы білім алады.
«Жаңа Иқан» негізгі мектебінің құрылтайшысы Д.Ирисбаев. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Жаңа Иқан» мектебінде 505 оқушы, 60 мұғалім жұмыс істейді.
2024 жылдың қазан айынан бастап жаңадан ашылған «Мектеп Жаңа Иқан 2» негізгі мектебінде 143 оқушы, 30 мұғалім жұмыс істейді. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 229 орындық.
«Дарын.kz» орта мектебінің құрылтайшысы А.Мирзаханов. Мектептің сыйымдылығы бір аусымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Дарын.kz» орта мектебінде 610 оқушы, 72 мұғалім жұмыс істейді.
Ауылда «Ақ көгершін» бөбекжай бала бақшасында 38 қызметкер жұмыс істейді, онда 6 топта 140 бала тәрбиеленуде.
Ауылда «Ханшайым» бөбекжай бала бақшасында 29 қызметкер жұмыс істейді, онда 8 топта 128 бала тәрбиеленуде.
Қамқорлық бағдарламасы және «Мектепке жол» акциясы бойынша
Демеушілер мен кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен және асыраушысынан айрылған 25 отбасыға азық-түлік және қатты отынмен (көмір) қамтамасыз етілді. Сонымен, қатар Жаңа Иқан мешітінен қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, 35 отбасыға азық-түлік көмегі берілді. Сондай-ақ, Құрбан айт мерекесіне орай шалынған құрбандық етінен 65 мұқтаж отбасыға еттер таратылды.
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып аз қамтылған және жалғызбасты аналардың отбасындағы мектеп жасындағы 7 балаға, «Ауылдағы ағайынның балаларына» жобасы аясында 3 оқушыға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын аз қамтылған отбасындағы балалар мен жартылай жетім 5 балаға демеушілердің көмегімен мектеп формасы алып берілді.
Денсаулық саласы
Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.
«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясында жалпы жұмысшылар саны 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта мед. Қызметкерлер, кіші буын қызметкерлері 4 және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс жасайды.
«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші мед.қызметкер және 1 акушер жұмыс атқарады.
Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.
«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясында жалпы жұмысшылар саны 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта мед. Қызметкерлер, кіші буын қызметкерлері 4 және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс жасайды.
«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші мед.қызметкер және 1 акушер жұмыс атқарады.
Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы туралы
Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппараты 2023 жылға бекітілген жоспар негізінде жұмыс атқарылды.
Ауылдық округі әкімі аппаратында 19 қызметкер, оның ішінде 8-і мемлекеттік қызметкер, 11-і келісім шартпен жұмыс істейді. Ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 12 айында мекемелерден 869 қатынас хат келіп түсіп, жауап берілген, мекемелерге 500 шығыс хат жолданған.
Ауылдық округі әкіміне 2023 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан 155, заңды тұлғалардан 1 өтініш тіркеліп, жауаптары уақытылы беріліп қанағаттандырылған.
2023 жылы ауылдық округ тұрғындарынан арыз шағымдар түсіп тіркелмеген,
Ауылдық округі әкімімен 200 шешім, 158 (жеке құрам бойынша-139, негізгі қызмет бойынша-39) өкім қабылданған.
Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 12 айында аудандық бюджеттен бөлінген 129094,0 мың теңге, орындалғаны 129094,0 мың теңге болып 100 пайызға орындалып, барлық қаржы мақсатты пайдаланылды.
Ауыл әкімі аппаратына 2024 жылдың 3 айында мекемелерден 280 қатынас хат келіп түсіп, жауап берілген, мекемелерге 142 шығыс хат жолданған. Оның ішінде жеке тұлғалардан 23 өтініш тіркеліп, жауаптары уақытылы беріліп қанағаттандырылған. Заңды тұлғалардан өтініш түсіп тіркелген жоқ. 2024 жылы ауылдық округ тұрғындарынан арыз шағымдар түсіп тіркелмеген. Ауылдық округі әкімімен 58 шешім, 30 (жеке құрам бойынша-18, негізгі қызмет бойынша-12) өкім қабылданған.
Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына 2024 жылдың 3 айында аудандық бюджеттен бөлінген 24950,0 мың теңге, орындалғаны 24777,0 мың теңге болып 99,9 пайызға орындалып, барлық қаржы мақсатты пайдаланылды. 124028015159 бағдарламасы бойынша спорттық іс шараларға қаралған 170,0 мың теңгенің орындалмау себебі жеңілпаз атанған мердігер келісім шарт бойынша атқарылатын қызметтерді орындамады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
Ауылдық округі бойынша 2023 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген. Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған. Анықталған аймақтарға су тасқынының алдын алу бойынша Ибата елді мекенінен 10 шақырым қашықтықтағы Иқан су өзенінің егіс алқаптарына баратын арықтар бекітіліп, су арнасы Иқан су өзеніне жіберілді. Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан яғни, Бостандық учаскесінде орналасқан көшелерге қырдан ағып келетін су бағытын бұру мақсатында 800 метр қашыртқы ретке келтіріліп, Иқан су өзеніне құйылатындай етіп бұрылды. Сондай-ақ, елді мекеннің күн батыс жағынан ұзындығы 4,0 шақырым қашыртқы және елді мекеннің тау жағынан 200 метр дамба қазылып ретке келтірілген. Қыр жақтан келетін су арналарын тазалап, сонымен қатар су деңгейі көтерілетін жерлерге бөгеттер жасалынды. Елді мекен ішіндегі 1100 метр арықтарға тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, елді мекеннің күн шығыс жағынан яғни, Құмкент көшесінің жоғарғы жағындағы 900 метр қашыртқының арнасы кеңейтіліп, жағасына көтеру жұмыстары жүргізіліп, су бағыты Көкқия өзеніне қарай жіберілді. Сонымен қатар, Ибата елді мекенінің күн батыс жағынан 2700 метр жаңадан су қашыртқысын жүргізу жұмыстары іске асырылды. Оның 1300 метрі эксковатормен қалған 1400 метрі К-700 траторымен арық тартылды. Оған қосымша 900 метр ескі арық жаңаланды. Ауылдық округі бойынша 2024 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген. Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған. Ибата елді мекенінің су тасқынының алдын алу мақсатында, елді мекеннің жоғарғы жағынан яғни таудан келетін суға 1600 метр жерге дамба салынды. Сонымен қатар, ауданнан 3 тонна қыс мезгіліне инертті тұз алынып, 100 дана қап әзірленді. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ерікті жасақшылар тобы құралған және ЛК – 4 дана, Камаз — 3 дана, МТЗ-80 тракторы – 2 дана, Газ-53 – 4 дана көліктері бекітілген.
Тахир Абдаев,
Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық округі.