Израиль әскері Газa қаласындағы әскери операциясын бастады

The Jerusalem Post газетінің жазуынша, Израиль әскері қазірдің өзінде қаланың шеткі аумақтарын бақылауға алған.

Бұған дейін Израиль қорғаныс министрлігі Газаны басып алу жоспарын бекітті. Енді шамамен бір миллион палестиналық анклавтың оңтүстігіне күшпен көшірілмек.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Израиль армиясы резервтегі 60 мың адамды әскерге шақыру туралы шешім қабылдады. Алайда, олардың бәрі бірдей тікелей ұрыстарға қатыспайды. Дегенмен, соғыс қимылдары жалғаса берсе, резервке шақырылғандардың саны 130 мың адамға дейін жетуі мүмкін екені де айтылған.

Израиль Газа секторын 1967 жылдан 2005 жылға дейін 38 жыл бойы әскери оккупацияда ұстады. Бұл аймақта 2,4 миллионға жуық палестиналық тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *