КЕЛЕСТЕ УЫЛДЫРЫҚ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, АЛҒАШҚЫ ӨНІМ АЛЫНДЫ

Келес ауданында ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі ретінде балық шаруашылығын дамытуға ерекше мән берілуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері аясында бұл салада бірқатар жобалар іске асырылып келеді. Аталған бағыттағы жобалардың бірі – «БозСу Балық Шаруашылығы» жеке кәсіпкерлігі. Кәсіпкер Олжас Әбдіжаппарұлы басшылық ететін бұл жоба 4,8 гектар жер телімінде балық шаруашылығын дамытып отыр. 2024 жылы 1 миллион дана амур шабағын су айдынына жіберіп, нәтижесінде 4 тонна балық өнімін алған.
Биыл шабақ саны 3 миллионға дейін ұлғайып, олардың 600 мың данасы сатылымға шыққан. Кәсіпкер қалған шабақтардан қосымша 10 тонна балық өнімін алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, инкубаторлық цех іске қосылып, алғашқы кезеңде 20 келі уылдырық өндірілді. Келер жылы бұл көлемді 100 келіге дейін ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі таңда өндіріс орнында 5 адам тұрақты жұмыс істейді. Жұмысшылар қауіпсіз еңбек жағдайымен және тұрақты жалақымен қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *