Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы мамандарына нақты тапсырма берді. «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет», — деді Мемлекет басшысы.
Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру мақсатында жауапты сала басышыларының басын қосты. Әкімге заманауи технологияларды ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды. Биыл су үнемдеу технологиясын қосымша 22 мың гектарға ендіру жоспарланған. Бұл каналдардағы су шығынын азайтуға және суды үнемдеп тұтынуға мүмкіндік береді. Оның басты міндеті – шаруаларға тіршілік нәрін уақытылы жеткізіп, егіннің бітік шығуына көмектесу.
Биылдан бастап «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы су үнемдеу технологиясын сатып алатын шаруаларды 2,5 пайыздық мөлшермен несиелендіру көзделуде.Ағын суды үнемдеу үшін өңірдегі каналдар мен су қоймаларын жөнге келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар өнім көлемін арттыратын озық технологияны таңдаған шаруаларға қаржының тең жартысын мемлекет өтеп береді. Су арналарына жақын орналасқан жерлерде кооператив құрып, біріккен диқандарға да қолдау бар. Су — жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс болып табылады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді. Себебі, халық саны ұлғайып барады, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда. Мамандардың болжамына сүйенсек, 2025 жылға қарай судың жетіспеушілігі 1,3-2 трлн. текше метрге дейін жетуі мүмкін. Есептеулер бойынша бұл кезеңде ауызсудың тапшылығын жер бетіндегі халықтың үштен екі бөлігі сезінеді.
Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындарды ашу инвестициялық жобалары жүзеге асуда. Бұл мәселеге байланысты сала мамандарының да пікірін ескереміз. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстан аумағы ТМД-ның еуропалық және сібірлік бөліктеріндегі республикалармен салыстарғанда су ресурстарына біршама жұтаңдау. Ауызсу тапшылығы бізде экологиялық және экономикалық проблема болып табылады. Мәселен халық пайдаланатын ауызсудың көзі ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер қарастырылады. Осылардан су жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су ретінде пайдаланылады. Сіз айтқан мәселелерді шешу үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі құрылыс нысандары, яғни бірнеше шақырымға созылған су құбырлары салынады. Осы орайда айта кетерлігі, өткен ғасырда салынған су құбырлары жүйесінің және ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Бұның салдарынан құбырлардың жиі жарылуы, жеткізілетін су сапасының төмендігі орын алып жатады. Кейде судың сапасы санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайлар да кездесіп отырады. Бүгінде ауызсумен қамтамасыз ету секторын сауықтыруға ауқымды қаржы қажет. Жалпы алғанда таза су саласында қордаланған проблемалар баршылық. Осындай бірқатар мәселелердің шешімін тауып, бірқатар жұмыстар атқардық.
Айта кетейік, жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Түркістан маңындағы өндірістік паркте құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын жылына 1000-ға жуық жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауытының бастапқы кезеңі іске қосылды. Ағын су шығынын төмендету бағытында облыста су үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға енгізілген. Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын ендіру көлемін 216,3 мың гектарға жеткізу қарастырылып отыр.
Осыған орай, жақында Түркістандағы Оқушылар сарайында биылғы жылды толайым табыстармен аяқтағалы отырған ауыл шаруашылығы үздіктерін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров құттықтады. Ол өз сөзінде: «Бұл тамаша да жарқын мереке барша саурандықтардың дәстүрлі мейрамына айналып келеді. Тарихи топырақта бой көтерген жаңа ауданның құрылғанына екі жылдан аса уақыт өтті. Аз уақыттың ішінде Сауран ауданы толықтай құрылып, облысымыздағы өзіндік орны бар аудандардың қатарына қосылып үлгерді. Ауданның басты болашағы – ауыл шаруашылығы саласы. Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету»,-дей келіп, «Алтын күз» мерекесіне ауыл шаруашылығы саласы бойынша толайым табыспен келіп отырмыз. Ендеше, бұл көрсеткіштеріміз бұнымен тоқтап қалмай, жыл сайын артатын болады. Жуырда ғана Түркістан облысынің әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2023» мерекелік шарасында «Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруден және су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізуден» озат аудан атанып, мерейіміз тасыды», — деп аграрлық саланың табысын жариялады.
ЕСКІ ИҚАН АУЫЛЫ ЕКІНШІ ЖЫЛ ҮЗДІК АТАНДЫ
«Алтын күз-2023» мерекелік шарасында алдыңғы қатарда көрінген үш ауылдық округі әкімі марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі 3 орынды Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Абдәкірімов алса, 2 орынды Иассы ауылдық округінің Санжар Тұрметов ие болды. Ал, Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Саитов 1 орыннан көрінді. Сонымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ауыл шаруашылық еңбеккерлерін «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, бір топ азаматқа алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыстады.
Ауданның басты болашағы – ауыл шаруашылығы саласы. Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмыстары ерен. Аудан бойынша биылғы жылдың он айында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, ауыл шаруашылық саласында жыл басынан 91 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі — 100,3% құрады.
Оның ішінде егін шаруашылығы — 65,9 млрд. теңге болса, мал шаруашылығы — 24,6 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 44082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6% артық.
СУ ҮНЕМДЕУГЕ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚОЛДАНЫЛУДА
Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2023» мерекелік шарасында Сауран ауданы «Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруден және су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізуден» озат аудан атанды.
Сумен қамтасыз етуді салыстырмалы түрде қарастырсақ, Қазақстан аумағында 39 мың өзендер мен уақытша су ағындары, су айдынының жалпы ауданы 45 мың шаршы шақырымды құрайтын 48 мыңға жуық көлдер бар. Республиканың оңтүстігі мен шығысында 95 текше шақырым судың қоры жинақталған мұздықтардың белдеуі бар. Бұл өз кезегінде еліміздің барлық өзендерінің ағынының жылдық көлеміне теңбе-тең келеді. Осының барлығын есептей келгенде Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі 1 шаршы метр шақырымға 37 мың текше метрді құрайды, сондай-ақ жылына бір адамға 6,0 текше метрден келеді. Су аз болған жылдары сумен қамтамасыз етудің деңгейі қажетті көлемнің 60 пайызын, ал бөлек өңірлер бойынша 5-10 пайызды құрайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу»,-деп айтқан болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда Сауран ауданында 12 гектар жылыжай салынып, тапсырма 100% орындалды. 14 агроқұрылым қосымша 110 гектарға тамшылатып суғару әдісін өндіріске енгізіп, тапсырма 110%-ға орындалып отыр. Шаға ауылдық округінде «Яссы Агро» ЖШС-і 150 гектарға жаңбырлатып суғару құрал-жабдығын орнатса, «JMJ Агро» ЖШС Жібек жолы ауылдық округінен 500 гектар, Шорнақ ауылдық округінен 120 гектар және «Тәуекел Агро» шаруа қожалығы 350 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын жыл соңына дейін орнатқалы отыр.
Тамшылатып суару тәжирибесін пайдалану кезінде су қалай үнемделетініне тоқталатын болсақ, су негізінен өсімдіктің тамыр бойы аумағын ғана ылғандандырады. Осыған байланысты егістіктегі өсімдік қатарларына су жіберілмейді және бұл өз кезегінде суды бекерден ысырап қылмауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл технология арқылы өсімдікке үнемді түрде тыңайтқыштарды да себуге болады. Бұндай жұмыстардың барлығы автоматтандырылған, сондай-ақ өсімдіктің өсуіне қажетті заттар тиісті көлемде себіледі. Осындай тура өлшемдер егістіктің шығымдылығына оң ықпал жасайтыны күмәнсіз. Республика экономикасының барлық салаларында суды үнемдеудің жаңа технологияларын, су шаруашылығында өнеркәсіптік үдеріс бойынша басқарудың автоматтандырылған жүйесін, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау тұрғысында мемлекеттік саясатты жаппай енгізу Қазақстанның болашақ ұрпағына су ресурстарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұл саланы бұдан ары қарай дамыту аясында суды жинау үшін қажетті көлемде қосымша тиісті нысандардың, су тапшылығы бар өңірлерге су ресурстарын жіберуге негізделген нысандардың құрылысын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанның жерасты суларының әлеуетін зерттеу біздің қазіргі кездегі су ресурстарының әлеуетін пайдалану бойынша мүмкіндіктерімізді арттырады.
САЛАҒА МОЛ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУДА
Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылық-тарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кә-сіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн»,-деген болатын. Осы орайда Сауран ауданының агроөнеркәсіп саласының маман-дары «Алтын күзді» толайым табыс-тармен қарсы алып отыр. Ауыл шаруашылығы саласына биылғы жылы 8,1 млрд.теңге инвестиция тартылды. Бұдан бөлек, 2024 жылға жалпы құны 10,9 млрд теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарла-нуда. Атап өтетін болсақ, Шорнақ ауылдық округінен «Мусабеков Қуанышбек» шаруа қожалығы 400 гектарға тамшылатып суғару әдісі арқылы жоңышқа егу жобасын іске асырмақ. Инвестициялық жобаның құны 1,4 млрд. теңгені құрайды. Жібек жолы ауылдық округінен «JMJ Агро» ЖШС 1000 гектарға жаңбырлатып суғару әдісін енгізбек. Инвестициялық жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жаңа Иқан ауылдық округінен «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС 1400 гектарға жаңбырлатып суғару әдісін енгізу жобасын қолға алғалы отыр. Инвестициялық жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жаңа Иқан ауылдық округінен «Казтекс» ЖШС-і 5 гектар жерге мақта кластерін дамыту үшін ғимарат құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Инвестициялық жоба құны 800 млн. теңгені құрайды. Оранғай ауылдық округінен «БНК Агро» ЖШС-і 20 гектар жерге 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлауда. Жалпы, инвестиция құны 2 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» ЖШС 10 гектар жерге 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жоспарлауда. Жалпы, инвестиция құны 3,5 млрд. теңгені құрайды.
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНА ҮМІТКЕРЛЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында президент: Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.
Биыл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бағдарламаға қазынадан 100 млрд теңге қарастырылып отыр. Оған өңірлерде 15 мыңнан аса жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде мал мен өсімдік шаруашылығы, кооператив құру және азаматтардың жеке кәсібін ашуға арналған бастамалар бар. Ең негізгі индикатордың бірі – ауылдықтарды жұмыспен қамту. Аймақтардың ұсынған мәліметтеріне сай биыл «Ауыл аманаты» аясында 35 мыңнан аса жұмыс орнын құру көзделген. Жобаға қатысты сарапшылардың қатысуымен бірнеше кеңестер өткен болатын. Онда бағдарламаны нәтижелі іске асыруға арналған бірқатар ұсыныстар қарастырылды. Мәселен, бағдарлама аясында малды ұйымдасқан шаруашылықтардан ғана сатып алу мүмкіндігі, типтік жобаларды қолдану, жылыжайлар қатарын көбейту және т.б. Өтінім берген азаматқа несие бермес бұрын, оның өндіретін өнімін өткізу жағын қарастыру қажеттігіне баса назар аударылған болатын. Жобаларды жүзеге асыру кезінде әр өңір өзінің ерекшелігін ескеруі тиіс.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жобаланып, жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына барша бұқара қатты мүдделілік танытып отыр.
Айта кеткен жөн, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған, несиелер биылғы жылдан бастап беріле бастады. Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банктен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.
Бүгінде саурандықтар табыстың тетігі кәсіпте екенін жақсы түсінді. Иә, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың қатары едәуір артқан. Кәсіп бастау үшін мемлекеттен қолдау да көп, тек ынта болса жеткілікті. Осы орайда кәсіппен шұғылданғысы келетін ауыл тұрғындарына «Amanat» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосты. Бұл – Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал»,-деген болатын. Осыған байланысты Сауран ауданында биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сауран ауданы бойынша төрт ауылдық округі жобаға қатысты. Олар Оранғай, Қарашық, Ескі Иқан, Майдантал ауылдық округтері. Бүгінгі таңда 1482,2 млн.теңгені құрайтын 273 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» микроқар-жылық ұйымына ұсынылды. Оның ішінде 191 құжат мақұлданып (1263,8 млн теңге), 143 жоба (779,0 млн. теңге) қаржыландырылды. Бүгінгі күнге аудан бойынша 96 шаруа өзге облыстан 1157 асыл тұқымды мал сатып алса, 9 шаруа жылыжай салуда. Келесі жылы тағы да төрт ауылдық округі осы жобаға қатысатын болады. Келесі жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың қатары бұдан да арта түспек.
Қысы-жазы егіс алқабында бел шешпей еңбек ететін диқандар мен мал тұқымын асылдандырып, қал-дықсыз өнім өндіруге ден қойған аг-рарлық саланың майталмандарына мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құқықтық тұрғыдан қорғалып жатса, әлі де алар асулары алда.
Сәкен Оразбаев,
Сауран аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.