
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанында 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Соңғы деректер 2020 жыл бойынша қорытындыланған. Бірақ осы жақын аралықтарда да жасалған қылмыстардың саны да аз емес. Келесі статистиканың қандай болып шығарына ешкім кепілдік бере алмайды.
Жалпы елімізде қылмыстық ахуалдарға жауап беретін арнайы органдар жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке басыңыздың құқығын қорғау мақсатында кез келген уақытта заң органдарына жүгіне аласыз. Әсіресе, қазіргі уақытта заң саласындағы адвокатура үлкен бір бизнестің бастауы болып кеткендей. Өйткені жоғары білімі бар кез келген заңгер өз адвокатура кеңсесін ашып алуға мүмкіндігі бар. Қазір ондай кеңселер көп деп айтуға болады. Бірақ нарықтағы бәсекелестікте тек ең мықтылары қалады.
Адам құқығын қорғау заңгерлердің басты міндеті. Ол мейлі адвокат болсын, прокурор, полицей қызметкерлері, тіпті сот болса да адам құқығы мен бас бостандығының жауапкершілігі заң органдарының мойнында. Қазіргі уақытта шыны керек айналамызда жан түршігерлік қылмыстардың саны көбейіп кетті, қай кезде болмасын теледидарды, телефонды аша қалсаң екі жаңалықтың біреуі қылмыс. Адам өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық. Ер адамдардың өз әйелін өлтіруі, ұруы, әйелдердің баласын тастап кетуі, одан бөлек қазір жастардың арасындағы қылмыс жасау кеңінен белең алып кетті. Өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы шыны керек жиі кездеседі. Адам баласын қылмыс жасауға криминалдық немесе зорлық-зомбылық көріп өскен ортада өмір сүруі де ықпал ететіні анық.
Адвокатура, адвокат деген не дегенде ең бірінші не ойлайсыз? Күмәндіні қорғау ма мүмкін сотта жеңіп шығуды көздеу шығар. Бірақ заң тұрғысынан адвокатура Қазақстан Республикасындағы адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Ал, адвокат деген – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.
Жалпы адвокаттық жұмыстың қыр-сырымен тереңірек танысу мақсатында осы салада білім алып жатқан болашақ маманмен біраз әңгіме өрбіттік. Түркінің төрі – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің 4 курс студенті Асылайым Ғалымжанқызы адвокаттықты заң саласындағы ең қиын жұмыстардың бірі деп санайды.
-Жалпы заң саласындағы адвокаттың негізгі қызметі қандай?
-Теледидардан да, жаңалықтардан да қарап отыратын болсаң, мысалы, адвокат әрқашан қылмыс жасаған адамды қорғап жатады ия? Сол үшін де көп адамдардың ойы кейде өзгереді, бірақ бұл біздің міндетіміз, мемлекет пен адам алдындағы борышымыз. Қазақстан Республикасы азаматы болғаннан кейін қандай жағдай болмасын жеке бастың құқығы қорғалуы керек. Негізі шыны керек адвокаттық жұмыс өте ауыр жұмыстардың бірі, ол адам өмірімен тығыз байланысты, бұл қызметті өз міндетімен нақты, тиянақты Заң жүзімен атқаратын болсақ, адам өміріне зиян келмейтіндей етіп адал түрде шешілуін қадағалау қажет, сол себепті заң жүзінде қызмет етемін деген адамға бірінші ақ-қараны ажыратып, заң жүзінде жоғарғы білімінің болуы талап етіледі.
-Адвокат жұмысының ақысы қанша?
-Жалпы қазіргі уақытта өзім әлі жоғары оқу орнын оқып жатқандықтан бір заңгер өзін былай бағалайды деп айта алмаймын. Себебі менің әлі де үйренерім көп. Алайда Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына қатысты қаржы құжатынсыз жол берілмейді, яғни, қолма – қол ақша адвокатқа берілмейді бұл заңға кайшы және біз оқып жатқан жоғарғы оқу орнымызда пара беруге жол берілмейді және келеңсіз жағдай болмас үшін біз оқу ақысын құжат түрде береміз, сол үшін де кез келген уақытта сенімді болу үшін барлығын құжат арқылы дәлелдей алатындай етіп төлеген дұрыс. Жалпы біз қолма – қол ақшамен төлем жасауға қарсымыз. Оқу орнындарында осындай заң талабы барына да келісеміз және қолдаймыз!
