ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ : МІНДЕТ ПЕН МЕЖЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті. Онда ҚР Президенті жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берген болатын. Атап айтқанда, маңызды құжатта экономика, әлеуметтік сала және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер жөніндегі жоспарлар айқындалған. ҚР Үкіметінде Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында әлеуметтік  салада қандай нақты нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды.

Түркістан облысында 2024 жылы 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту шараларына бюджеттен 12,2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінді.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы

«Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болды. Бала қаражатты кәмелет жасына толғаннан кейін білім алуға немесе баспана сатып алуға пайдалана алады.Ал, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейген болатын. Бұл көрсеткіш 2024 жылдан бастап 85 мың теңгеге ұлғайды.Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төлеу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұрын тауар түрінде берілген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланды. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 6 млрд. теңгеге 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру.

Бағдарлама аясында балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат олар 18 жасқа толғанға дейін есептелетін болады.Бала 18 жасқа толған жылы оның нысаналы талаптары АҚШ долларындағы ақшалай баламасы түрінде көрсетілген және 18 жасқа толған нысаналы жинақтарды алушылар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болады.

Түркістан облысында бүгінгі таңда 154,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Биыл 26 528 отбасыға 10 128,74 млн. теңге көлемінде АӘК тағайындалып, аз қамтамасыз етілген азаматтардың үлесі облыс халқының 7,2 пайызын құрап отыр. Айрықша атап өтер жәйт, өткен жылмен салыстырғанда АӘК алушылар саны 22 пайызға кеміді.   Түрлі инстанцияларға жүгінбей-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) енгізілді. Әлеуетті қызмет алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісемін деп жауап беруі қажет. Өтінішті толтыру және жәрдемақыларды немесе төлемдерді тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады, осыдан кейін қаражат қызмет алушының банк шотына аударылады. Цифрлық карта мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады. Бүгінгі таңда онда 6 миллионнан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.

Отбасының цифрлық картасы ешқандай өтініш жазбай-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін рәсімдеуге мүмкіндік береді:

*еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем;

*жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем;

*асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақы;

*мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) жәрдемақы;

*мүгедектігі бойынша жәрдемақы;

*көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;

*«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы;

*атаулы әлеуметтік көмек;

*жерлеуге берілетін бір реттік төлем.

Отбасылық цифрлық картаның тиімділігі

ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерiн алу, «қандас» мәртебесi тағайындалғаны/ұзартылғаны, мерзiмiнің аяқталуы және жұмыссыз тұлғаларды жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар жасалады.

2029 жылға дейін елімізде 3,3 миллионнан астам азаматты жұмыспен қамту үшін 450 мың жаңа жұмыс орнын құру, оның ішінде жастарға 200 мың жұмыс орнын (44%-ын) ашу бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жұмысқа орналастыру ұлттық жобалар, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары және тағы басқа да жолдар арқылы жүзеге асырылуда.

Әкімдіктерде өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітілді, соған сәйкес 911 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 847 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 420 мыңнан астамы – жастар. Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау жүйесі, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер көлемін кірістің 45%-ына дейін ұлғайту арқылы күшейтілді. 1 қарашадағы жағдай бойынша 172,3 мың адам 37,8 млрд. теңге сомасында алды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша «Өңірлік жұмыспен қамту картасына» сәйкес 109,7 мың жұмыс орнын ашу көзделген-ді. «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобаны» жүзеге асыру аясында 112, 4 мың адамды жұмыспен қамту шараларына жолдапты. Оның 40 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен бірге биыл 466 инфрақұрылымдық жоба аясында 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланса, өткен 10 айда оның 3 174-і іске қосылған.

Еңбек заңнамасын либеризациялау және жұмысқа алудың жаңа формаларын (қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, жарты күндік жұмыс күні) дамыту мақсатында биылғы 1 шілдеден бастап тиісті түзетулер енгізілді. Осылайша, ресми түрде келесі режимдер пайда болды: бірлескен жұмысқа орналасу, икемді жұмыс кестесі, тараптардың келісімі бойынша 4 күндік жұмыс аптасы (5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасына кезектестіру құқығымен) және платформалық жұмыс.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған топтары қатарындағы, оның ішінде мүгедектігі бар кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант (400 АЕК-ке дейін) берілді. Грант алу үшін business.enbek.kz порталы арқылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуы қажет. Түркістан өңірінде биыл жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында 2,3 млрд. теңге бөлініп, 1 688 азамат мемлекеттік грант жеңіп алды.

I топ мүгедектеріне күтім жасайтын отбасы мүшелеріне жеке көмекші ретінде еңбекақысын төлеу және жұмыс уақытын еңбек өтіліне қосып тіркеу мүмкіндігі енгізілді.

Жалғасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *