ЕЛДЕГІ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ӨРІСІ – 2

Астана қаласында ғылымның жалпы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындарына қосқан үлесі 11,8 пайызға өсіп, елдегі отандық ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындарының 18,9 пайызын құрады.Жыл сайын ұлғайып келе жатқан ғылыми зерттеулер көлемі бойынша Маңғыстау облысы 3-орында тұр. Осы саладағы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың 96 пайызы ұйымдардың жеке қаражаты есебінен, ал мемлекеттік қаражаттың 4 пайызы бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға жұмсалғанын атап өткен жөн. Облыстың ғылыми ұйымдарының мемлекеттік қаржыландырудан тәуелсіз болуы ондағы қызметкерлердің айлық жалақысын 687 мың теңгеге дейін көтеруге мүмкіндік берді, бұл – республикалық орташа жалақы деңгейінен үш есе жоғары.

2022 жылы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығындар бойынша жалпы республикалық көлемнің 7,3 пайызын құраған төртінші аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл өңірде инженерлік әзірлемелер мен технологиялар бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру есебінен ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындар 22 есе өсті. Бұл өңірлердегі ғылым қалдық қағидатынан қаржыландырылады деп есептейтін скептиктер үшін жақсы мысал.Бесінші орында 4,8 пайызбен Шығыс Қазақстан облысы тұр. Дәл осы бес аймақ ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындарының шамамен 80 пайызын құрайды. Қалған 15 өңірге шығындардың 20 пайызы тиесілі. Демек, көптеген аймақтың ғылым, өндіріс және экономикалық даму жағынан бір-бірімен мүлдем байланысы болмады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер дамыған елдерде экономикалық өсуді анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып саналады. Қазақстан бүгінде соған ұмтылып отыр.

Соңғы екі жылда елімізде  ғылыми зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өсіп, саланы жандандыру үшін бірқатар жақсы реформалар енгізілді. Мәселен, 2022 жылы бюджеттен 59 миллиард теңге, 2023 жылы 168 миллиард теңге бөлінсе, 2024 жылы 240 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Әсіресе ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының өсуі болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде «Жас ғалым» атты жас зерттеушілерге арналған жеке  конкурстың  енгізілуі де жақсы бастама.

Министр Саясат Нұрбектің  айтуынша, жалпы ғылымды қаржыландыру жүйесі түбегейлі өзгерген. Министр өзгеріске негіз болған төрт факторды былай жіктейді:

Біріншіден, ғылымды қаржыландыру көлемі 70 пайызға өсті;

Екіншіден, конкурстар бұрын үш жылда бір рет жарияланса, енді жыл сайын өткізілетін болды;

Үшіншіден, біз гранттардың жаңа түрлерін енгіздік – жас ғалымдарға, коллаборацияға, қысқа мерзімді және жеке гранттар;

Төртіншіден, нысаналы қаржыландыру тек қана нақты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге бөлінетін болды.

«Қаржыландыру ЖІӨ пайызымен есептеледі. 1991 жылы 0,84 пайыз, 2021 жылы 0,12 пайыз, 2022 жылы 0,13 пайыз болған еді. Биыл ғана 0,25 пайызға көтердік. Барлық күш-жігерді жинап, 2027-2028 жылдарға дейін 1 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан ақша ғылымға бағытталады. Үкіметтен жүйелі қолдау бар. Біз мұның басымдық екенін түсінеміз», — деді министр.

Түйіндей келгенде бүгінде елімізде ғылым саласынаМемлекет басышынан бастап ас зо көңіл бөлініп отыр. Өз кезегінде өңірлерде де ғылымды, ғылыми әлеуетті көтеру басты назарда.  Осы ретте Түркістан облысында айтарлықтай әлгерілеу бар. Түркістандағы өңірлік ғылымның орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де, Халықаралық Туризм және меймандостық университеттерінде ғылымды, ғылыми зерттеулерді  дамыту жүйелі түрде жолға қойылған.

ХҚТУ ғалымдарның ғылыми зерттеу жұмыстары сәтті жүріп, қазіргі таңда нәтижесін беріп жатыр. Бүгінгі таңда университетте  34 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша, ақпарат ұсынатын болсақ, 2021 жылы мақұлданған жобалар саны – 9 болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш – 18-ді құрады. Ал қаржыландыру сомасы 2021  жылы – 394 млн теңге болса, 2023 жылы – 1 млрд 638 млн теңгеге жетті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнатты – бұл  «Кентау трансформатар зауыты» АҚ,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы, сонымен қатар білім беру және тәжірибелік база мақсатында «Халық банк» АҚ, Түркістан облысы филиалы, «Риксос» РМҚК (қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі) меморондум түзіліп, дуальды білім беру жүйесі іске қосылған. Университеттегі IT және электр энергетикасы бағыттары бойынша: Кентау қаласында зертханалық базаны одан әрі дамыту, тиісті жабдықтарды, компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, электр энергетикасы, телемеханика, автоматика, радиотехника, жалпы физика, гидротехника жөніндегі зертханаларды сатып алу. Кентау қаласында индустриялық- инновациялық аймақ базасында IT кластер құру  университеттің стратегиялық жоспарында тұрған басфым бағыттардың бірі.

Университетте «ҚР Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да бекітілген ҒЗЖ-ның 12 бастамашыл бағыты бар, олар университеттің Үкіметаралық Өкілетті кеңесімен қаржыландырылады. Оқу процесіне және өндіріске 158 ҒЗЖ енгізілді.

2020-2022 жылдары 163 ғылыми-зерттеу жобасы орындалды және осы кезеңде ҒЗТКЖ қаржыландыру 1 760,9 млн. теңгені құрады. Бүгінгі таңда университетте  34 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша, ақпарат ұсынатын болсақ, 2021 жылы мақұлданған жобалар саны – 9 болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш – 18-ді құрады. Ал қаржыландыру сомасы 2021  жылы – 394 млн теңге болса, 2023 жылы – 1 млрд 638 млн теңгеге жетті.

—        2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми– техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша — 2,

—        12 ай іске асыру мерзімімен 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша — 6,

—        27 ай іске асыру мерзімімен 2021-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша – 2,

—        2022-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша -1,

—        2022-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық жобалардың гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша – 6.

—        ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға арналған конкурс бойынша -1;

—        Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институты қаржыландыратын «Multi-Vector Ocean Corridors-policy Proposals for Development of the Northern Corridor» халықаралық жобасы бойынша -1 жоба жүзеге асырылуда. Коммерцияландыру бойынша ғылыми гранттар университет ғылымын дамытудың жаңа бағыты болып табылады. Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ-нан жалпы сомасы 745,5 млн.теңгеге 4 ірі грант ұтып алынды. Бүгінгі таңда 402 млн.теңге сомасына 2 жоба табысты іске асырылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *