«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: АУДАН ӘКІМІ ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілетіні туралы айтты. Содан бері құрыш қолды адамдардың маңдай тері елене бастады. Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сауран ауданында 200 жуық еңбек адамы құрметке бөленді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров уақыт­­пен санас­пай ерен еңбек­тің кө­рігін қыздырған еңбек адамдарына ақ дастархан жайып, құттықтап, сый-сияпат жасады.

-Жалпақ жұрт­ты іргелі істерге бағыттап, кең ауқымды жұмыстар іс тындыру үшін қоғамға пайдалы кез келген маман­дық иесі құрметтелуі керек. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымды білдіремін! Жаңа жыл барлықтарыңыздың отбасыларыңызға шаттық сыйласын,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Кешегі кеңес заманында еңбек адамына ерекше құрмет көр­сетілді. Қоғам байлығы қара­­­пайым құрыш қолды адам­дар­дың маңдай терімен жинал­ды. Заманында кеңшар, астық қа­былдау кәсіпорнының ди­рек­торы болып қызмет істеп жүр­­ген кезімізде алды­нан жұ­мыс үркіп тұратын еңбек адам­дарының қажырлы, қай­ратты ісін көріп сүйсінетін едік. Уақыт­­пен санас­пай ерен еңбек­тің кө­рігін қыздырған дала ер­лері әсіресе науқандық жұмыс кезін­­де күнді түнге, түнді күнге ұлас­­тырып, кірпік ілмей қаре­кет ететін. Озаттардың еселі еңбегі өзге­лерге үлгі етілетін. Олар­дың су­реттері Құрмет тақта­сына ілініп, әрқилы жарыстарда жеңімпаз атанып, мақтау ма­ра­паттауға ие болды. Осының өзі ең­бек адамдарын топтастыра түсті, жігерлерін жаныды, көкі­рек­­теріне өлшеусіз күш-қуат құйды.

Ел Президентінің еңбек адамдарын бағалау, құрметтеу туралы лебізін естіген кезде бас көтер­мей жұмыс істеген жастық ша­ғым көз алдымда қылаң берді. Қазір ауыл шаруашылығы құры­лым­дарында механизатор, ком­ба­йн­­шылар жетіспейді. Жұмыс беру­шілер өзге де мамандарға зәру. Осының барлығы – соңғы жыл­дары қарапайым еңбек ада­мын қадірлемегендіктен. Сондықтан жастар жағы еңбек ету­ге құлықсыз. Кешегі дәстүр сабақт­астығы үзілді. Осы бір түйін­ді мәселені Мемлекет бас­шы­сы өте дұрыс аңғарып, қоғам­ды олқылықтың орнын толтыруға шақы­рып отыр. Түптеп келгенде, бұл – елдің өте ауқымды, маңызды шаруасы. Жалпақ жұрт­ты іргелі істерге бағыттап, кең ауқымды жұмыстар іс тындыру үшін қоғамға пайдалы кез келген маман­дық иесі құрметтелуі керек. Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Ата-бабамыз аңсап өткен еге¬мендікке куәгер болып отырғанымызға тәуба дейміз.

Осы орайда, қасиетті де, қастерлі күнде біз қарапайым еңбек адамдарын ұмытпауымыз керек. Елдіктің, егемендіктің қалыптасуы жолында тек қана басшылар мен ақын-жазушылар емес көшедегі тазалықшыдан бастап, қарапайым көлік жүргізушіге дейін қосқан үлесі зор. Біз кешегі Кеңес үкіметін қанша жамандасақ та ол заманнан алатын үлгі аз емес.

Мысалы ол заманда еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлінді. «Үздік сауыншы», «Жүз қойдан жүз жиырма қозы алған шопан», «Шебер тракторшы» сынды атақтар көп болды. Тіпті үздік шыққан еңбек адамдарын ұлығылап қана қоймай, оларды депутат қылды, лауазым берді. Бұл расымен де еңбек адамдарын ынталандыратын. Тіпті, кей жағдайларда совхоз директорынан қойшының жалақысы көп болатын. Сол сияқты, біз де осынау қастерлі де, қасиетті мерекеде еңбек адамдарын ұлығылауымыз керек. Өкінішке қарай, қазір біздің елде құрылысшы, шопан, сауыншы деген мамандар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері. Тікелей әкімдік пен мемлекеттік мекеме құзырында емес.

Мерекелік бас қосуға облыстық мәслихат депуттары Баймахан Сүлейменов пен Жанар Темірбекова, аудан депутаттары мен БАҚ-ның басшылары қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Ауданның тазалығымен айналысып, жарығына жауапты болған, таза ауыз судың уақыты берілуін қадағалап жүрген, егін егіп, мал басын көбейткен еңбеккерлерге бұл күні алғыс көптеп айтылды. Мерейлерін көтерді. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті өз Жолдауында көптеген әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Әсіресе, Президентіміздің ауылдардағы қарапайым еңбек адамдарының жалақасын көтеру керек деген сөзі ұнамды.

Шынынды да, қазіргі кезде ауылдық жердегі көптеген еңбек адамдары ең төмен жалақыға өмір сүріп келеді. Жалақының аздығы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.

Ал, дүкендерде, базаларда азық-түлік бағасы күннен күнге өсіп барады. Бұл мәселені дер кезінде шешпесе, арты үлкен қиындықтарға душар етуі мүмкін.

Бұл сондай-ақ біріншіден, төменгі жалақының азаматтардың экономикалық тәуелсіздік деңгейінің жоғарылауы. Екіншіден, ең төменгі жалақы алатын адамдардың санының азаюы. Үшіншіден, жұмыс беруші жақ осы шығындар есебінен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жоғары жалақы және білікті жұмысшыларды қалыптастыруы. Сол себепті, Мемлекет басшысының жұмыс берушілерді жұмысшылардың жалақысын көтеруге ынталандыру туралы шешімі жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң серпін беретіні дау тудыр-маса керек.

Ең бастысы, Ел Президентінің еңбек адамдарын әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан ынталандырудың маңызды шараларына бастамашы болғаны қуантады.

Тынымсыз әрі еселі еңбектің нәти­жесінде алқабымыз астыққа, дастар­­қанымыз дәмге, үйіміз берекеге толып отыр. Мұның барлығы әр еңбек адамының төгілген маңдай терінің жемісі. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегін халықтың игілігіне арнаған адамдардың есімдерін атап, атқарған істерін жас ұрпаққа үлгі ету – міндет пен азаматтық парыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *