ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысында 2024 жылы 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту шараларына бюджеттен 12,2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі еңбек нарығын қорғау шараларын күшейту аясында 2023 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өткен жылмен салыстырғанда 21,5%-ға қысқартылды.

Жетім балаларға арналған 36 ұйым балаларды қолдау орталықтарына трансформацияланды. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Бұған қоса орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысының жаңа қағидаттары бекітілді. Бұл шаралар тиісті мамандардың тиімділігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларында психологиялық қолдау орталықтары құрылды. Бұдан бөлек, педагог-психолог қызметі цифрландырылды. Бұл оларға консультациялық көмекке мұқтаж балалармен арнайы жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

ҚР Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, ол жастарды әртүрлі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту, жастар кәсіпкерлігін ынталандыру, жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және тағы басқа шараларды көздейді.

Биылғы 1 наурыздан бастап жас кәсіпкерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жылдық 2,5%-бен шағын несие беру көзделген. Барлығы 7,4 мың өтінім қабылданып, 24,1 млрд. теңге сомасына 5,3 мыңнан астам шағын несие мақұлданды.

Халықты әлеуметтік қорғау

Түркістан облысында 2024 жылы 116,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту шараларына бюджеттен 12,2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 12,9 мың отбасына немесе  77,5 мың адамға жалпы   2637,4 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 3,6% құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 42,4% азайды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 тоқсанында АӘК тағайындау бойынша белгіленген межеден асырылмады.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау көзделіп отыр.

Облыс көлемінде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, арнайы оңалту орталықтары мен қажетті құрал-жабдықтар қарастырылған. Сонымен қатар бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөлініп отыр.

Атап айтқанда, арнайы протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық, тифлотехникалық жабдықтар мен қоларбалар, санаторийлік-курорттық емдеу орталықтары мен арнайы ымдау тілі мамандары қызмет көрсетеді.

Бүгінде порталда 21 ымдау тілі маманы, 19 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 146 оңалту техникалық құралдары және 57 санаторий-курорттық емдеу ұйымдары қызметі қарқынды жүргізілуде.

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 98 708 мүгедектігі бар азамат тіркелген. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдаймен 6 875 мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

«AMANAT» партиясының 2023-2024 жылғы «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасының 26 тармағын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар жандар қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында, әлеуметтік инфрақұрылымның облыс көлемінде 667 нысан анықталды. Бүгінгі таңда нысандар тізімі аудан, қала әкімдерінің мүгедектігі бар адамдардың ісі жөніндегі кеңесшілерінің келісімімен аудан, қала әкімдерімен бекітілді. Аталған нысандар арасында білім және денсаулық басқармасына қарасты 235 мемлекеттік нысан, 148 білім беру нысаны, 87 денсаулық сақтау нысаны бар.

Сонымен қатар қолжетімді орта құру мақсатында әкімдіктер жанынан 17 аудан, қалада осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарының жетекшілігімен жұмысшы топтар құрылды. Ал құрамына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен «Amanat» партиясының аудан, қалалық филиалдарының өкілдері де енгізілген.

Мүгедектігі бар адамдар мен қимыл-қозғалысы шектеулі топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, осы бағытта арнайы жұмысшы топ құрылып, өз деңгейінде қызмет көрсетіп келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *