Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады

 

✔️

Әңгімелесу барысында «жасыл» энергетика, машина жасау салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар бойынша серіктестік орнату мәселелері талқыланды.

✔️

Қасым-Жомарт Тоқаев Sany Group корпорациясының Қазақстан нарығындағы қызметін жандандыруға ұмтылысын жоғары бағалады. Корпорация елімізде арнайы техникалардың озық өндірісін жолға қоюға ниетті.

✔️

Президент бүгін Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың іске қосылуын ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы маңызды қадам деп атады.

✔️

Сян Вэньбо қытайлық корпорацияның Қазақстандағы жұмыс жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Sany Group компаниясы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стансасын салып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *