ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Соңғы жылдары жас ғалымдарды қолдауға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді.Әсіресе, жас ғалымдарды ғылымға тарту және оларды рухани және материалдық тұрғыдан ынталандыру жұмыстарының жүргізілуі — талай жастардың ғылым жолына түсуіне себеп болуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайын жас ғалымдармен кездесіп, үздіктерге пәтер сертификатын ұсынуы да осы мемлекеттік қамқорлықтың бір көрінісі. Мұндай қамқорлықтың барын білген, сезінген жастардың ғылымға бет бұрып, жаңашылдық жасауға барынша тырысатыны анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым – қозғаушы күші. Ғылымды дамыту үшін ғалымдарға жағдай жасалуы қажет. Әсіресе жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті» екенін атап өтті. Жас ғалымдарға қолдаудың көлемі  жылдан жылға ұлғайып келеді.

Мысалы, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеулерін қаржыландыру мақсатында «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс» 2020 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында 2022 жылы 35 жасқа дейінгі талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік степендия берілген болатын. Екі гранттық конкурс нәтижесінде жалпы 315 жобада 1,5 мыңнан астам жас ғалым мен зерттеушілер өзінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Тек қана степендиямен шектеліп қалмай, «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдарды жоғары оқу орындары мен ұйымдарға кеңінен тарту мақсатында подстдокторанттар үшін 1000 грантқа қаржы бөлінген. Осыдан-ақ жас ғалымдарды қолдау қандай деңгейде іске асырылып жатқанын көре аламыз.

Конкурстық құжаттаманың талабына сәйкес Ғылым және жоғары білім министрлі қаржыландыратын әрбір жобада жас ғалымдар мен зерттеушілердің үлесі кемінде 40% болды.Сонымен қатар, «Жас ғалым» жобасы аясында оларды ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарына кеңінен тарту мақсатында постдокторанттар үшін мың грантқа қаражат бөлінді. 35 жасқа дейінгі талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия беріліп, жаратылыстану ғылымы саласындағы үздiк жұмыс үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы және гуманитарлық ғылым саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы сыйлық тағайындалады.Осы ретте, айта кетерлігі, ғылыми дәреже беру ережесіне жаңадан өзгерістер енгізілді. Қабылданған нормативтік өзгерістер диссертацияларды жария және ашық форматта қорғауға мүмкіндік береді.«Жас зерттеушінің жауапкершілігін арттыруға және мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар нормативті түрде бекітілді. Диссертацияны қорғауға қабылдар алдында докторант оны орындау және жазу процесінде зерттеу этикасының бұзылмағанын дәлелдеуі қажет. Ал жоғары оқу ұйымдары диссертациялық кеңестерді ашу кезінде мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйесінің болуын растауға міндетті», — дейді Ғылым және жоғары білім министрлі баспасөз қызметі.

«ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 1 МЫҢ ГРАНТ БӨЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғылымды ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблеманы шешуге тарту үшін ғылыми және сарапшылық қоғамдастықпен бірге ғылымды дамытудың 2020-2026 жылдарға арналған бағдарламалық құжаты әзірленді. Үкіметтің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасына «Ғылым» блогы енді. «Ғылым» блогында келесі төрт бағыт бар.

Біріншіден – ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту және ғылыми қызметкерлер санын 1,5 есеге ұлғайту. Бұл міндетке ғалымдардың жалақысын ұлғайту, постдокторантураға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша 1 мың грант бөлу, жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберу және басқа да шаралар есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.

Екіншіден – ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы бағытта жабдықтарды жаңғырту және барлық мемлекеттік ғылыми зерттеу институттары қызметінің аудиті, екі ұлттық университетті зерттеу университеттеріне трансформациялау жоспарланған.

Үшіншіден – ғылыми зерттеу жұмыстарын жеке қаржыландыру үлесін ұлғайтуға, бизнес пен өндіріс тарапынан қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса қаржыландыруды кеңейтуге, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдауға бағытталған.

Төртіншіден – бағыт аясында ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру жоспарланып отыр.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру ғалымдар мен зерттеушілердің санын 22 мыңнан 34 мың адамға дейін арттыруға, ғылыми зерттеу институттарының сапасын жақсартуға, ғылыми институттар жабдықтарын жаңартуға, индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда қазақстандық ғалымдардың жарияланымдары санын 2500-ге, сондай-ақ Ѕсімадо рейтингінде қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу ұйымдарын арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *