ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ЕЛ ИГІЛГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев қосымша білім беру саласындағы түйткілге тоқталып, бұл — өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екенін және де балалардың  қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетінін атап көрсеткен еді. Иә, баланың жан-жақты жетілген тұлға ретінде дамуына мектеп бағдараламасындағы білімді игерумен қатар түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуы арқылы жетістікке жететіні белгілі.  Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде  Президент аталған қадам үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалардың санын 70 пайызға дейін арттырғанын, мұны стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім деп санайтынын жеткізген еді.

«Білімге салынған қаражат – мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Сондықтан бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз. Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруге тиіс. Оны сапалы әрі тиімді жасау қажет. Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуға тиіс», деген болатын Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Осы орайда, облыс орталығына айналған Түркістанда оң қадамдар аз емес. Халықтың әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыруда, ата-аналар мен балалардың сұраныстарын өтейтін жаңа орталықтар жаңа облыс орталығында күн санап көбейіп келеді. Балалар шығармашылығын жетілдіру бағытында ашылған орталықтар, су спорткешендері, спорт мектептері, шахмат клубтары солардың барлыңын кешенді қамтитын орталықтың бірі де бірігейәәі – Түркістандағы оқушылар сарайы.

Жаңа облыс орталығына айналған тұмар қала – Түркістан күннен күнге көркейіп, қарыштап дамуда. Бой көтеріп жатқан құрылыстар, ашылып жатқан аллеялар, жаңа нысандар әсем қаламыздың көркіне жаңа рең беріп, абаттандыруда. Солардың бірі де бірегейі – заманауи нақышта салынған, көпшілік талғамынан шығатын Түркістан қаласы «Оқушылар сарайы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Оқушылар сарайының  рухани шаһардың оқушылары мен жасөспірімдері үшін  қосымша білім беруде, олардың жан-жақты дарын қабілеттерін ұштауда жасап жатқан қызметі ауқымды.

Оқушылар сарайында жас жеткіншектеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда «Технопарк және «Sana» IT» орталығы, Өнер орталығы (киім моделін жобалау, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайтын үйірме, Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау, барлығы 6 Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында” бүгінде 1500-ге жуық оқушы қосымша білім алады. Олар түрлі үйірмелер мен авторлық жобаларға қатысады.

Оқушылардың арасында 86 «Алтын алқа» иегерінің, 210 «Күміс алқа» иегерінің, 68 толық емес отбасы, 5 ерекше бала, 67 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары тегін білім алады.

Оның айтуынша, “Оқушылар сарайы” негізгі үйірмелерден бөлек, республикалық деңгейдегі бірнеше авторлық жобаларды қолға алған. Соның бірі — “Jas Talant” республикалық онлайн-конкурсы. Бірнеше турдан тұратын конкурс нәтижесінде, жеңімпаздар мемлекеттік университеттерде тегін оқу мүмкіндік алған. Барлық кабинеттер  заманауи үлгімен жабдықталған.

«Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен ІІІ – Республикалық «JAS TALANT» онлайн байқауы өтті. Конкурс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ-мен меморандум аясында білім беру мекемелерінің бітіруші оқушылары мен бітіруші колледж студенттері арасында өтті. Осы орайда 80-ге жуық өтініш келіп, үздік деп танылған 20 қатысушыға оқу орындарының грантары мен түрлі жеңілдіктер берілді. Бұл байқау 2021-2022 жылдары да қолға алынды. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мамандығы жоқ әйелдер үшін «Ісмер ана» жобасы жұмыс істеп тұр. Жобаға қатысушылар «Оқушылар сарайының» тігін шеберханасында «Киім моделін жобалау» үйірмесінде тігін өнерін меңгере алады. Қазіргі таңға дейін 40-қа жуық ана білім алды. Бүгінде «Ісмер ана» жобасының жетінші тобы білім алуда. Жобаға қатысқан Ж.Жанболатова 1 млн. 200 мын, ал Г. Утепова мемлекеттен қолдау тауып, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде «Атамекен» ҚР Ұлттык кәсіпкерлер палатасының грантын ұтып алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр,-дейді Индира Сарқытқызы.

Сонымен қатар, Оқушылар сарайында «Unisat» — білім беру хабы, «Qumyra» — қыш өнері және «Kade» — жобасы қолға алынған. «Kade» — жобасы аясында өңірде жасалатын құмыра, қолөнерлер бұйымдарын, шапандар мен тақияларды және басқа да ұлттық нақыштағы заттарды сатылымға шығарып келеді. Одан бөлек, орталықта кішкентай балаларға арналған интеллектуалдық «Danyshpan Education» — дамыту ойындары бар.

Қосымша білім беру кәсіпорынында  өз саласының үздік, білікті мамандар:  25 магистр, 1 PhD.  «Театр үйірмесіне» қатысушы өрендерге  ҚР Мәдениет қайраткері, «АИ» театрының директоры Айгүл Иманбаева, Р.Сейтметов және «Алдараспан» сатира театрының актері Шәкен Амантұров, дәріс беріп, сахна өнеріне баулуда, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің аға оқытушысы, суретші Мұрат Шаханбаев балаларды көркем сурет өнеріне баулуда.

Біздің кәсіпорынға балаларын  бір ғана үйірмеге және  бірнеше үйірмеге қатар қатыстырып отырған ата-аналар да аз емес.  Әсіресе, математика, фортепиано, гитара, тіл, вокал, хореграфия,  сахна өнері үйірмелеріне  балалардың қызығушылығы зор.

Өз қызметін ұсынғанына  небәрі жарты жылдай ғана уақыт болса да, мұнда білім алып жүрген  балалардың жеткен жетістіктері  аз емес. Кәсіпорында  балалар үшін ең таңдаулы үйірмелер жұмыс жасап, тәжірибелі мамандар қызмет атқаруда. Талабы мен қызығушылығы жоғары болған оқушылар бірден бірнеше үйірмеге жазылып, өнер мен білімді ұштастыра алуда. Өзіндік ерекше қабілеттерді ашып, өз ортасында алға қадам басып келеді.

«Өнер орталығы» үйірме оқушылары Алматы қаласы «Nur Nauryz Fest» III Халықаралық рухани жаңғыру фестиваль-конкурсына қатысты.Сондай-ақ, Нұр- Сұлтан қаласы ХІV Халықаралық «ALASH STAR» байқауына қатысып өнер көрсетті.

Жалғасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *