САУРАН: «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ЭКОТУРИЗМНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНАДЫ

Елдің әлеуметтік әл-ауқаты артуы үшін әр өңірдегі индустрия мен инфрақұрылымдық тетіктерімен қоса экологиялық жайлылық пен сапалы ауыз сумен қамту саласы да дұрыс жұмыс атқаруы тиіс. Өйткені оған аймақтардағы, қала-аудандардағы жергілікті тұрғындарға базалық қызметтер көрсететін қоғамдық орындар мен жолдардың құрылымы да тікелей әсер етеді. Әсіресе тұрғын үйлер мен жолдар, ауыз су мен санитарлық-тазалықтың сапасына айтылатын сын көп. Мемлекеттік деңгейде осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылып жатыр. Маңызды бастамалардың бірі «Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміз­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сар­тып, ха­лық­қа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, құжат төрт негізгі бағыттан тұрады. Тұтастай алғанда, Ұлттық жобада 11 міндет қарастырылып, соған сәйкес 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалды.

«Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдық­­тарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстан» бағытында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қойылады. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. «Табиғат» бағытының мақсаты – био­алуан­дықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту. Төртінші бағыт – «Экология болашағы» халықтың экологиялық білімі мен мәдение­тінің деңгейін арттыруға арналған. Әр бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгей­дегі құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Орнық­ты даму мақсаттарымен өзара байланыстылығы айқындалған. Мәселен, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты іске асыруды көздейді», — деді министр.

Осы орайда Түркістан облысына ең жақын, әрі ең жас аудан – Сауран ауданы да аталмыш бастамаға белсенді атсалысып, ешкім де шет қалмай, аудандағы әрбір тұрғын, яғни еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін өз үлестерін қосуда.

Еліміздің бас экологы айтқандай, «Таза Қазақстан» атмосфералық ауаның ластануын азайтуды, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді, тұйық циклдегі экономиканы дамытып, тарихи ластануларды жоюды және республика аумағындағы су нысандарының экожүйелерін сақтауды көздейді. Бұл біріншіден, ластанудың деңгейі жоғары өнеркәсіп орындарының қызметі мен электр стансаларында көмірді жағумен байланысты.

Облыс экономикасының маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өткен жылы өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, республикада көш бастады. Жыл басынан салаға 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл құны 16,7 млрд.тг құрайтын 25 жобаны іске асыру көзделсе, соның құны 14,1 млрд.тг болатын нақты 22 жоба қосылды. Нәтижесінде 396 жұмыс орны ашылды. Салада жаңа технология кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып отыр. Бұрын 60-70 центнер болса, қазір 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 403 гектарға ендіріліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды. Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада алдыңғы орында. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 5%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша облыс республикада алдыңғы орында. Ірі қара мал етінің үлесі 85%, ұсақ мал – 60% құрайды. 10 мың тонна ірі қара мал, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.

Өткен жылды үлкен жетістіктермен қорытындылаған өңіріміздің ең жас ауданының мемлекет қызметкері ретінде, ел азаматы ретінде мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасыл Қазақстан» атты ұлттық жобасы мен мемлекеттің кемел келешегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетіне берген салиқалы сұхбатын үлкен қанағаттанушылық көңіл күйде оқып шықтым. Президенттің экономикалық және экологиялық саяси тұрғыдағы атқарылып жатқан нақты шаралары, елімізді дамытудың барлық саласы туралы ашық та, еркін форматтағы салиқалы сұхбаты терең ой салды.

— 2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды.

Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қолдау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайы төлемақы енгізілді.

Табиғатты қорғауға жауапты мекемелердің қызметкерлеріне олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерге қатысты үстемеақы төленетін болды. Медицина қызметкерлерінің, мектепте, колледжде және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды. Осы жұмыс-тың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ. Өйткені осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады,-деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

Жалпы, халықтың қарызға батуы күрделі мәселе болып отырғаны жасырын емес. Осы орайда Мемлекет басшысы да өз пікірін ашық әрі нақты жеткізді. Ел Президентінің айтуынша:

— Мен азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаң¬даймын. Себебі бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мен 2019 жылы Мемлекет басшысы ретінде қол қойған алғашқы құжаттың бірі қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту туралы Жарлық еді. Сол уақытта 500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді. Бұл бірреттік шара болатын. Ал 2023 жылы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді. Мұның бәрі мәселенің ушығып кетпеуіне ықпал етті. Осы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін былтырғы Жолдауымда Үкіметке тың шараларды қолға алуды тапсырдым.

Негізінен, бұл жағдайға жұрттың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп болып отыр. Екінші жағынан, тұтыну несиесін беру тәртібін және коллектор ұйымдарының қызметін қатаң реттеу керек.

Сол үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр. Мысалы, соңғы жылдары банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын тұтыну несиесі капиталының көлеміне қатысты талаптар бес есе күшейтілді. Төлеу мерзімі өтіп кеткен берешегі бар адамдарға несие беруге тыйым салынды. Сондай-ақ қарызын уақтылы өтей алмаған борышкерге 90 күннен әрі айыппұл салуға болмайды. Коллектор агенттіктеріне тұрақты тексеру жүргізіледі.

Борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер банктерге, микрокредит ұйымдарына және коллектор агенттіктеріне талапты одан да күшейте түседі. Несиелерді коллектор компанияларына сатуды шектеу ұсынылады. Коллектор компаниялары қарызды өзіне алған соң мәселені реттеп көруге міндетті болады. Банк омбудсменінің өкілеттігі де кеңейтіледі. Қазір бұл құжатты Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Мен бұл бастаманы қолдауға дайынмын, — деді Мемлекет басшысы.

Небәрі үш жылда ғана атқарылған осындай тұрмыстық мәселелер жаңадан жасақталған билік өкілдері мен үлкенді-кішілі деңгейдегі сайланған депутаттардың қарапайым халықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына мықтап назар аударғандығын көрсетеді. Оның сыртында мұғалімдер мен дәрігерлердің айлық жалақысының көтерілуі олардың сапалық деңгейінің өсуіне және қойылатын талаптардың күшеюіне әкелді.

Елімізде «Жайлы мектеп» жобасының басталуы барлық өңірлердегі үш ауысымдық жүйенің жойылуына, оқушылардың өзін қызықтырған түрлі үйірмелеріне баруына мүмкіндік ашады. «Ұлттық қор — балаларға» жобасының жүзеге асуы тұрмысы төмен отбасылардың үмітін алға жетелейді. Елдің қатты күтіп отырған мәселе – ол ондаған жылдардан бері жеке үй салып алуға мүмкіндігі бар отбасыларына инфрақұрылымы жасалмады деген желеумен жердің берілмей келуі. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылуы малды ауылдардың ортақ жайылымына қол жеткізуіне мүмкіндік әперді. Ендігі жерде сырттан болмаса өз ішімізден инвесторлар тарту арқылы тұрғын үй салып алуға арналған жерлерге инфрақұрылым жасауды жүзеге асырса, жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларымыздың үйлі-жайлы болуына көп мүмкіндік ашылған болар еді.

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒУДА

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Сауран аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметіне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» №704 Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 маусымдағы «Сауран аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» №18 шешімімен бекітілді.

Бекітілген Регламентке сәйкес, аудандық мәслихат төрағасы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесі бойынша сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өтіп, жаңадан сайланған 16 депутатқа («AMANAT» – 14, «Ақ жол» – 1, «Respublica» – 1) төсбелгілері табысталды.

2023 жылы 4 ауыл округте сайлау өткізілді. Жүйнек, Оранғай, Шаға, Иассы ауыл округтері.

Сонымен қатар, алғашқы сессияда аудандық мәслихаттың 4 тұрақты комиссиясы құрылып, олардың төрағалары сайланды.

Сондай-ақ, аудандық мәслихатта «AMANAT» партиясының мүшелерінен құралған депутаттық фракциясы құрылып, жетекшісі болып Раматуллаев Арсылан Серікұлы сайланды.

Жалпы ауданның әлеуметтік және экономикалық мiндеттерін орындауда — мәслихат маңызды рөл атқарады.

Осы мақсатта, 2023 жылы аудандық мәслихаттың 11 сессия-сы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 91 шешім қабылданды, оның ішінде 17 шешім норма-тивтік құқықтық акті ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

Сонымен қатар, сессияларда аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тиісті жылдың аудандық бюджеті 2 рет нақтыланды. 2023 жылы аудан бюджетінің көлемі 9 млрд 597 млн.теңгені құрады. Бюджеттің 21,9% әлеуметтік салаға, 23,8% тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына, 11,9% көлік және коммуникация саласына, 42,4% басқа да салаларға бөлінді. Бұл өз тұсында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндеттерді шешуге өз септігін тигізді.

ОН ОТЫРЫСТА 53 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Осы тұста айтып кететін мәселе, сессияда қабылданған әрбір шешім алдын-ала мәслихаттың бірлескен және тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі пысықталып, талқыланды.

Ағымдағы жылдың 11 айында аудандық мәслихаттың:

— бірлескен тұрақты комиссиясының 10 отырысы өткізіліп, 53 мәселе қаралды.

Бірлескен және тұрақты комиссиялардың отырыстарында аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау, аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізу, ауданның әкімшілік аумақтық құрылысы және жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау туралы мәселелер қаралды.

Жоспар бойынша бүгінгі күнге дейін тұрақты комиссиялар:

— Аудан әкімдігінің және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі тыңдалды.

Мәслихат өкілді орган ретінде халықты толғандыратын проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолдап, оның орындалуын үнемі бақылауда ұстап отырады.

ҚЫРЫҚҚА ЖУЫҚ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ЖОЛДАНДЫ

2023 жылы жергілікті атқарушы органдарға 38 депутаттық сауал жолданған. Оның 34-і немесе 90% қанағаттандырылып, орындалған.

Ал, қалған 4-і орындалу үстінде немесе заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берілген.

Жалпы 38 депутаттық сауалдың 71 пайызы немесе 27 сауал – тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, инфрақұрылым ағын су, жол, абаттандыру, газ, электр энергиясы саласына қатысты болып отыр. 19 пайызы немесе 7 сауал — Интернет желісі, ұялы байланыс саласына тиесілі. 5 пайызы немесе 2 сауал — жер қатынастары саласына байланысты шешілді. 5 пайызы немесе 2 сауал — құқық бұзушылық саласына қатысты жолданды.

Мәселен, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Сәбит Рысбеков депутаттық сауалында Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жағдайы және жұмысы туралы оның ішінде дәрі-дәрмек келмейтіндігі, егу жұмыстары жүргізілмейтіндігі, медициналық тексеру жүргізілмейтіндігі туралы жазды. Депутат Азизбек Азимов Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін, Қарашық елді мекендерінде Интернет желісінің төмендігі туралы мәлімдеді. Депутат Ерсұлтан Елеуов Шаға ауылдық округіндегі 500 үйге жуық тұрғындардың құжатсыз үйлерін заңдастыру туралы хабарлады. Депутат Сержан Байсбаев 1) 12.04.2023 жылғы №05-13/93 депутаттық сауалы – Бабайқорған ауылдық округіне қарасты «Бабайқорған-Абай» бағытындағы жолды жөндеуден өткізу туралы мәселені көтерді. Қазіргі таңда осы мәселердің барлығы шешімін тапты.

Аудандық мәслихат аппараты қызметінің маңызды бағытының бірі – азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу болып табылады.

2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 44 өтініш келіп түскен, оның ішінде 42-сі жеке тұлғалардан, 2-уі заңды тұлғалардан. Барлық келіп түскен арыз-шағымдар бойынша қолда-ныстағы заңнама шеңберінде жұ-мыстар жүргізіліп, өтініш иелері-не мерзімінде жауаптар берілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы аудандық мәслихат аппаратының кеңсесіне 441 құжат келіп түсті. Келіп түскен кіріс хат-хабарларды қабылдау, талдау, жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп, мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша 456 шығыс хат-хабарлар жолданды.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ — ДЕПУТАТҚА АМАНАТ

Өздеріңізге мәлім, халықтың ұсыныс тілектері бойынша қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде мәслихаттардың орны ерекше.

Осы орайда, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан халықтың түрлі топтарымен тұрақты негізде кездесулер өткізіліп, сайлаушыларды жеке мәселелері бойынша арнайы қабылдаулар ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде депутаттар 19 жеке және қоғамдық қабылдаулар өткізді, сонымен қатар менің төрағалығыммен 18 рет тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Осындай жеке қабылдаулар мен кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша құзыретті органдарға шаралар қабылдау үшін тиісті хаттар жолданды.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасында барлық мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді басты назарға қойып отыр. Осы тұста, Сауран аудандық мәслихаты қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдермен халықты ақпараттандыру мақсатында есепті кезеңде өткізілген барлық 11 сессияның онлайн-көрсетілімдері «Facebook» әлеуметтік желісінде көрсетілді және бейнежазбасы сақталды.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпараттық насихаттау жұмыстарын барынша жандандыру мақсатында арнайы Медиа-жоспар бекітілген.

Медиа-жоспарға сәйкес, мәслихат депутаттары есепті кезеңде мәслихат тарапынан қабылданған аса маңызды шешімдерді, еліміздегі айтулы оқиғалар мен қол жеткізген жетістіктері туралы жергілікті телеарналарда, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі мәслихаттың және депутаттардың жеке парақшаларында 353-ке жуық материал жарияланды.

Жалпы, аудандық мәслихатта жұмыстар жоспарға сай іске асырылуда. Депутаттардың барлығы хал-қадірлерінше ел өміріндегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысып, белсенді жұмыс жасауда. Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың 11 айында атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталдым. Әлі алдымызда атқарылатын жұмыстар қыруар. Ол жұмыстар жылдық жоспарымызда белгіленген.

Ең бастысы, Президентіміздің Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру идеясы аясында халыққа жайлы орта қалыптастыру, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, әділетті экономика құру сынды саяси-әлеуметтік бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысатын боламыз.

Атап айтқанда, ауылды жерлердегі елді мекендерді ауыз сумен, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, табиғи газбен қамту, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, абаттандыру және көркейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, ағын сумен қамтамасыз ету, арық-каналдарды жөндеу бойынша өз құзыретімізде тиісті шешімдер қабылдаймыз.

Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдап, тиісті ұсыныстар енгізетін боламыз. Жалпы, алдағы уақытта Президентіміздің алдымызға қойған міндеттерін, реформаларын орындауға бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек ете береміз. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламамыздағы жұмыстарды кезең-кезеңімен атқарамыз. Өйткені, бізге сенім білдірген халық алдында үлкен жауапкершілік бар екендігін жақсы сезінеміз.

Сержан Байсбаев,

Сауран аудандық мәслихатының төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *