Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуге бастамашы бола отырып, экономиканы жасылдандыру мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық бағыттың негізгі бағыттарының бірі деп атады. Еліміздің өңірлерінде көмірқышқыл газының бөлінуін шектеу және өсіп келе жатқан шөлейттенуді ауыздықтау үшін бес жыл ішінде ормандарға 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызу жөніндегі мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндет жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта Түркістан қаласы, Сауран және Отырар аудандарында 15079,23 га аумаққа әртүрлі ағаш-бұта көшеттері отырғызылды. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» КММ жоспарына сәйкес жүзеге асты. Негізгі меже 31 468,43 гектар болған. Түркістан облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ» мекемесі арасындағы меморандум аясында «Жасыл аймақ» КММ-мен келісімшарт түзіліп, кешенді жоспар жасалған болатын. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен жиын өтті. Мәжіліске Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Қазатомпром-Sauran» ЖШС компаниялары мен жауапты сала мамандары қатысты. Жиында келісімшарттың тармақтарында көрсетілген мекеме тарапынан орман қоры жерлерінде өтемдік мәдени екпе отырғызу, мәдени екпелерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу және уран өндіруші кәсіпорындардың тарапынан келісімшарт бойынша туындаған мәселелер қаралды. Компания өкілдері өз талап-тілектерін айтты.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары «Жасыл аймақ» КММ-не белгілеп берілген жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу және табыстау қажет екенін айтты. Ал тұрақты пайдалану үшін берілетін мемлекеттік актіні алу жөнінде берілген тапсырмаларды орындамаған жағдайда жауапты өкілдердің жауапкершіліктері қаралып, заң аясында қатаң тәртіптік шара қолданылатынын ескертті. Осы орайда, Сауран ауданының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары бойынша ақпаратты ұсынамыз.
Түркістан қаласы, Сауран және Отырар аудандарында бекітілген жоспарға сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындармен мәдени екпе отырғызуға 20 107,0 га аймаққа ағаш, сексеуіл көшеттері белгіленіп, қазіргі таңда 8 934,2 га егілген.
Ұлттық компаниялардан аударылған қаржыға аумақтарға сексеуіл тұқымы себіліп, жапырақты ағаш пен сексеуіл отырғызылды. Сондай-ақ аумаққа орман шаруашылығы жолдары салынып, тік ұңғымалар қазылып, суғару жүйесі жүргізіліп, жасыл желектер қоршалды. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің 24.03.2023 жылғы № 46 санды 938,0 га жер учаскелерін уранды жер асты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру туралы қаулысы шыққан. Осы қаулыға сәйкес, мекеме осы күнге дейін келісімшарттың 2.3.1. тармағына сәйкес тиісті қаражатты өз мерзімінде аударуы тиіс. Жиын барысында ұсыныс-пікірлер айтылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының орман қоры жерлеріне егілген орман екпелері мен дақылдарының ғылыми дәлелденген нормалық көнімділігі, жерсінуі мен сақталуы 50 пайыз мөлшерінде көрсетілгенін уран өндіруші мекемелеріне негізге алу ұсынылды.
Қайрат Абдуалиевтің мәлімдеуінше, аталған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда «Казгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Атқарылған жұмыстарға жергілікті тұрғындар оң бағаларын беруде. «Жасыл белдеудегі» 15079,23 га жерге көшет егіліп, күтіп-бапталып жатыр. Алдағы уақытта бұл аумақты 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда жоспарды толық орындау мақсатында аталған аудандарда жер тапшылығы болған жағдайда халыққа зияны тимейтіндей шешім қабылданып, жергілікті жерлерге орман екпелерін егу қарастырылады. Жиын соңында орман ережесінде мәдени екпелерге орманмен көмкерілген аймаққа ауыстырғанға дейін үш жыл күтіп-баптау және толықтыру жұмыстары атқарылатыны сөз болды. «Жасыл белдеу» экологиялық аумағында орналасқан орман алқаптарындағы топырақтың құмшауыт және сортаң болуына байланысты аса қажеттілік туындаған жағдайда бес жылға толықтыру жүргізілетіні мақұлданды.
Сонымен қатар, «Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Осы арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделген.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, құжат төрт негізгі бағыттан тұрады. Тұтастай алғанда, Ұлттық жобада 11 міндет қарастырылып, соған сәйкес 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалды.
«Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстан» бағытында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қойылады. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. «Табиғат» бағытының мақсаты – биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту. Төртінші бағыт – «Экология болашағы» халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға арналған.
Әр бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Орнықты даму мақсаттарымен өзара байланыстылығы айқындалған. Мәселен, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты іске асыруды көздейді», деді С.Брекешев.
Еліміздің бас экологы айтқандай, «Таза Қазақстан» атмосфералық ауаның ластануын азайтуды, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді, тұйық циклдегі экономиканы дамытып, тарихи ластануларды жоюды және республика аумағындағы су нысандарының экожүйелерін сақтауды көздейді. Бұл біріншіден, ластанудың деңгейі жоғары өнеркәсіп орындарының қызметі мен электр стансаларында көмірді жағумен байланысты. Осы мәселені шешу үшін ауа сапасы нашар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі кәсіпорында зиянды қалдықты 20%-ға төмендету жоспарланып отыр. Айталық «АрселорМиттал Теміртау» қалдық көлемін 54%-ға азайтуға міндетті. Экожүйені орнықты дамыту үшін әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазір Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі – 9,6%. Осыған байланысты «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін және «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру жоспарлануда.
«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құру мақсатында «Іле – Балқаш» мемлеккеттік табиғи резерватында қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделген. Сондай-ақ балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған», деді министр.
С.Брекешевтің айтуынша, «Экология болашағы» аясында орнықты даму қоғамын құруға баса назар аударылады. Ведомство басшысы экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт ұлттық жобаның базалық бағыты саналатындықтан табиғатты қорғау және экологиялық сақтау іс-шаралары мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға арналады. Қазіргі жағдай осы саладағы білім беру, оның ішінде экологиялық білім саласында реформалар жүргізу қажеттілігін көрсетіп отыр.
«Осы бағытта екі міндет алға қойылған. Біріншіден, бұл – экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Мектептің 6-сынып бағдарламасына таңдау бойынша жаңа курс ретінде «Экологияны» енгізіп, осы бағыттағы ағарту орталықтары желісін құру көзделген. Екіншіден, экологиялық бағыттағы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Birge-taza Qazaqstan сынды экологиялық акциялар іске асырылады», деді Экология министрі.
Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерінің ұлғаюына, ІЖӨ-нің 231 млрд теңгеге өсуіне ықпал етіп, 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда. Министр бұл жоба әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге арналғанын жеткізді. Бұдан басқа аталған стратегия көлдердегі су сапасын жақсартуға, сондай-ақ суару кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сол секілді орманды аумақты 5%-ға дейін ұлғайтуға жол ашады деп сендірді жоба авторлары.
Бүгінгі таңда табиғаттың ластануына бей-жай қарамауымыз керек. Өкінішке қарай, климаттың өзгеруі нашарлап барады. Орталық Азияда кейінгі 30 жылда орташа жылдық температура шамамен бір градусқа көтерілді. Өңіріде негізгі өзен бассейндерінің және биоәртүрліліктің азаюы үлкен алаңдаушылық туғызады. Булануды арттыратын газдар мен ауаның кең таралған ластануы мәселені ушықтырып жатыр. Бүгінде «жасыл даму» мақсаттарына қол жеткізу үшін елдердің күш-жігері анағұрлым белсенді және тиімді болуы керек.
«Біз жүргізіліп жатқан саяси реформалар кешенді экономикалық реформалармен қатар жүруі тиіс екеніне сенімдіміз. Дәл осы тәсіл бізге орташа табыс тұзағынан шығып, дамудың келесі деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз шын мәнінде нарықтық, еркін және бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған ел үшін жаңа экономикалық бағытты жүзеге асырып жатырмыз. Жасыл экономиканы дамыту, энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын дамыту біздің төмен көміртекті даму стратегиямыздың басымдықтары болады, ол 2060 жылға қарай нөлдік шығарындыларға оңтайлы жол береді, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәселен, бірнеше жыл бұрынғы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігі жайылым мен шабындықты ұтымды, тиісті мақсатында пайдаланбаған, заңға қайшы берілген жерлерді мемлекет меншігіне алуды көздеп отырғанын айтқан. Агенттік төрағасының айтуынша, мал шаруашылығын дамытудың бірден-бір көзі бүгінгі күнге дейін пайдаланылмай келген жайылым мен шабындық жерлерді игеруге тікелей байланысты болып табылады.
«Жасыл» экономика – бұл экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму мәселелерін біріктіретін тұрақты даму тұжырымдамасының түсіндірмесі. Бұл қоршаған ортаға қысымды азайтуға, табиғи экожүйелерді сақтауға және қалпына келтіруге және табиғи капиталды арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, «жасыл» экономика шаралары теңсіздікті азайтуды, өмір сүру сапасын, еңбек жағдайларын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды білдіреді.
Қаржы институттары, бизнес өкілдері, ел үкіметі, кәсіпкерлер мен тұтынушылар жасыл экономикаға бет бұрып жатыр. Жасыл экономика – соңғы екі онжылдықта пайда болды. Жасыл экономика теориясы үш аксиомаға негізделген. Олар:
– шектеулі кеңістікте әсер ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;
– шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап ету мүмкін емес;
– Жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.
Тұрақты экономикалық өсу мүмкін емес – тұрақты экономикалық даму ғана мүмкін. «Жасыл экономика» концепциясы қоғамда резонанс туындатып отыр. Оны сарапшылар, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде талқылап жатыр. «Жасыл» экономика концепциясын жақтаушылар экономикалық жүйе жетілмеге деп санайды.
Ол жалпы адамдардың, әсіресе оның жекелеген топтарының (немесе елдер тобының) өмір сүру деңгейін жақсартуда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенімен, бұл жүйенің жұмыс істеуінің жағымсыз салдары айтарлықтай баршылық. Мысалы, экологиялық проблемалар (климаттың өзгеруі, шөлейттену, жер шарының өзгеруі, шөлейттену, биоәртүрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың сарқылуы, кең таралған кедейлік, тұщы судың, азық-түліктің, энергияның жетіспеушілігі, адамдар мен елдердің теңсіздігі.
Мұның бәрі қазіргі және болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Адамзаттың өмір сүруі мен дамуы «жасыл экономикаға» — яғни ұзақ мерзімді перспективада адамның әл-ауқатын жақсартуға әкелетін тауарлар мен қызметтерді өндірумен, бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қызмет жүйесіне көшуді талап етеді.
Қоғамда «жасыл» экономиканың мәнісіне қатысты түрлі түсінік бар. Әр адам ол туралы ойын әртүрлі жеткізеді. «Жасыл» экономика табиғи қорларды тиімді пайдалануға бағытталады. Әсіресе, сарқылуға жақын пайдалы қазбаларды үнемдеуді үндейді. Сонымен қатар сарқылмайтын тіршілік көздерін пайдаланудың тиімді шешемідерін қарастырады.
ХХІ ғасырдың басында экономикалық жаһандану қарқыны мыңжылдықтың мәселелерін жалпы талқылау үшін жаңа серпін берді. Қазір әлемде экология және тұрақты даму мәселелері өзекті тақырыпқа айналған. Қоршаған ортаға залалды барынша азайтуға бағытталған жасыл экономика болашақта тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ететін негізгі фактор атанады. Қазақстан да аумағы үлкен мемлекет ретінде жасыл экономикаға көшудің маңыздылығын мойындап отыр.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «жасыл» экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталып, оған ден қоюды тапсырды.
«Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», — деп тапсырды Мемлекет басшысы өз Жолдауында.
Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл» экономиканы дамытумен мықтап айналысу негізгі мәселе екенін атап өтті.
Электр қуаты, су және жылу адамның күнделікті тұрмысына ауадай қажет. Оны үнемдеп тұтынудың тиімді тәсілдерін қарастыру күн тәртібіндегі тақырып.
Сонымен қатар, маусымдық және шөл-шөлейт аумақтарда орналасқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына игеру де өзекті мәселе болып отыр.
«Бұл ретте атап көрсететін жайт, бұрынғы ұжымшар, кеңшар болып ұйымдасқан кезеңде мал шаруашылығын өркендету үшін табиғи жайылымдар толық әрі жіті пайдаланып келгені мәлім. Оның ішінде әсіресе маусымдық жайылымдарды көктемгі төлдету, жазғы жайлау мен қыстауларды пайдалану кезеңі сәйкестеліп реттеліп отырды. Ал қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жағдайға келсек, кейбір елді мекендер маңындағы жергілікті тұрғындардың мал жаюы мен шөп шабуы үшін, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығының маусымдық жайылымдарына арналған жерлерді өтеулі ұзақ мерзімге пайдалануға немесе жеке меншікке беруге рәсімделген жағдайлар кездеседі. Алайда, Жер кодексінің 36-бабына сәйкес, мұндай жерлер тек 5 жылғы мерзімге ғана пайдалану құқығына ие болатын. Бұндай жағдайлар жайылым және шабындық жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізіп отыр. Өйткені, шаруашылықтағы мал санына тиесілі жерлер реттелмей, басқа шаруашылықтардың пайдалануына шектеулер қойылып, кейбір тұлғалардың қолына едәуір жайылым жерлерінің шоғырлануы жол беріліп келді. Сондықтан агенттік жерді пайдалану мен қолдануды мемлекеттік бақылауды іске асыру барысында жайылым және шабындық жерлерді ұтымды, тиісті мақсатында пайдаланбаған, заңға қайшы берілген жерлерді мемлекет меншігіне алуды басты назарға алып отыр», – деген ол өз сөзінде.
Жасыл экономика өткен ғасырдың аяғында экономиканың бір саласы ретінде пайда болды. Бұл шаруашылық табиғи ортаның құрамдас бөлігі болып табылады және оның бір бағыты. Жасыл экономика тұжырымдамасы табиғат пен қоғамға қатысты экологиялық экономика, экологиялық экономика, ресурсқа негізделген экономика, халықты дамыту, және жасыл саясатқа қатысты экономика сияқты экономикалық ғылым мен философияның көптеген басқа салаларындағы идеяларды қамтиды. «Жасыл» экономика – экономикалық жүйе, оның басты мақсаты планетамыздың экологиясын сақтай отырып, экономиканың барлық салаларын дамыту. Осылайша, жасыл экономика адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен экологияға қажетті ресурстарды сақтай отырып, өндіріс пен қызмет көрсету салаларына байланысты экономиканы одан әрі дамытуға негізделген экономикалық қызметтің жаңа бағытын білдіреді. Бұл жағдайда келесі шараларды орындау қажет. Біріншіден, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру үшін экология мен қоршаған ортаға зиян келтірмей, материалдық игіліктерді жасауды арттыру. Екіншіден, энергия ресурстары өндіріс пен экономиканы дамыту үшін қажет, оны жаңартылатын энергия көздері, қоғамдық көліктерді электр көліктеріне ауыстыру, энергияны үнемдейтін ғимараттар салу арқылы көбейту керек. Үшіншіден, қоршаған ортаға зиянды газдарды шығармайтын экологиялық таза технологияларды жасау арқылы экологиялық таза өнім өндіруге ерекше мән беру қажет. Төртіншіден, халықтың үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны қорғай отырып, қанша өндіру керек, қалай өндіру керек, кімге өндіру керек деген мәселелерге үлкен мән берілуде.
Сондықтан жасыл экономикада адамдардың, табиғаттың және экономиканың үйлесімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып әрекет ету қажет. Мен бір нәрсені істегендіктен, басқа нәрсе жоғалмайды. Мысалы, үй салу үшін ағаштар аяусыз кесілмейді, ұлғайту технологиялары атмосфераны улы газдармен толтыру есебінен жүргізілмейді, т.б. Осындай жолмен тұрақты дамуға қол жеткізу – бүгінгі күннің жаһандық мәселелерінің бірі. Жасыл экономика – адамның Жер ресурстарына жауапкершілікпен қарауын көздейтін экономикалық даму моделі. Ол әл-ауқаттың өсуі мен табиғи ресурстарды сақтау арасында ақылға қонымды ымыраға келуге бағытталған. «Жасыл» экономика қазіргі уақытта сарқылуға ұшырайтын ресурстарды (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған. Жасыл экономика таза немесе «жасыл» технологияларға негізделген. Бұл бойынша ауа көміртекті газдарды шығаратын техногиядан бас тартуға болады.