САУРАН: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ НАҚТЫЛАНДЫ

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Ағаш отырғызу, көгалдандыру жұмыстарын ұдайы жүргізу арқылы халыққа пайдасы зор жобаны жүзеге асырамыз. Әрбір жобаның мақсаты – ел игілігі үшін жұмыс істеу болып отыр. Мемлекет басшысы да «Жасыл Қазақстан» жобасы арқылы экологиялық ахуалды жақсартуға арналған бірқатар шараны жүзеге асыруды тапсырды. Қандай жоба болмасын ең алдымен жергілікті халықтың мүддесін көздеуі тиіс. Ұлттық жобаның бірінші бағыты – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдық­­тарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстан» бағытында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қойылады. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. «Табиғат» бағытының мақсаты – био­алуан­дықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту. Төртінші бағыт – «Экология болашағы» халықтың экологиялық білімі мен мәдение­тінің деңгейін арттыруға арналған. Әр бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгей­дегі құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Орнық­ты даму мақсаттарымен өзара байланыстылығы айқындалған. Мәселен, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты іске асыруды көздейді. Осы арқылы еліміз­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сар­тып, ха­лық­қа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр. Осы орайда жыл басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен келіп, арнайы мәжіліс өткізген болатын. Мәжіліс барысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жыл қорытындысын жасады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСТЫ НАЗАРДА

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Оның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғыртуға баса мән беріледі. «Таза Қазақстан» бағытының міндеттері – атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, айналмалы экономиканы дамыту және тарихи ластануды жою, еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтау. Бәрімізге мәлім,  Қазақстандағы ауаны ластайтын негізгі көздердің бірі – электр станцияларында көмір жағу және ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары. Суды экожүйелердің қажеттіліктерін ескермей пайдалану қоршаған ортаның бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар келеңсіз зардаптарды жоюға жұмсалатын қаржылық шығындар олардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру шығындарынан жоғары. Осыған байланысты еліміздің су айдындарының экожүйесін сақтау міндеті қойылды. Оның аясында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыру, 4 көлді — Бурабай, Щучье, Қопа, Шалқарды қалпына келтіру шаралары жүргізілуде. «Суды үнемді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру» тапсырмасы аясында 401 арнаны қайта жаңғырту және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су ысыраптарын 4 км3 азайту жоспарлануда. Ұлттық жобада суармалы жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту шаралары қарастырылған.

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.

Қазіргі таңда Сауран ауданында 101 мың 770 адам тұрады. Бұл көрсеткіш облыс халқының 4,7%-н құрайды. Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалып отыр. 11 айда ауданымыздың негізгі атқарылған жұмыстарына тоқталып өтсем. Салықтық түсімдердің өткен жылғы 11 айда нақты орындалуы 1,4 млрд. теңгені құраса, биыл 2,4 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін 2,5 млрд. теңгені құрап, ағымдағы жылға қойылған жоспар 100%-ға орындалады деп күтілуде. 11 айдың қорытындысымен ауданның жалпы өңірлік өнімі 110,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,8%-ға артып, жан басына шаққанда 1 млн. теңгені құрады. Жалпы, өнімнің ішінде 86,3%-ы ауыл шаруашылығы, 9,2%-ы өнеркәсіп саласы, 3,2%-ы құрылыс саласы болса, 1,3%-ы сауда саласының үлесінде. Өнеркәсіп саласында 10,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде тау кен өндіру өнеркәсібінде 416,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар. Оның ішінде 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 14-нің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерді ауданымызға тіркеп, кіріс көзін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер қойнаушыларды анықтау мақсатында 90 рет аралау жұмыстарын жүргізді және 4 рет жұмысшы топтың жиналысы өткізілді. 102-сымтетігіне 32 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелді. Сонымен қатар, 83 ауыр жүк көліктері айыптұраққа қойылып, жалпы соммасы 3,8 млн теңге айыппұл салынды. Облыстық жер ресустарын басқару департаментіне 20 рет және экология департаментіне 20 рет тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданған. Өңдеу өнеркәсібінде 7,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда,тамақ өнімдерін өндіру саласында 2 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 492,0 млн.теңге құрады. «Тұран» шаруа қожалғы сүт өнімдерін шығарса, «Яссы Құс» шаруа қожалғы жұмыртқа шығаруға маманданған. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 4,9 млрд.теңге құрайды. Бүгінгі таңда «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС-не тиесілі кірпіш зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта өндіріс орнын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жиһаз өндіру саласында 25 өңдірістік цехтары болса, басым бөлігі үйіргелік жерлерде орналасқан. Өнім көлемі 747 млн. теңге болды.

ЖИЫРМАҒА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн»,-деген болатын.

Осыған орай, Сауран ауданында тиімді экономикалық көрсеткіштерге жылдам қол жеткізуге болатын инвестициялық жобаларға басымдық берілуде. Биылғы жылғы11 айда ауданға 28 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды. Оның 18,2 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен болып отыр. 2024 жылы 32,4 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Шаға ауылынан «Turkistan Fruit» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — 400 гектар алаңда жеміс шырынын тікелей сығу өндірісін бастамақ. Жоба құны — 8,5 млрд.теңге. құрап отыр. Ол іске қосылған кезде 54 жұмыс орындары ашылмақ. Өндірістің жер аумағы – 400 гектарға жетеді. Шорнақ ауылынан «Sauran Plast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қалтасын шығаратын өндірістік кешенін іске асырмақ. Жоба құны — 500 млн.теңге болады. Мұнда жұмыс орындар саны — 15 адамға жетеді. Жер аумағы – 3 гектарды құрайды. Шыпан ауылынан «ASIABRAND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Отбасылық, тұрмыстық жиһаз жасау өнеркәсібі жүзеге асырылмақ. Жоба құны — 800 млн.теңге құрайды. Жоба іске асқан кезде 20 адам жұмыспен қамтылады. Теке ауылынан «ND PLAST TURAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу. Жоба құны — 300 млн.теңге. Жұмыс орындар саны — 10 адамға жетеді. Шойтөбе ауылынан «ІDEAL TURKESTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмсақ жиһаз өнеркәсібін қолға алмақшы. Жоба құны — 500 млн.теңге болады. Жұмыс орындарының саны — 50 адамға жетеді. Бостандық ауылынан «Ныш Ер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демалыс орны және қонақ үй құрылысын салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны — 2,2 млрд.теңге болады. Ол жүзеге асқан кезде он адам жұмыспен қамтылады. Еңбекші Диқан ауылынан «ӨЗЕН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жоба құны — 350 млн.теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 35 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қаражон ауылынан «Ердәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жоба құны — 350 млн.теңге құрайды Жоба іске асқан кезде 85 жұмыс орындары ашылады. Шорнақ ауылынан «Sayazhai» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол бойындағы қызмет көрсету орталығын жүзеге асырады. Жоба құны 424 млн.теңге болып отыр Жоба жүзеге асырылған кезде 20 жұмыс орны ашылады.

Абай ауылынан «SAKETAU Resort» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150 млн. теңгеге отбасылық демалыс орнын ашпақ. Ол кезде жергілікті он адам жұмыспен қамтылмақ. Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20 МВт күн электр станциясының құрылысы бастауды жоспарлап отыр. Жоба құны — 8 млрд.теңгеге түседі. Құрылыс пайдалануға берілген кезде 8 жұмыс орны ашылатын болады.

Мұның сыртында ауданға қосымша елді мекендерде 45 әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар құрылысын салу үшін жер телімдерін аукцион арқылы беру белгіленген. Оның 29-ы кәсіпкерлік, 16-ы әлеуметтік нысан болып табылады.

32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен кезінде заңсыз беріліп кетіп, осы уақытқа дейін пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Биылғы жылы «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша 29,5 мың гектар ортақ жайылымдарды қайтару жоспарланып, 32,5 мың гектары қайтарылды.

Аудан ауыл шаруашылығы саласына маманданған. Ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері 95,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі-100,8% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 67,4 млрд. теңге (100,9%), мал шаруашылығы – 27,5 млрд. теңгені (100,4%) құрады. Биылғы жылы 44082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды. Бұл 104,6 % құрайды. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артты.

БИЫЛ 42 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БАСТАЛАДЫ

2024 жылы ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 10,4 млрд. теңгеге 7 ірі және 35 шағын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 3,8 млрд.теңгеге 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтсек, Ескі Иқан ауылдық округінен «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта майын өндіру цехын бастауды жоспарлап отыр. Жоба құны — 500 млн теңге құрайды. Ол жүзеге асырылған кезде 10 адам жұмыспен қамтылатын болады. Оранғай ауылынан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сыйымдылығы 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны — 2,3 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 20 адам жұмыспен қамтылады. Шаға ауылынан «ЯССЫ Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖШС 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасын бастайды. Жоба құны — 578 млн теңге тұрады. 20 адам жұмыспен қамтылады. Жаңа Иқан ауылынан 2024-2027 жылдары іске асатын «Казтекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта кластері жобасы бастауды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге болса, отыз адам жұмыспен қамтылады.

Инвестордың негізгі мақсаты 4 кезеңнен тұрады. Алдымен мақтаны қайта өңдеу зауытын салу, 2025 жылы — мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару жобасы, 2026 жылы — мақта талшығынан жіп өндіру, 2027 жылы — мата шығару жобасы. Осылайшы кешенді циклды өңдеу жұмысы жүзеге асырылады.

АУЫЛ АМАНАТЫ АУЫЛДЫҚТАРҒА ҮЛКЕН ДЕМЕУ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек»,-деген болатын.

Қазіргі таңда Сауран ауданында мал тұқымын асылдандыру және өз төлі есебінен көбейтудің мүмкіндіктері қарастырылуда. Ауданда мал саны — 533484 бас, құс саны — 179897 басты құрап, бүгінгі күнге 10535 тонна ет, 49977 тонна сүт, 8 млн. 209 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі үш инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оранғай ауылдық округінен «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі жобаны жүзеге асырмашы. Оның ішінде 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны — 2,1 млрд. теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 35 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Осы компания бір гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Жоба құны — 400 млн. теңге тұрады. Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны — 4,1 млрд теңге құрайды. Жоба жүзеге асқан кезде 100 адам жұмыспен қамтылады.

Сауран ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 273 адам құжат тапсырды. Бүгінгі күнге 1276 млн. теңгелік 192 жоба мақұлданып, 182 жоба 1193 млн. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде мал шаруашылығы бағытында құны 945 млн. теңге тұратын– 158 жоба бар. Өсімдік шаруашылығы бойынша құны 54 млн. теңге тұратын 9 жоба қамтылды. Балық шаруашылығы бойынша құны 17 млн. теңге тұратын екі жоба мақұлданды. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері бойынша құны — 124 млн. теңге тұратын бес жоба мақұлданды. Өз кәсібін ашуға құны 53 млн. теңге тұратын 8 жоба белгіленді. Бүгінгі күнге аудан бойынша 104 шаруа өзге облыстан 1217 мал сатып алды және 9 шаруа жылыжай салды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген мемлекеттің әл-аухатын ішкі экономикалық тәжірибесі ғана көтереді. Яғни бір ғана кәсіпкер ел экономикасына едәуір әсер ете алады. Мәселен өзі құрған жоспарды нарыққа ұсынып, тиісінше, бірнеше адамды жұмыспен қамтиды, одан бөлек, мемелекетке салық төлеп, пайда әкеледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік – өркен жайып, ел экономикасының күре тамырына айналып келе жатқан салалардың бірі. Бүгінде өз ісін бастап, аяққа тұруды ниет еткендерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек орасан. Инновациялық жоба әзірлеп, қайтарымсыз қаржыға ие болғысы келгендер мен жаны сүйетін істі бастау мақсатында жеңілдетілген несие иемденуді ниет еткендердің үкімет бетін қайтарған емес. Бұл аз десеңіз шағын және орта бизнес өкілдерінің дамуы үшін Президент үш жылға салықтан босатты. Сәйкесінше, жөн-жосықсыз тексеріс те тежелді. Бұл қаладағы кәсіпкерлер санының еселеніп, экономиканың дамуына қосымша дем беретіні сөзсіз. Ал бүгінде кәсіпкерлікті жандандыру аясында қандай қаржы институттарымен жұмыс жүруде, бұл салада қандай өзгерістер болып жатыр. Осы орайда өңірдегі кәсіпкерлердің экономикалық өсімі мен даму деңгейіне сараптама жасайық.

Шағын бизнес дегеніміз атауы айтып тұрғандай үлкен көлемде пайда әкелмесе де, ай сайын белгілі мөлшерде материалдық қажеттілік әкеліп тұратын бизнес. Ал орта бизнес деп отырғанымыз, бұл ендігі үлкен компания, бірлестік. Бұл бизнес мемлекеттің тікелей экономикалық жақтан өсуіне көмектеседі. Қарапайым тілмен түсіндірер болсақ бұл екі сөздің баламасы осыған саяды.

Сауран ауданы құрылуының төртінші жылына аяқ басып отыр. Биылғы жылды толайым табыстармен қорытындылап отырған ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері келер жылдың негізін биыл қалады. Алдағы жылдары жүздеген жұмыс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы саласының жаңа технологияға көшуі мен та-бысты салаларды меңгеруі үлкен жетістіктерге жеткізгелі тұр.

Мақсат Таңғатаров,

Сауран ауданының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *