Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойды. Соның ішінде су ресуртарын дамыту және ірі инфрақұрылымдық бастамалар айтылды.
Бұл ретте барлық табиғи монополиялар субъектілері үшін 5-7 жыл мерзімге барабар нарықтық тарифтер енгізілетін болады. Кепілдендірілген ұзақ мерзімді тариф инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік береді және несие қаражатын тарту кезінде «берік» кепіл болады. Осыған сүйене отырып, монополистердің жауапкершілігі едәуір артады. Цифрлық бақылау құралдары енгізіледі, азаматтардың тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігі кеңейтіледі. Әсіресе су ресурстарына қатысты, оның тапшылығы биылғы жылы елдің оңтүстік өңірлеріндегі фермерлер үшін шығындарды тудырды. Су ресурстарын жылына қазіргі 40 мыңнан 150 мың гектарға дейін сақтауды ұлғайтуға мүмкіндік беретін озық су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарлануда. Мұндай тәсіл Қазақстанға өз байлықтарын тікелей мақсаты бойынша пайдалана отырып, одан әрі ұқыпты қарауға мүмкіндік береді. Электр, жылу және су – жайлы өмір сүру үшін ең қажетті негізгі тауарлар. Оларды үнемдеу Қазақстандағы негізгі жаңа тұрмыстық мәдениетке айналады.
Түркістан облысының суармалы жерлеріне 206 млн текше метр су жіберілді. Биылғы суару маусымына дайындық аясында топырақ құрамындағы ылғал мөлшерін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
«Түркістан облысының суармалы жерлеріне қысқы мезгілде су беріліп жатыр. Бұл егіс алқаптарындағы ылғал мөлшерін көбейтуге, топырақтың құнарлығын жақсартуға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жасалады. Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы ылғалдату жұмысын наурыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай халықты 100 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл меже – мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру ісі біртіндеп жүзеге асып жатыр. Себебі Ауыз су мәселесі шалғайдағы ауылдарда ғана емес, ірі қала мен мегаполистерде де өзекті.
Бүгінде Түркістан облысында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен «сақалды құрылыстардың» мәселесін шешу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Биыл 70 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен қаржы бөлініп, 38 нысанның құрылысы аяқталуда. Қалған 32 нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта 27 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 120,5 мың халық ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, өңірдегі 11 нысан ел игілігіне пайдалануға беріліп, 81 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізген болатын. Осы ретте, бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ойық елді мекені тұрғындарының қуанышын бөлісуге арнайы барды. Ойықтықтарды құттықтап, осы салада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.
2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында.Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі деп» әспеттеген. Тіпті «Қайғысыз қара суға да семіреді», «Судың да сұрауы бар» деген мақал-мәтелдерді өмірге әкелген.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеді. Ол суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырды.
– Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында тапсырмасы берілген болатын. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда 27 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Бүгін 11 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беріп отырмыз. Нәтижесінде, су құбыры мүлдем жоқ 20 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
Нақтырақ айтсақ, Бәйдібекте – 1, Сарыағашта – 8, Келесте – 2, Қазығұртта –1, Ордабасыда – 4, Отырарда – 2, Жетісайда – 1 және Сауранда бір ауыл ауыз сумен қамтылды, 10 елді мекеннің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2023 жылы бюджет есебінен 254,070 млн. теңге бөлінді. Жалпы ұзындығы 4,9 шақырым болатын су құбырларын тарту жұмыстарын «Стройкомплект-КБ» ЖШС жүргізді. Жоба бойынша І, ІІ көтерілімдегі су сорғы станциясы, сыйымдылығы 2 дана 70 м3 резервуар, көлемі 15 м3 су мұнарасы, сүзгілеу станциясы, 2 дана су ұңғымасын бұрғылау қарастырылған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, нысан іске қосылды. Нәтижесінде, Ойық елді мекенінде 257 халық, 43 абонент орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, өткен жылы өңірдегі 832 елді мекеннің 739-ы немесе 88,8 % ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Оның ішінде, қалаларда қамту деңгейі 99,8 % (7 қала, 518,4 мың адам), ауылдық елді мекендерді қамту деңгейі 97 %-ды (732 елді мекен, 1 546,6 мың адам) құрайды. Сонымен қатар облыс елді мекендерін 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігімен «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, облыстағы 113 елді мекен, яғни 90,6 мың халық 2025 жылы толық сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Өткен жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыру үшін 280 млрд теңге бөлінді, оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд теңге және ауылдарда 267 жобаны жүзеге асыру үшін 113 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қалаларда 98,8%-ға және ауылдарда 96,3%-ға қамтамасыз ету жоспарланды. Қойылған міндетті уақтылы және сапалы орындау үшін республикадағы әрбір елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша кезеңдік жоспар әзірленді. Әрбір қалалық және ауылдық елді мекендер бойынша, оның ішінде іздестіру-барлау, ЖСҚ әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы бөлігінде мониторинг жүргізілді. 89 қалалық елді мекеннің 64-і 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 25 қала 2025 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.
Қалалық елді мекендердегі халық санының өсуіне байланысты, сондай-ақ сапалы сумен жабдықтау қызметтерін көрсету мақсатында республикалық бюджет шеңберінде су тазарту құрылыстарының қуаттылығын арттыру, магистральдық сумен жабдықтау жүйелерін кеңейту, сондай-ақ кәріз жүйелерін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың соңына дейін 1 395 ауылдың ауыз су мәселесін шешу жоспарланып отыр.Қалған ауылдардың 69%-ы, яғни 963-і тұрғындары аз елді мекендерге жатады. Оларға бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жергілікті бюджет есебінен кешенді блок модульдер орнатылатын болады. Индустрия министрлігі арқылы 391 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы қамтамасыз етіледі және 41 ауылда Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы топтық су құбырларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде кентішілік желілер салынады. Ведомствода су ресурстарын үнемдеу мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде сумен жабдықтау, су бұру және тазарту жүйелерінің өндірістік процестерін автоматтандыруды жүргізуді ұсынылады. Демек, су арналарын бүкіл өндірістік процесстердегі су ресурстарын есепке алудың толық кешенімен қамтамасыз ету көзделген. Ол үшін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің гидромоделін жасау үшін барлық өндірістік учаскелерде су есептеу құралдарын орнату қажет. Автоматтандыру су арнасының алдағы шығындарын, сондай-ақ дамудың оңтайлы модельдерін құру есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға бағытталған мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында осы жұмыстарды жүргізу үшін бюджеттен шамамен 25 млрд теңге қажет етеді. Бұл ретте мұндай жобаларды іске асыруға:
– судың коммерциялық және техникалық шығынын 15-40%-ға төмендетуге;
– инвестициялық шығындарды 10-15%-ға оңтайландыруға;
– электр энергиясына жұмсалатын шығындарды 15-20%-ға қысқартуға;
– желілердегі апаттылықты 30-50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жобалалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруды және сараптама қорытындысын алғаннан кейін одан әрі қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім беруі қажет.
Сонымен қатар әкімдіктер халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен:
- орталықтандырылған сумен жабдықтау және су арналарының өндірістік процестерін автоматтандыру құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы сапалы әзірлеуді аяқтауы;
- аз қоныстанған ауылдарда іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді және Блок-модульдер кешенін орнатуды жеделдетуі қажет.
Биыл жалпы құны 22,4 млрд теңгені құрайтын 62 сумен жабдықтау және су бұру жобасы жүзеге асырылуда, оның ішінде жыл ішінде 43 жобаны аяқтау жоспарланса, 19 жоба 2024 жылға өтуде. Нәтижесінде қалаларда сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік 96%, ауылдық жерлерде 92,5% болады. Сондай-ақ 15 мыңға жуық тұрғын қосымша сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 31 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет ететін 14 миллиард теңгенің 19 жобасы әзірленген. Бұдан бөлек су құбыры желілерін салуға тағы 30 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар Түркістан облысындағы су нысандары ескіргендіктен шаруалар бөлінген суды толық пайдалана алмай отыр. Бұл туралы Сенат депутаты Әли Бектаев «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында өткен көшпелі отырыста мәлімдеді.
Сенаторлар еліміздің оңтүстік өңірлерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады.
Мәжілісте аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев аграрлық саладағы өзекті мәселелеге арнайы тоқталып, шешу жолдарын ұсынды. Осыған орай Сауран ауданының тұрғындарының назарына су нысандарын жаңарту жұмыстары мен су тапшылығының алдын алу шаралары жайлы аз-кем мағлұмат беріп отырмыз.
«Аграрлы салада мәселе өте көп. Ең бірінші – қайта өңдеуге қатысты қаржы жетіспеуде. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мәселесіде бар. Ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мәселесін болашақта жергілікті жердегі өкілетті органға, мәслихаттарға беру керек. Себебі, әр өңір аграрлы сектордың қай саласын дамыту қажеттегін жақсы біледі. Егер республикадан қаржы бөліп, трансферт ретінде облыстың бюджетіне түсірсе, содан мәслихатқа тәртібін бекітіп, саланы дамыту қажеттігі туралы талап қойылса, облыс өзіне қажетті өндірісті дамытуға мүмкіндік алады деп ойлаймыз. Бұл субсидияға қатысты», – деді Әли Бектаев.
Сондай-ақ, сенатор субсидияны беру тәртібінің өзінде бюрократтық мәселелер өте көп екендігін айтты.
«Шаруа бір қағазды рәсімдеу үшін бірнеше құжат толтырып, бірнеше жерден рұқсат алуы керек және бірнеше жерден жоба жасап, қаржы шығару керек. Бұл жүйемен шаруа субсидия алмайды. Ал, алмағаннан кейін аграрлы сектор дамымайды» – деді ол.
Сондай-ақ, комитет төрағасы су саласына қатысты мәселелерге де арнайы тоқталып өтті.
Оңтүстікте тозығы жеткен су нысандарының көп екендігін жеткізіп, аталған жағдайларды шешу үшін су үнемдеуге көшу қажеттігін айтты.
«Өңірдегі су нысандарының 70 пайызы ескірген. Көпшілігі 60-70 жылдары салынған. Ескі болған соң шаруалар бөлінген суды толық ала алмай келеді. Себебі, су жерге сіңіп, ауаға ұшып кетеді. Жалпы судың тапшылығы жылдан жылға ұлғаюда. Біз трансшекаралық аймақта орналасқан соң, басқа өңірлерден келетін суға тәуелдіміз. Олда жылдан жылға азайып келеді. Сол үшін суды үнемдеу мәселесімен көп айналысуымыз керек. Оның бірі су жүйелерін дұрыстап жұмыс жасату болса, екіншісі суды үнемдеу технологияларын дұрыс пайдалану. Себебі, бұл аграрлық салаған үлкен пайда береді. Суармалы жер көп болса, су үнемдеу технологиялары көбірек іске қосылса, өнімділікте артады. Біз сол өнімділікті көтеру арқылы өнімнің бағасын төмендете аламыз», – дейді сенатор.
Ал, үшінші ұсыныста майда шаруашылықтарды біріктіріп, коперация құрудың артықшылықтары айтылды.
Әли Әбдікәрімұлы бұл жүйе өнімділікті арттырып, бағаны реттейтінін жеткізді.
«Ұсақ шаруашылықтан алынған өнімнің көлемі төмен, өнімділігі де аз. Сол себепті оның бағасы жоғары болады. Сондықтан біз су үнемдеу технологиясын, дұрыс суару системасын реттеуіміз керек. Сапалы ұрық егу, техникамен қамтамасыз ету қажет. Майда шаруашылықтардың басын біріктіріп ауыл шаруашылық коперацияларын көбейтсек, олардың жері ұлғаяды. Содан тың жерлер пайдаланылса, өнім көбейіп, өнімділік артады. Баға төмендейді. Біз осы жағына көңіл бөлуіміз керек. Ауыл шаруашылығына бөлінген қаражат сондай қажетті жерлерге жұмсалуы қажет», – деді ол.
Соынмен қатар енді Қазақстан суды үнемдеу, ірі өзен-көлдерді цифрлық жүйемен басқару бойынша Қытаймен ауқымды жобаны жүзеге асырады.
Сондай-ақ көрші мемлекеттің агросектордағы озық технологиясын енгізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бірлескен технопарк құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Гочжунның Алматыға сапарында белгілі болды.
Қазақстан – көрші елдің «Бір белдеу – бір жол» бастамасын қолдайтын Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Кездесуде Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Қытай Аграрлық университетінің филиалын ашу мәселесі де сөз болды. Сонымен бірге «Суды үнемдеу Цифрлық ғылыми зертханасын» құру жайы қаралды.
– Су ресурстарын басқаруымыз керек. Қытайда тәжірибе өте жақсы. Сондықтан екі академияның арасында – Қытайдың Ұлттық академиясы және біздің Ұлттық академия арасында үлкен мегагрантты іске асыратын боламыз. Суды басқару, ресурстарын басқару мегагранты. Осының барлығы қазір біздің жоспарымызда, – деді ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев.
Осы ретте, таяуда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Қытай арасындағы транзит және көлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті тұстарына тоқталған болатын.
Оның айтуынша, күрделі гео-экономикалық ахуалда транзиттік және көліктік ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі өсуде.
– Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен стратегиялық маңызға ие болған Транскаспий халықаралық көлік маршруты бір-бірін толықтырып, ортақ мақсаттарды көздейді. Осы тұста, екі елдің теміржол мен автокөлік бекеттерінің өткізу қабілеттерін арттыру және 3-ші теміржол өткелін салу мәселелерін дәйекті түрде талқыладық. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы барлық қадам халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, – деген еді М. Нұртілеу.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Биыл қосымша 5 млн га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтаждығын қанағаттандыруға бөлінбек», —деді.
Сонымен қатар, оның мәлімдеуінше, «Аманат» партиясының жанынан «Ауыл аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылғанын атап өткім келді, ол Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылап, қадағалайтын болады. Ал Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарып жатқан жұмыстары және дамыту бағытындағы атқарып жатқан іс-шаралары аз емес. Бүгінгі таңда егіншілік саласында ұзақ жылдар бойы топыраққа агрохимиялық сараптама жүргізілмегендіктен, химиялық тыңайтқыштарды жүйесіз қолдану арқылы егістік жерлерде топырақтың құнарлығы төмендеп нәтижесінде топырақтың сорлануы, ластануы, тұздануы сияқты келеңсіз факторлар орын алған. Салдарынан дақылдардың өнімділігі мен сапасының төмендеуі өзекті мәселеге айналуда.
Аталған саладағы кемшіліктерге маңыз бере отырып Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Агро-кеңес беру орталығы» құрылды. Ондағы мақсат — әр дақылдың өсіру технологиялық ерекшеліктерін ескеріп, демонстрациялық алаңдар ашып тәжірибе ретінде шаруаларға ұсыну. Бұл пилоттық жобаның өндірістік бағыты иновациялық технология қолдану арқылы дақылдарды (жүгері, бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылыжай т.б) органикалық негізде өсіріп алынатын өнімді арттыру, химиялық тыңайтқыштардан бас тартып толық органикалық тәсілге көшу.
Ұсынылып отырған пилоттық жобалардың мақсаты — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз кәсібін жетілдіріп, туындаған кедергілермен күресу, озық заманауи агротехнологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсыныстарды ауыл шаруашылығында тәжірибе ретінде пайдалану және алдын алу бойынша тиімді шешім қабылдауына толық көмек көрсету. Жобаға сәйкес, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі «Рамазан агро» ЖШС шаруашылық базасында мақта өсіру бойынша демонстрациялық алаң құрылып, 60 га алқапқа түркиялық «Эдесса», «Лима» элиталық мақта тұқымдары егіліп, өнім жиналды. Отырар ауданы, Талапты елді мекеніндегі «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында жүгері өсіру бойынша 20 га алқапқа «Пионер» сорты егіліп, толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктің өсіп жетілу фазаларының оңтайлы мерзімдерінде органикалық тыңайтқыш сумен берілді. Сонымен қатар, Сауран ауданы, Майдамтал елді мекенінде «ИС Жангир» ЖШС базасында 20 га қант құмайы «Сорго» дақылын мал азықтық мақсатта жоңышқа дақылымен үстеме егу бойынша демонстрациялық алаң ашылды. Суға тапшы Майдамтал өңірінің жағдайында бір маусымда 4 өнім алуға болады. Жоба аясында тәжірибе ретінде дақыл кеш егілгеніне қарамастан жоңышқа дақылының жетілуін жеделдетіп, бірінші орақтың өзінде алынған өнім көлемі артты.