ТҮРКІСТАН: ЖАҢАРҒАН ҚАЛАНЫҢ КЕЛБЕТІ ЖАРҚЫН

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд-тан астам  ағаш көшетін отырғызу жөнінде тапсырма берген болатын. «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл – дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс. Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланысты», -деген болатын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Түркістан қаласының өсіп-өркендеуі жолында халыққа жайлы жағдай жасау мәселесі алғашқы орында тұратыны бүгінгі заманның талабы екені белгілі. Осы тұрғыда қала және облыс әкімдігі өз тараптарынан тиісті жұмыстарды үйлестіруде. Қалада тұрғындардың жайлылығы үшін инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Кезінде Мағжан ақын: «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой» деп баға берді бұл өңірге. Әлемді шарлаған Мағжанның бұл сөзін Түркістанның көне заманнан бері кие мен рух байланған  ерекше жер екенін аңғаруға болады. Бір облыстың ғана емес, күллі Түркі елдерінің рухани-мәдени астанасы ретінде дамудың даңғыл жолына түскен қаламызды түркітілдес мемлекеттер басшылары бір ауыздан қаланы рухани орталығымыз ретінде құрметтейміз деп, ресми бекітті. Жуырда бұл жөнінда арнайы заң қабылданбақ.

Қазір Түркістан қаласының барлық аумағында дерлік құрылыс жұмыстары қарқында жүріп жатыр. Инфрақұрылым жаңарып, жол төселіп, көше бойындағы арықтардан су аға бастады. Сәулеті көзді арбайтын ғимараттар бой көтерді.  Мұның бәрі Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру бағытындағы нақты қадамдар десек болады. Осы ретте қала әкімі Н.Тұрашбеков халықпен кездесіп, есеп беру жиындарын өткізіп жүр.  Отырар секторы тұрғындарымен кездесуден басталған қалас басшысының есебіне Түркістанды жайлы тұрмыс, тұрғындар үшін қолайлы (комфортты) қалаға айналдыру жолында жүйелі жұмыстар жасалуда. Жиынды шаһар басшысы 2023 жылы тұрғын алапта атқарылған жұмыстар бойынша баяндамасымен ашып, азаматтарды толғандырған мәселелерін тыңдады. Өткен жылы сектордың төрт көшесіне асфальт, 12 көшеге тас төселіп, 2 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды. Бес көше күрделі жөндеуден өткізіліп, Шекті Тілеу көшесіне, Жаңа қала, Қожа Ахмет  Ясауи даңғылы аумақтарына 9 аялдама орнатылды. Жолаушылар өтініші бойынша №31, №7, №5А, №8 автобус бағыттарына өзгертулер енгізілді. Көшелер жол қауіпсіздігі белгілерімен — 100%-ға, көше жарықшамдарымен — 90%-ға қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, шағын ауданда 13 жаңа трансформатор орнатылып, жаңадан қоныстанған 36 үйге газ жүйесі тартылды. Биыл жоспар бойынша Шипасу аймағындағы, Мәриям, Қорқыт ата, №105, Жанқожа батыр көшелері мен №28 мектеп аумақтарындағы 12 трансформатор ауыстырылмақ. А.Төлегенов, Мәдениет, Жолымбек, Қостанай көшелеріндегі электр бағаналары жаңартылып, 62 шағын және орта инвестициялық жобалар іске асырылып, 1878 жаңа жұмыс орны құрылады. Шипасу аймағында саябақ салынып, тұрғын алапта абаттандыру жұмыстары күшейтіледі. Одан бөлек, тұрғын алапта жыл соңына дейін 1200 орынды көпсалалы аурухана ашылады деп күтілуде.

2023 жылы Сауран секторында үш нысанның құрылысы толық аяқталды. жалпы 60 көшеге ауыз су тартылып, биылғы жылы ауыз сумен қамту деңгейі 99,5% жеткізу көзделуде. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 13 601 немесе 32,2% абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі — 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 км құрайды. «Сауран» секторында сарқынды су жүйесінің құрылысын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылы 1 нысанның сарқынды су жүйесі құрылысын бастау жоспарлануда. (Баянауыл м/а кәріз жүйесімен қамту). Қосымша, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік сылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 18 жоба іске асыру көзделген.

Қазіргі таңда 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Түркістан қаласында 42240 электр абонентінің 36669 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. «Сауран» секторында электр желілерін кабельдік желіге ауыстырып сапалы электр қуатымен қамту құрылысын бастау жоспарлануда. Қаламызды жол саласы әрдайым күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Былтыр Сауран секторында 2023 жылы 5,3 шақырымды құрайтын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 9,5 шақырымды құрайтын 15 көшеге аяқ жол салу, 2 дана аялдама орнату жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы Сауран тұрғын алқабына қарасты, инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған 8,1 шақырым құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер жаңа қоғамдық көлік бағыттарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2024 жылы Сауран — Бекзат тұрғын алқаптарын қосатын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы және 3,8 шақырым құрайтын Ә.Жангелдин көшесінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталатын болады.Сауран тұрғын алабының негізгі көшелерінің бірі болып табылатын Б.Майлин көшесін 1,97 шақырымды ағымдағы жылы жаңғырту жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта нысанға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынылды.

Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, 2023 жылы 2983 адамға қызмет көрсетілді.Сонымен қатар, бір қуантарлық жаңалық, былтыр Шауғар секторында «Р.Сейтметов атындағы сазды музыкалық драма театры» нысаны күрделі жөндеуден өтіп қолданысқа берілді. Сондай ақ, ағымдағы жылы 500 орындық Тәуке хан көшесі бойында орналасқан «Мәдениет үйін» қолданысқа беру жоспарлануда. Бұл нысандар сектор тұрғындарының бос уақытын дұрыс пайдаланып, қоғамдағы мәдениетті қалыптастыруға және жоғарылатуға септігін тигізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қала аумағында «Таза қала» байқауы жыл бойына өткізіледі. «Үздік аула», «Үздік көше» жеңімпаздары анықталып, жыр қорытындысымен марапатталатын болады. Сонымен қатар, секторда жастар және жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді түрде жүргізілмек.

Жалғасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *