АГРОӨНЕРКӘСІП: САУРАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТАТЫН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы аясында мал шаруашылығын дамыту, көкөніс өнімдерін, мақта өсіру, егін жай өнімдерін саралауды айтты. Осы бағытта еңбек өнімділігін арттыру жəне егін жайдың құнарлық сапасын жақсартуда көптеген мүмкіншіліктер пайдаланылып келеді, яғни ресурстарды тиімді қолдану жəне егіс алқаптарының көлемін көбейтуде ілгерілеушілік байқалады.

Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы- халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі, өйткені ол азық-түліктің негізгі өндірушісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы АӨК құрылымында ерекше орын алады. Бұл,біріншіден, азық-түлік өндірісі функционалдық рөлді атқарады.Екіншіден,ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оның өнімдерін тұтынатын немесе ауыл шаруашылығы тұтынатын өнімді шығаратын ондаған саламен байланысты.

Жуырда ғана Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауылды дамытудың тетіктері туралы тапсырма берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы «Ауыл аманаты» жобасына айрықша тоқталып, шаруаларға қажет болса, техника сатып алу үшін субсидия берілетінін айтқан еді. Сондай- ақ, Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы” жарлыққа қол қойған болатын.

Бүгінде оңтүстік өңірлерінде де, соның ішінде Сыры терең Сауран ауданы да – Түркістанмен қатар дамыған көне шаһар. 2021 жылы наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырып, қайтадан Түркістанмен қатар дами бастады. Бұл – ауданның, облыстың туризм саласы үшін аса маңызды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр.

Ғалымжан Қарабайұлының айтуынша, Сауран ауданына биыл І тоқсанда 6 млрд 428,9 млн теңге инвестиция тартылды. Осы жылы жалпы құны 13 млрд 129 млн теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.

– Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсем, Оранғай елдімекенінде «Балмұздақ» ЖШС-ның балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу және «Ныш Ер» ЖШС-ның демалыс аймағы және қонақүй салу жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Ал Шаға ауылдық округінен «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасын жүзеге асыру қолға алынады. Үшқайық ауыл округінен «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның балық шаруашылығын дамыту мен Шорнақ елдімекенінен «Sauran Plast» ЖК-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы, сондай-ақ, Ескі Иқан елдімекенінен «AgroFoodTrade» ЖШС-ның мақта майын өндіру цехы жобасы іске асыру жоспарланып отыр, – деді Ғалымжан Қарабайұлы.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сауран ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны – 6 010.

Брифинг барысында аудан әкімі биыл Аша елдімекенінде ауызсу жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылатынын, сондай-ақ, 3 шалғай орналасқан елдімекенде кешенді блок модуль орнату қарастырылғанын айтты.

– Өткен жылы Жүйнек, Шыпан, Қызылжол, Достық елдімекендеріне су мұнарасы орнатылып, Бостандық, Еңбекші Дихан, Шоқтас елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандағы 35 елдімекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елдімекен күн сәулесі батареяларынан қуат алады. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 трансформатор орнатылды. Биыл 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елдімекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Ал 11 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елдімекен табиғи газды пайдаланып отыр. Биыл Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас елдімекендеріне табиғи газ қосылады, – деді аудан әкімі.

Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде өткен жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жарықтандыру жүргізілді. Биыл бағдарлама аясында 11,2 шақырым, ал жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, аудан орталығы Шорнақ елдімекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, аудандық мемлекеттік мекемелердің ғимараттары және мәдениет үйі бой көтерді. Жаңа ғимараттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен 3 мектептің құрылысы басталды.

Бабайқорған елдімекенінде Спорт зал бой көтеріп келеді. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланған. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен Спорт зал құрылысына, Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп отыр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылдың І-тоқсанында жалпы өнім көлемі 6 млрд. 304,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1%Ауыл шаруашылығы бағытындағы «АУЫЛ – АМАНАТЫ» пилоттық жобасына аудан бойынша 4 ауылдық округі енгізілді. Атап айтқанда: Қарашық ауылдық округінде 3 кооператив отбасылық сүт фермасын және отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлап отыр. Оранғай ауылдық округінде 2 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған. Майдантал ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда. Ескі Иқан ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермасын ашуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, 2023 жылдың І-тоқсанында 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция тартылдыАғымдағы жылы жалпы құны 13 млрд. 129,0 млн. теңгені құрайтын           20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті бюджетке қосымша 106,4 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек: «Балмұздақ» ЖШС-ның – “Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 562 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 36,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Ныш Ер» ЖШС-ның – Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 200 млн. теңге,      40 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 21,3 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;  «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның – Шаға ауылдық округінен жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасыИнвестициялық құны 578 млн. теңге, 30 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 3,7 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның – Балық шаруашылығын дамыту жобасы (Үшқайық ауыл округі). Инвестициялық құны 600 млн. теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 1,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;  «Sauran Plast» ЖК-ның – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны 675 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «AgroFoodTrade» ЖШС-ның – Мақта майын өндіру цехы жобасы (Ескі Иқан елді мекені). Инвестициялық құны 500 млн. теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек,Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының     2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды.Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 млн. теңге қаржы бөлінді.3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде. Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны – 23,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандардың құрылысына (2-ші кезеңіне) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда: Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.

Сонымен қатар, Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, ағымдағы жылы 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек). «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары: Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт – 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт – 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады. Шорнақ, Үшқайық, Ескі Иқан ауылдық округтеріне 3 дана трансформатор орнатылады.

Ауданда 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. Осы жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады. Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде (4,5 млрд. теңге) және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде (4,9 млрд. теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді. Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда.

Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспармен және оңтайландырылған жобалармен қамтылған.Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде.Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланған.  Сонымен қатар, Бабайқорған елді мекенінде «Клуб және кітапхана» құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен «Спорт зал» құрылысына,  Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

 Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 48 күндізгі мектеп  жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 719 бала. Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы және Оранғай ауыл округінде 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, нысандар осы жылы пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, “Жайлы мектеп” ұлттық пилоттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысы жоспарланған: 2023 жылы Үшқайық ауыл округі, С.Қожанов ауылында 300 орындық мектеп, Иассы ауыл округі, Еңбекші Дихан ауылында 600 орындық мектеп және Шорнақ ауыл округі, Аша ауылында 900 орындық мектеп. 2024 жылы Майдантал ауыл округі, Ынталы ауылында 900 орындық мектеп, Қарашық ауыл округі, Құмтүйін ауылында 900 орындық мектеп құрылысы жоспарланған. Ауданда 12 мектепте оқушылар тасымалы ұйымдастырылған. Осы жылы барлық қауіпсіздік құралымен қамтамасыз етілген 5 арнайы автобус алынды.

Ауданда 41 спорт нысандары бар. Жалпы ауданда бұқаралық спорттық іс-шаралармен 39,9 мың адам қамтылды. Қазіргі таңда ауданның жастары Кентау және Түркістан қалаларында спортпен шұғылдануда. Осыған байланысты ауданда 2 спорт мектебін ашу бойынша жұмыстар жүруде. Шорнақ елді мекенінде «Спорт кешені» құрылысына, Ибата және Теке елді мекендеріне спорт зал құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, ауданда 4 мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб және 29 кітапхана қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Қарашық ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға өтінім жолданды. Сондай-ақ, Шорнақ елді мекенінде “500 орындық мәдениет үйі” құрылысының жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Ауданның экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарының бірі туристік кластерді дамыту болып табылады. Аудан аумағында 54 тарихи-мәдени нысандар бар. Келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесіне «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталдыБекітілген кешенді жоспаға сәйкес 2022 жылы туризм саласында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 500,0 млн. теңге болса, нақты 811,8 млн. теңге тартылып, 162,3 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы туризм саласында жалпы құны 345,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 2 млрд 974,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 80 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған жаңа Жолдауында 11 басым бағытты атап көрсетті. Жолдауда Ел Президенті жаңа жағдайдағы экономикалық дамуға ерекше мән берген. Яғни әлемді жайлаған пандемия әлем мемлекеттерінің экономикасына кері ықпалын тигізді. Осыны ескерсек, бізге нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, Қазақстан Президенті ел экономикасын қалыпты ұстауға және оны дамытуға нақты шараларды атап көрсетті. Бұл ретте, өндіріс өнеркәсіптерін өркендетіп, шағын және орта бизнестің көкжиегін кеңейту қажет.

Басты құжатта Ел Президенті ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән берді. Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар өңір үшін аса маңызды екені сөзсіз. Негізінде, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Сондықтан жыл сайын аграрлық секторда дәстүрлі қолдаулар көлемі артып келеді. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға, құрылыс материалдарын шығаруға және өнеркәсіптің өзге де салаларына баса назар аударылатын болады. Осының барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек.

Естеріңізге сала кетейік, осы тақырып аясында Түркістанда Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен еліміздегі көкөніс шаруашылығының қазіргі жағдайы мен болашағы, суармалы егіншілік мәселелері талқыланған болатын. Жиынға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, Сауда және интеграция министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты тұлғалары, Табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ салалық қоғамдық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

– Бүгінгі жиынымыз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, оның ішінде халықты жергілікті көкөніс және жеміс-жидек өнімдерімен қамтамасыз ету, көкөніс бағасын қолжетімді ету, маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдері бағасының шарықтауын болғызбау, суармалы егіншіліктің қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелеріне арналады. Ең бастысы, көкөніс шаруашылығының өнімдерін өндіруден тұтынуға дейінгі толыққанды циклін қалыптастырудың, жіктеп айтқанда – өндіру, сақтау, өткізу мен өңдеудің оңтайлы жолдарып қарап, нақты шешу жолдарын ұсыну көзделіп отыр. Көшпелі отырысты Түркістан облысында өткізуге бірнеше фактор негіз болды. Біріншіден, Түркістан облысы республика бойынша жүзімнің – 76 %-ын, бақша өнімдерінің – 64 %-ын, жеміс-жидектің – 40%-ын және көкөністің 25 %-ын өндіреді. Екіншіден, республикадағы суармалы жерлердің 25 %-ы облысқа тиеселі. Сонымен қатар республика халқының 2 миллионнан астамы осы өңірде тұрады. Кеше біз облыс аумағындағы шаруашылық нысандарында болып, олардың жұмысымен таныстық. Халқымызды жергілікті көкөніс өнімдерімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету үшін шешімін таппай отырған бірқатар проблемалар бар екенін аңғардық. Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты – заң шығарушы, атқарушы билік өкілдері, сала мамандары мен шаруалар бірлесе отырып, осы проблемалардың шешу жолдары мен әдістерін талқылау, – деді Серік Егізбаев.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарға, жоспарларға тоқталды.

– Өздеріңізге белгілі, климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы – ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңірлердің бірі. Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс істеуде, өңірдің 1 миллионға жуық тұрғынының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауларында ауыл шаруашылығына баса назар аударып, елімізде аграрлық саланың әлеуеті өте үлкен екендігін атап өтуде. Осы тұрғыда, Түркістан облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығының өсімі тұрақты даму үстінде. Соңғы 5 жылда жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 1 трлн. теңгеден асты. Өздеріңіз кеше танысып өткендей, мемлекет тарапынан «Ауыл аманаты» жобасы аясында биылға 19,8 млрд. теңге бөлініп, ауыл шаруашылығы жобаларын жылдық 2,5 пайыз мөлшерлемемен несиелендіру жұмыстары басталды. Бұл ауыл тұрғындарының әл- ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты серпіліс беретіндігі сөзсіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Отырыста көкөніс саласын дамытудағы проблемалар мен тежеуші факторлар атап өтілді. Мысалы, көкөніс қоймалары көлемінің болмауы және жеткіліксіздігі, өндірісті дамытуға және кеңейтуге субсидиялар алу мәселелері, саланы жеткіліксіз қаржыландыру, қайта өңдеудің төмен үлесі, өндірістің жоғары шығындары және баға мен сапа бойынша көкөніс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі қозғалды. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі инфляцияға теріс әсер ететіні және көкөністер мен жемістердің жекелеген санаттары бойынша импорт үлесінің ұлғаюына әкелетіні атап өтілді. Ағын су тапшылығын шешудің резервтік барлық мүмкіндіктерін пайдалану, жаңа құрылыстар, тозығы жеткен су нысандарын қалпына келтіру мәселелері де айтылды. Жиынға қатысушылардың барлық сындарлы ұсыныстары мен тілектері алдағы Үкімет сағатының ұсынымдар жобасына енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *