Елдің шығысындағы Кунар провинциясы зілзаладан ең қатты зардап шекті. Табиғи апат салдарынан көз жұмғандар саны 1400 адамнан асты. Тағы 3 мыңнан аса адам жарақат алды. 5 мыңнан астам үй қирады.
Жергілікті билік қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертеді.
Батыс елдері жер сілкінісі салдарын жоюға көмектесуге дайын екенін жеткізді. Ұлыбритания 1 млн фунт стерлинг бөлді. Қаражат тікелей «Талибанға» емес, серіктестер арқылы бағытталатыны айтылды.
Үндістан, Қытай мен Швейцария да гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 5 млн доллар бөлді.
