КӨЛЕМІ 80 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР БЕРІЛЕДІ

Гранттық қаржыландыру арқылы ғалымдардың идеяларын қолдау, зерттеу жұмыстарын ынталандыру, ғылыми әлеуетті арттыруға маңыз беріліп отыр.

2020 жылы алғаш рет гранттардың жаңа түрлері енгізілді. Бұл санатқа: коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке және басқаларға, бұл көптеген перспективалы ғылыми идеяларға мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Талап бойынша шығыны (5 млн теңгеге дейін) және жеке (бір ғалым үшін бюджет 5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін) жобаға жіберілді, оның нәтижесі рецензияланатын басылымда бір ғылыми мақала жариялануы тиіс. Зерттеу жүргізіп, осы мақаланы жариялағаннан кейін ғалым зерттеу тобының ғылыми басшылығына үміткер бола алады және келесі жылы үлкен қаржыландыру көлемімен грант ала алады. Көлемі 80 млн теңгеге (2020-2022), 54 млн теңгеге (2021-2023) дейінгі жас ғалымдарға арналған гранттар жас зерттеушілердің жаңа дағдылар мен құзыреттер алуына, топ құрамында басшылық ету және жұмыс істеу тәжірибесіне, олардың жарияланымдық белсенділігін арттыруға және тұтастай алғанда шығармашылық әлеуетін өсіруге бағытталған.

2021 жылдан бастап Ғылым комитетінің 21 ғылыми ұйымы конкурстан тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 27 стратегиялық маңызы бар ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруда. Сонымен қатар жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына қазақстандық 500 ғалымды тағылымдамаға жіберу, академиялық жазылымға, ағылшын тіліне, цифрлық дағдыларға, ғылыми өтінімдерді әзірлеуге және басқа да қажетті құзыреттер мен дағдыларға оқыту, ғылыми ұйымдарға шетелдерде жұмыс істейтін қазақстандықтарды тарту, заманауи ғылым менеджерлерін даярлау бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр.

 

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО студенттерінің стипендиялары 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 15%-ға көтеріледі. Президеттің ғылым саласындағы нақты реформалары мен жас ғалымдарды қолдауы ел экономикасындағы ғылыми үлестің арттуына, ғылымды қажетсінетін өндірістердің кеңеюіне, Қазақстанның инновациялық экономикасын құруына оң әсерін тигізеді.

Жас ғалымдарды қолдау өңірлік университеттерде өз жалғасын табуда. Солардың бірі де бірегейі – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекет басшысының тапсырмасы тиянақты жүзеге  асуда.

2021-2023 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша -8 жобаға жалпы құны – 312,8 млн теңге қаражаттты игерді. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар алдағы конкурстарға факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша жоспарланды.

«Жастар – біздің болашағымыз. Ақпараттық технологиялар қарыштаған ХХІ ғасырда жас маманның алған білімін ғылыммен ұштастырылуы да күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан жас ғалымдарды жаңа бағыттарға баулу да назардан тыс қалмаған. Осы мақсатта 2022 жылғы ақпанда университетіміз бен Young Researchers Alliance кеңесімен Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

2022-2024 жж. арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жүйесіне тоқталар болсақ:Гурсой М. «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу»; -49 074 084,31 т.;Раманкулов Ш.  «Инженерлік-техникалық салаларда steam білім беру негізінде студенттерді ағылшын тіліне дайындау үрдісін дамыту» құны–  30 630 464,84 т. жобасын ұтып алып, ұазіргі таңда жоба жалғасуда. Жас ғылымдарымыз соңғы жылдары көптеген ғылыми жобалар конкурсына қатысып, нәтижелі зерттеулерге қол жеткізуде. Атап айтқанда: жас ғалым И.Айымбетова Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің  құны 51 000 000 т. «Smart-шыны өндірісі үшін өнеркәсіп қалдықтарынан алынған ванадий оксидтері негізінде термохромды энергия тиімді толтырғыштардың құрамын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы гранттық жобасын ұтып алып, зерттеу жүргізіп 2023 жылы толық игеріп шықты. Жас ғалым Б.Сыздықов «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жобасына -145 800 000 т., Музафар  Гурсой «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбындағы зерттуіне 2021 жылы 49 074 084,31 т.  көлемінде гранттық қаржы ұтып алып, 2023 жылдың қараша айында Ғылым комитетіне зерттеудің есебін тапсырды. Жас ғалыым А.Балтабева «Ұлы Жібек жолы сопылық тарикаттар мұрасының қазақ қоғамы мәдени кеңістігіне интеграциясы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына — 64 258 057 т. гранттық қаржыны игеріп, зерттеу нәтижелерін ұсынды», дейді университеттің ғылым жөнінде  вице-ректоры А.Ошибаева.

Жаратылыстану ғылымы бағытына келер болсақ, жас ғалым Б.Сейітов «Ядролық өнеркәсіпте қолданылатын цирконий қорытпасын гидрленуден және жоғары температуралы тотығудан қорғауға арналған композициялық металл-керамикалық жабын жасау» (құны-74 128 392),жас ғалым Е.Досымов «Индустрия 4.0» жағдайында STEM білім беру негізінде студенттердің шығармашылығын дамыту» тақырыбында (құны — 46 302 299) орындап шықты.Зерттеуші Ә.Құрбаниязов «Каспий теңізінің қазақстан секторындағы жағалау аймақындағы судың гидрофизикалық режимі, экологиялық жағдайы және сапасы» (құны -75 000 000 т.), жас ғалым З. Илиясова «Орталық Азияның тарихи географиясы» (құны -69 000 000 т.), жас ғалым Қ.Базарбаев «Түркі тілдес мемлекеттердің тарихи-мәдени ықпалдастығын қалыптастырудың саяси, құқықтық тәжірибесі және даму бағыттары» тақырыбындағы ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша конкурс жеңімпазы атанып, құны -61 047 010 гранттық қаржыны игерді. Жас ғалым Ш.Раманкулов «Инженерлік-техникалық салаларда steam білім беру негізінде студенттерді ағылшын тіліне дайындау үрдісін дамыту» тақырыбында 30 630 464,84 т.         — гранттық қаржыны 3 жылда игеріп шықты. Сонымен қатар,  жас ғалым Нұрдана Салыбекова 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау эксклюзивті түрлері мен сұрыптарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы (құны -77 418 983,16 т.)     гранттық жобасы орындалуда.  Жобаның негізгі мақсаты қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекция үшін бастапқы материалдар коллекциясын жасау, оларды жедел көбейтудің тиімді әдістері, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы ашық және жабық топырақ жағдайында өсірудің бәсекеге қабілетті, ғылыми негізделген инновациялық технологиясын бейімдеу және іс жүзінде енгізу арқылы Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту болып табылады.н жалғастырып келеді. Осы коммерцияландыру гранты негізінде Экология ҒЗИ қызметкері, тех.ғ.д., профессор Г.Саинова «Қызыл калифорниялық құрттардың дәрумендірілген биомасса және гранула түріндегі ақуызды азықтық вермиқоспаларын өндіру», Жаратылыстану факультеті биология кафедрасының доцент м.а., PhD Н.Салыбекова  «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бағының базасында Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайында отырғызуға арналған сәндік дақылдардың бейімделгіш және стреске төзімді көгалдандыру материалдарын жеделдете өсіру» тақырыбындағы ғылыми жобаларын ойдағыдай сәтті аяқтады.

«Біз қазіргі заманғы технологияны меңгерген жас ғалымдарға зор үміт артамыз. Жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасап жатырмыз. Биыл Ұлттық ғылым академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Бұл кеңес талапты жастардың басын қосып, ғылым жолына жұмылдырады деп сенемін. Шәкәрім «Жас көңілде жарық бар» деп айтқан. Жастарымыз жасампаз және жаңашыл болуы керек Жас ғалымдарымыз туған еліне пайдасы тиетін жұмыспен айналысқаны жөн. Ұрпақтың білімді, отаншыл, мемлекетшіл болуы маңызды. Жастарымыз Адал азамат болуы керек. Еліне, өз ісіне адал азаматтар ғана Қазақстанды көркейте алады», деді , Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесу барысында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *