«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ – ШИКІЗАТТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Ұлттық жобаның бірінші бағыты – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдық­­тарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Осыған орай тамақ қалдықтары мен жалпы қалдықтарды қайта өңдеу күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін Сауран ауданының тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз. Экологиялық туризм – туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымға сәйкес экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді.

Таза және бүлінбеген табиғи объектілері көп Қазақстан экотуризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Этномәдени туризммен үйлескен қызықты табиғи ландшафттар, бірегей экологиялық соқпақтар тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайды. Халықаралық экотуризм қоғамы экотуризмді қоршаған ортаны сақтайтын, жергілікті халықтың әл-ауқатын қолдайтын және экскурсиялық-ағартушылық қызмет пен білім беруді көздейтін табиғи аудандарға жауапты саяхат ретінде анықтайды.

2025 жылға қарай маңызды нәтижелердің бірі – қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсарту болмақ. Осы орайда шикізатты қайта өңдеу арқылы елге пайдалы дүние атқарып отырған жандар жетерлік. Арнайы Сауран ауданының тұрғындарының назарына пайдалыы ақпараттар қамтылған мақаламызды ұсынып отырмыз. Еліміздің үшінші мегаполисі аталатын Шымкент қаласындағы экобелсенді тамақ қалдығынан органикалық тыңайтқыш өндіреді. Экология кодексі елімізде тамақ қалдықтарын полигонға көмуге тыйым салғанымен, іс жүзінде бұл орындалып жатқан жоқ. Экология кодексі адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылу шамасына қарай, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, табиғи ресурстың түріне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасында реттеледі.

Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар,

сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын

қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында

реттеледі. Техникалық реттеу саласында және стандарттау саласында өнімге,

көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі –

процестер), сәйкестікті бағалауға және растауға, аккредиттеуге қойылатын

міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау

кезінде, сондай-ақ осы Кодекске қайшы келмейтін шамада туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасында реттеледі. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.

Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастаросы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және

лауазымды адамдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады. Қоршаған ортаның сапасы деп қоршаған ортаның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы түсініледі, олар оның құрамдастарының өзара ісқимылындағы жай-күйін көрсететін физикалық, химиялық, биологиялық және өзге де көрсеткіштер негізінде айқындалады. Қоршаған орта, егер оның сапасы табиғи ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи теңгерімін, оның ішінде экологиялық жүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілер мен табиғи кешендердің орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ биоәртүрліліктің сақталуын қамтамасыз ететін болса, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы деп есептеледі. 8-бап. Қоршаған ортаны қорғау Қоршаған ортаны қорғау мемлекет, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын, табиғи ортаны сақтауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаның ластануын және оған кез келген нысандарда залал келтірілуін болғызбауға, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді барынша азайтуға және оның салдарларын жоюға, Қазақстан Республикасының орнықты дамуының өзге де экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін білдіреді. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған орта сапасының нормативтері, ластағыш заттардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, ластағыш заттардың шығарындылары мен көшірілуі жөніндегі басқа да ғылыми негізделген ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ластағыш заттардың эмиссиясын жүзеге асыратын объектілер туралы ақпаратты қамтиды. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне берілетін әрбір объект туралы ақпаратта: 1) есептілік ұсынылатын объектінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, географиялық орналасқан жері (объектінің координаттары) және қызмет түрі немесе түрлері, сондай-ақ бірінші басшының аты және тегі; 2) есептілік ұсыну талап етілетін әрбір ластағыштың атауы және сәйкестендіру нөмірі; 3) объектіде шығарылуы жүзеге асырылған әрбір ластағыштың есепті жылдағы саны (жиынтық, сондай-ақ ластағыштарды жер қойнауына айдауды қоса алғанда, ауаға, суға немесе жерге шығарылуы бойынша бөлшектелген саны); 4) қауіпті және қауіпті емес қалдықтар арасында аражікті белгілеп, тиісінше «В» немесе «У» белгілерін көрсете отырып (қалдықтардың қалпына келтіруге немесе жоюға арналғанына қарай), есепті жылы объектінің шегінен тыс жерге көшірілген қалдықтардың саны (қауіпті қалдықтар үшін объектінің шегінен тыс жерге көшіру жылына екі тоннадан немесе қауіпті емес қалдықтар үшін жылына екі мың тоннадан асқан жағдайда), сондай-ақ қауіпті қалдықтарды трансшекаралық көшіру кезінде – қалдықтарды қалпына келтіруді немесе жоюды жүзеге асыратын субъектінің атауы мен мекенжайы, өзіне көшірілген ластағыштар түсетін объектінің географиялық орналасқан жері; 5) есептілік ұсыну талап етілетін және есепті жыл ішінде объектінің шегінен тыс жерге көшірілген сарқынды сулардағы әрбір ластағыштың саны; 6) ақпараттың өлшемдерге, есеп-қисаптарға немесе бағалауларға негізделгеннегізделмегенін көрсете отырып, ластағыштар мен қалдықтардың саны туралы ақпарат алу үшін пайдаланылған әдіснаманың типі қамтылуға тиіс. Тамақ қалдығын қайта өңдеу жұмысы мемлекеттік дәрежеде жолға қойылмай тұр. Дегенмен тамақ қалдығын өз бетінше өңдеп, кәдеге жаратудың жолын тапқан экобелсенділер бар.

ТАМАҚ ҚАЛДЫҒЫНАН ТЫҢАЙТҚЫШҚА ДЕЙІН

Шымкент қаласындағы Рылеев көшесінде орналасқан бір үйдің шарбағында тамақ қалдықтары салынған түйіншектер мен дорбалар ілулі тұр. Бұл әсте үлкен жүк көліктері тиеп әкетіп, полигонға тастайтын қоқыс емес. Төңіректегі көршілер картоп, сәбіз, қызылша, алма тәрізді көкөніс пен жеміс қабықтарын және астан қалған тамақ қалдықтарын қоқысқа лақтырмай, үнемі осы үйге өткізеді. Бұл үйдің иесі, экобелсенді Ескендір Құнанбаев тамақ қалдықтарын аула ішінде өзі жасаған кішігірім зертханада өңдеп, ЭМ-концентрат деп аталатын «сиқырлы сұйықтыққа» айналдырады.

Тамақ қалдықтарын кәдеге жарату идеясы Құнанбаевтың төрт жыл бұрын аулада қолқаны қабатын иістен арылу талпынысынан басталды. Жертөленің жанындағы септиктің мүңкіген иісінен құтылу үшін Шымкент тұрғыны әртүрлі амалдарды қарастырып, ақыры тамақ қалдығынан өндірілетін ЭМ-концентратты қолданып көрмек болды.

ЭМ-концентрат − («эффективные микроорганизмы», яғни тиімді микроорганизмдер деген орысша атаудан шыққан – ред.) тірі және пайдалы микроағзалардан тұратын микробиологиялық сұйықтық. Ол бау-бақшада топырақтың құнарлығын күшейтетін тыңайтқыш ретінде қолданылады. Сонымен қатар ЭМ-концентрат жағымсыз иіс пен бактерияларды тез жойып, кәріз жүйесін зарарсыздандыра алады.

Құнанбаев ауладағы жағымсыз иістен арылу үшін ЭМ-концентратты тамақ қалдықтарынан өндіру әдісін сынап көрді. Онысы нәтиже беріп, қалдықтан бөлініп шықан сұйықтықтың арқасында мүңкіген иістен құтылған.

«ЭМ-концентратты өндіру арқылы біршама пайда көретінімізді түсіндім. Мысалы, бұл әдіс арқылы жергілікті деңгейде тағам қалдығы мәселесін шешуге болады», − дейді Ескендір Құнанбаев.

Құнанбаев ауласында кішігірім зертхана ашып, алдымен өз отбасының тамақ қалдықтарын өңдей бастайды. Ол үшін органика қалдықтарын жеке-жеке сұрыптап, көкөніс пен жеміс қалдықтарын бір бөлек, ас қалдығын бір бөлек жинап, үгітіп, әбден ұсақтап, әрқайсысын тығыздап, арнайы ферментатор құрылғының ішіне салады. Ферментатор – ферменттеу процесі жүретін, циркуляция, жылу алмасу және аэрация құрылғыларымен жабдықталған аппарат. ЭМ-концентрат алу үшін ферментаторға жиналған қалдықтардың үстіне бірнеше тамшы дайын ЭМ-препаратын тамызып, қалдықты ферменттеу үшін  ферментаторда жеті күн сақтайды. Жеті күннен кейін қалдықтан сұйық күйдегі ЭМ-концентрат бөлініп шығады.

Құнанбаевтың айтуынша, тамақ қалдықтарынан бөлінген микроағзалар зиянды бактерия мен улы токсиндерді өлтіреді. Сол себепті оны мал қора, кәріз жүйесін зарарсыздандыруға пайдалануға болады.

«Микроағза жүрген жерде зиянды бактерия болмайды. Сол себепті ол кәріз жүйелері мен су құбырларын тазалауға қауқарлы. Мысалы, Шымкентте «Халал Қасап» деген мал соятын орын бар. Олар малдың қаны ұйып, суға ағып кетпей қалғанын айтып шағымданды. Шешіп беруімді сұрады. Мен осы сұйықтықтың арқасында мәселені шештім. Одан бөлек, судың ластануын болдырмайтын, қала ішіндегі кәріз жүйелерінің мәселесін шешуге бағытталған арнайы жоба ойластырдым», − дейді Құнанбаев. Құнанбаевтың зертханасында өз қолымен жасаған 40 литрлік алты ферментатор бар. Әр ферментатордағы қалдықтан 10-15 литр ЭМ-концентрат алынады.

Тамақ қалдығын өңдеу процесі мұнымен аяқталмайды. Ферментатордағы  қалдықтан ЭМ-концентратты бөліп алған соң, ыдыс түбінде қалған ЭМ-компостты ЭМ-ургаса деп аталатын бақшада пайдаланатын тыңайтқышқа айналдырады.

«Ферменттелген жәшіктен суды бөліп аламын. Одан 20, 25, 30 пайыз ЭМ-концентрат шығады. ЭМ-концентрат сорпа болса, ЭМ-ургасаны қамыр деймін. Ол ЭМ-препараттан бес есе күшті», − дейді ЭМ-ургаса салынған контейнерді ашып көрсеткен Құнанбаев.

Экобелсенді үйдегі тамақ қалдықтарын өңдеу әдісін әбден меңгеріп алған соң, көршілердің тамақ қалдықтарын қабылдап, өңдей бастады. Төңіректегі көршілер төрт жылдан бері Құнанбаевқа тамақ қалдығын тұрақты түрде әкеліп жүр.

Оның қалдықтан «сиқырлы сұйықтық» өндіретінін естіген алыс-жақын жақтағы жұрт ЭМ-концентратты үйіне іздеп келетін болды. Бірі оны бақшаға пайдаланса, енді бірі кәрізді тазалайды. Тіпті мал азығына қосып беретіндер де бар.

«Жақында Жалағаш ауылының тұрғыны хабарласып, алып кетті. Тауықтарының қарны жарылып, қырылып жатқан. Тауықтарына күріш береді, содан болуы мүмкін деп болжадық. Яғни күріш асқазанға түсіп, ісінеді. Осылайша мен оған  ЭМ-концентратты аз ғана күрішке сеуіп беруді ұсындым. Біраз уақыт өткен соң рақметін айтып, хабарласып тұр», − дейді кейіпкер.

ЕЛДЕ ТАМАҚ ҚАЛДЫҒЫН ӨҢДЕУ НЕЛІКТЕН ЖОЛҒА ҚОЙЫЛМАҒАН?

Түркістан қаласының шетіндегі қоқыс полигонына келген жүк көлігі тұрмыстық қалдықты гүрс еткізіп төге салды. Пластик, тамақ қалдығы, қағаз, түрлі тұрмыстық қалдық тау болып үйіліп жатқан қоқыстың үстіне күмп етіп түсті. Бұл – Түркістанда ғана емес, Қазақстанның кез келген өңіріне тән картина.

Елде жыл сайын 4-5 млн тонна тұрмыстық қалдық шығады. Алайда оның небәрі 18,3% қайта өңделсе, қалғаны қоқыс полигондарына көміледі. Оның ішінде қанша тонна тұрмыстық қалдық көмілетіні жайлы нақты дерек жоқ.

Экология кодексі 2021 жылдан бастап тамақ қалдығын полигонға көмуге тыйым салады. Заңға сәйкес, тамақ қалдығы компосталып, биогаз өндіріліп, кәдеге жаратылуы керек. Алайда бұл норма іс жүзінде орындалып жатқан жоқ. Мәселен, Түркістан облысында тамақ қалдығын компостайтын бірде-бір жоба іске қосылмаған.

Қаладағы қоқысты шығаратын «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС мекемесі тамақ қалдықтарын полигонда көметінін айтады. «Қала ішінде 877-ге жуық көше болса, біздің мекеме оның 172-сіне жауапты. Полигон басында арнайы мамандарымыз кәдеге жарамды қоқыстарды қайта өңдеумен айналысады. Ал тамақ қалдықтары арнайы қазылған шұңқырларға тасталып көміледі. Жалпы компания тамақ қалдықтарын шығару бойынша ешқандай айыппұл төлемеген. Алайда айына 1-2 рет тұрғындар тарапынан тағам қалдықтарын тастау фактісі болды. Біз оларға ескерту беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз», − дейді «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС мекеме директорының орынбасары Сәмбет Сатимов.

Тұрмыстық қалдықпен полигонда араласып жатқан тамақ және органика калдығы метан бөліп, жарылыс қаупін төндіреді. Бірақ полигонға көмілетін тамақ қалдығының қоршаған ортаға әсері жайлы зерттеу мен есеп жоқтың қасы. Түркістан облысы экология департаменті облыста полигонға тасталатын тамақ қалдығын былай қойғанда, қоқыстың есебі мүлде жүргізілмейді дейді. Облыстың экология департаментінің өкілі мұны былайша түсіндірді:

«Полигондардың көбісі сенімгерлік басқаруға беріліп кеткен. Жартылай ауыл, аудан әкімшіліктерінде. Оларда маман жетіспей ме, әлде қаржы қаралмаған ба, қоқыстың есебі жүргізілмейді. Мысалы, Түркістан облысында 158 қоқыс полигоны бар. Олардың әрқайсысында арнайы экологиялық талаптарға сәйкес журналдары мен таразылары болуы керек. 158 полигон болса оның үш-төртеуінде ғана бар, қалғандарында жоқ. Ал тамақ қалдықтарына келер болсақ, жалпы қалдықтың есебі алынбағандықтан, оның ішінде тамақ қалдықтары мүлдем есептелмейді, − дейді Түркістан облысы экология департаментінің бөлім басшысы Мәди Қожатайұлы.

Ал Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы коммуналдық қалдықтарды басқаруға байланысты ешқандай бағдарлама жүзеге аспағанын мойындап, ол бағдарламаны іске асырмай отырған жалғыз облыс емес екенін айтып ақталды. «Негізі экологиялық кодекстің 365-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалар коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын енгізуді іске асыруы керек еді. Алайда бүгінгі күнге дейін, Түркістан облысында ол бағдарлама жүзеге асқан жоқ. Жалпы біз ғана оны жүзеге асыра алмай отырған жоқпыз. Республикадағы 204 аудан, қала бұл мәселеде қауқарсыз»,−дейді Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Шәріпбек Болысбек.

Елде тамақ қалдығы қайта өңделмейтінін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі де мойындайды. Министрлік өкілі мұны елдегі инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымағанымен байланыстырады.

«Бүгінге дейін тамақ қалдықтары қайта өңделмей, полигондарға тасталып жатқанын мойындаймыз. Өйткені республика бойынша инфрақұрылым бірдей деңгейде дамымаған. Алайда жергілікті әкімдікке 5 жыл уақыт берілді. Олар осы аралық ішінде тиісті шара қолданып, арнайы бюджет бөліп немесе инвестор тартып келіссөз жүргізуіне болар еді. Сондықтан жергілікті биліктің мәселесі әлі қаралатын болады», − дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару департаменті коммуналдық қалдықтар басқармасының басшысы  Абылай Алмұханов.

Әзірге тамақ қалдығынан биогаз өндірісі Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында қолға алынған. Нан қалдықтарын өңдейтін шағын зауыттар ашылып келеді. Бірақ бұл кәсіпорындар елдегі барлық тамақ қалдықтарын өңдеу мәселесін шеше алмайды.

«ТАМАҚ ҚАЛДЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШСЕК, ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ЕКІ ЕСЕ АЗАЯДЫ»

Ескендір Құнанбаевтың қызы, экобелсенді Айсұлу Құнанбаева тамақ қалдықтарын әр үй өз бетінше өңдей алады дейді. ЭМ-компостау нәтижесінде алынатын микроағзалар зиянды бактерияларды өлтіреді, ЭМ-концентрат пен ЭМ-ургаса құрамындағы пайдалы заттар топырақ, биологиялық қалдықтың бетіне оң әсер етіп, көп өнім алуға септігін тигізеді.

«Әр үй тамақ қалдығын өз бетінше өңдеп, ЭМ-компост жасай алады. Әр табиғи қалдық құрамында пайдалы микроағзалар бар. ЭМ-компост жасау үшін арнайы зат керек емес, тек белгілі бір шарттарды сақтаса жеткілікті. Әр үй мұны жасаса, қалдықты азайтып қана қоймай, органикалық тыңайтқышты тегін өндіріп, қоғамға пайдасын тигізер еді», − дейді Айсұлу Құнанбаева.

Құнанбаевтар ЭМ-концентратты тамақ қалдығынан өндіріп, тұрғындарға тегін береді. Қыста көршілері әкелетін бүкіл тамақ қалдығын өңдеу қиын, сондықтан әр ыдыстағы тамақ қалдығының бетіне ЭМ-ургасаны сепсе, ол көктемге дейін бұзылмай сақталады.

Құнанбаевтар тамақ қалдығынан ЭМ-концентрат пен ЭМ-ургаса өндіру жолын басқа тұрғындарға үйретуге дайын. Тамақ қалдығын кәдеге жаратуды әр тұрғын ғана емес, мемлекет деңгейінде қолға алуға болады.

«Тамақ қалдығы мәселесін шешсек, қоқыс полигондары екі есе азаяды. Мен ұсынған жоба көп қаржыны қажет етпейді. Тек жергілікті билік, атқарушы органдар 30 минут уақыттарын бөліп, жобамды тыңдаса болғаны. Мәселені бірлесіп шешетін едік», − дейді, Ескендір Құнанбаев.

Тағам қалдықтарынан өндіріп отырған сұйықтық кәріз жолдары мен су құбырларын тазартуға, судың ластануын болдырмауға көмектеседі. Ескендір Құнанбаев оны жоба ретінде Шымкент әкімдігі мен министрлікке ұсынғанын айтады.

«Барлық жобамды жинап жергілікті әкімдікке ұсындым. Тіпті Шымкентке экология министрі келгенде оған да көрсеттім. Алайда ешқайсынан кері байланыс болмады»,− дейді Ескендір Құнанбаев.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару департаменті коммуналдық қалдықтар басқармасының басшысы  Абылай Алмұханов осы күнге дейін Құнанбаевтың жобасы туралы естімегенін жеткізді. «Егер министрлікке шағын ақпарат берсе, біз оны қарастыруға дайынбыз», − дейді Алмұханов.

Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді.

Ғалия БИСЕЙІТ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *